Әрбір адам өзінің қоғамдық-саяси өмірінде басқа да көптеген индивидтермен өзара қарым-қатынасқа түседі. Әлеуметтік саяси байланыстар мен өзара іс-әрекеттер кеңістігінде адамдардың іс-әрекеттері, олардың бір-бірімен қатынастары шешуші дәрежеде қоғамдық-саяси өмірде, қоғамда олардың қандай орын алатындығы жағдайымен анықталады. Бізге Парламент мәжілісіңде сез сөйлеп тұрған еліміздің премьер-министрін елестету оңай, бірақ Алматының Спорт сарайының алдында қайыр сұрап тұрған ірі қаржыгерді немесе кәсіпкерді елестету қиын. Белгілі бір құқықтар мен міндеттермен байланысқан қоғамдық-саяси өмірдегі, қоғамдағы қалыптасқан адамның жағдайын әлеуметтік мәртебе деп атайды. «Мәртебе» (статус) термині Ежелгі Римде заңды тұлғаның құқықтық ережесін білдірген.
Екі мың жыл еткеннен кейін, ХІХ ғасырдың аяғында, ағылшын тарихшысы Г. Д. С. Мейн оны қоғамның әлеуметтік құрылымында тұлғаның орнының әлеуметтік позициясын білдіретін саяси-философиялық және әлеуметтанулық ұғым ретінде қолдана бастады. Әлеуметтік мәртебе теориясының дамуына белгілі әлеуметтік-саяси ғылымның өкілдері Р. Линтон, Р. Мертон, Р. Тернер, Т. Парсонс және басқалар үлесін қосты. Қазіргі пікірлерге сәйкес әлеуметтік мәртебе — бұл кәсібіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, саяси мүмкіндіктеріне, жынысына, шығу тегіне, отбасы жағдайына сәйкес, қоғамдағы, қоғамдық-саяси өмірдегі топтың немесе тұлғаның арақатынас жағдайы (позициясы). Әлеуметтік мәртебе ұғымы коғамдық-саяси өмірдегі, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы, қоғамдық іс-әрекеттер жүйесіндегі тұлғаның орнын, әртүрлі қоғам өміріндегі олардың қызметтерін және қоғам тарапынан тұлға қызметінің бағасын сипаттайды. Содан кейін, әртүрлі сапалық және сандық көрсеткіштерге — лауазым, бедел, мәртебе (абырой), артықшылық, кіріс деңгейі, жалақы, ақшалай сыйлық, марапаттау, атақ, даңқ және басқа да жағдайларда көрінуі мұмкін.
Американ антропологы Ральф Линтон «әлеуметтік мәртебе» ұғымының «екі жақты мәні бар» деп түсіндіруге тырысты. Оның айтуы бойынша, әрбір адам әлеуметтік-саяси иерархияда алатын орнына сәйкес, белгілі әлеуметтік мәртебеге ие, мысалы, штат губернаторы, шериф, полиция қызметкері және т.б. Сонымен қатар, бір мезгілде әрбір жеке тұлға бір өзі бірнеше мәртебені бірге алып жүреді, бір уақытта губернатор, қандай да партия мүшесі, отбасы, әке, бейсбол ойыншысы және т.б. Бұл мәртебелер кейде бір-біріне қарама-қарсы келеді. Мұндай жағдайда, жеке тұлға әлеуметтік мәртебелердің біреуінің қажеттілігін орындай отырып, екіншісінің талаптарын жоққа шығаруына тура келеді. Жеке тұлға әдетте езінің нақты жүріс-тұрысында өзінің әлеуметтік мәртебесін сақтап қалуға және оны кетеруге тырысады. Адам өзінің әлеуметтік мәртебесінің талаптарына сәйкес болу үшін,коп нәрседен өзін аулақ ұстау керек. Оған әртүрлі жағдайларда өзінің тілектерінен қалыс қалуға, басқалардың алдында беделді болу үшін, этика ережелерін, мораль және құқық талаптарын т.б. сақтауы қажет.
Жеке тұлғаның көп қырлылығы оның бір өзінде емес, оның бірнеше мәртебесінде болып отыр. Мысалы, доцент Н-ді сипаттаймыз. Әлеуметтанушы — оның мамандығы, әлеуметтану кафедрасының доценті — оның лауазымдық мәртебесі, 33 жаста — оның жас ерекшелігінің сипаттамасы, еркек — оның жыныстық айырмашылық белгісі, кіріс кәлемі бойынша орта — қоғамдағы жоғары оқу орны оқытушысының экономикалық ерекшелігі, ой еңбегінің қызметкері (зиялы) — стратификациялык сипаттама. «Нұр Отан» партиясының мүшесі — саяси бағыты. Бұл сипаттаманың барлығы бір адамның әртүрлі қырынан ұстанатын бағытын көрсетеді. Бірақ олардың әрқайсысы басқа адамдардың ұстанған бағыттарымен қарым-қатынасқа түскен кезде ғана әлеуметтік мәнге ие болады: доцент позициясы — студенттердің немесе кафедра меңгерушісінің (деканның) ұстанымымен, зиялының ұстанымы — жұмысшының, полиция қызметкерінің немесе кәсіпкердің көзқарасымен, ер адамның көзқарастары әйелдің көзқарастарымен: әйелінің, қарындасының, әріптесінің, көршісінің және т.б. ұстанымымен арақатынаста болғанда, әлеуметтік мәнге ие болады.
Әртүрлі елдерде әртүрлі мәдениет жүйесінде және олардың дамуының әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі әлеуметтік мәртебелердің маңыздылығы немесе маңызының аздығына байланысты, олардың өлшемдері әртүрлі болып келеді. Айталық, Италия немесе Польша дін қызметшісінің әлеуметтік мәртебесі коғамда шахмат гроссмейстерінің мәртебесінен жоғары бағаланады. Бұрынғы Кеңес Одағының тұсында сонымен бірге, Қазақстанда бұл мәртебелердің бағасы қарама-карсы болды. Бүгінде Қазақстанда сонымен қатар, ТМД-ның басқа да елдерінде, коғамдық пікірдің бағалауы бойынша, шахматшының мәртебесі төмендеп, ал, дін қызметшісінің немесе молданың мәртебесі анағұрлым өсті. Әрбір адамды бір емес, бірнеше мәртебелік белгілер сипаттайтынына байланысты, американ әлеуметтанушысы Роберт Мертон ғылымға жеке тұлғаның мәртебелерінің барлығының жиынтығын білдіру үшін қолданылатын «мәртебелік жиынтық» ұғымын енгізді.
Сонымен, мәртебелік жиынтық жеке тұлғаның басқа да тұлғалармен өзінің көптеген әртүрлі құқыктары мен міндеттерін орындау мақсатындағы іс-әрекеттерін сипаттайтын бірнеше барлық мәртебелер жиынтығы болып табылады. Бұл жиынтықта көбінесе жеке тұлғаға барынша тән ең негізгі немесе басты мәртебе болып көрсетіледі. Нақ осы мәртебе бойынша, оны басқадан ажыратуға немесе онымен салыстыруға болады. Кейбір мәртебелер өте айқын болады да, ондай мәртебелер жеке тұлғаның жиынтығы, тұтас алғанда қандай екеніне карамастан, жеке тұлға үшін басты мәнге ие болады. Бұл жерде, Александр Македонскийдің атын атасақта жеткілікті, оның ұлы тұлға ретінде, дүниежүзі тарихындағы орнын біле отырып, біз оны қолбасшы деп айта аламыз. Сондай-ақ, Петр Чайковскийді ұлы композитор деп қатесіз айта аламыз немесе Мұхтар Әуезовты ұлы жазушы қатарына жатқыза отырып, еске аламыз.
Келтірілген мысалдардан көрінгеніндей, адам өмірінің іс-әрекетіндегі басты мәртебе жеке тұлғаның бағыты мен мақсаттарын, оның қызметтерінің сипаты мен мазмұнын, өмір сүру кейпі мен стилін, жүріс-тұрыс мәнерін, таныстарының ортасын және т.с.с. анықтайтын статус болып табылады. Қоғамтануда мәртебені екіге бөліп қарастырады — жеке және әлеуметтік. Әдетте әлеуметтік мәртебе екі мағынада қолданылады — тар және кең мағынасында. Бұл термин кең мағынасында қолданылғанда, бұған дейін айтылғандай, адамның қоғамдық-саяси әмірде, қоғамның әлеуметтік кұрылымында алатын нақты орнының жағдайы сөз болады. Бірақ, жеке тұлғаның накты әлеуметтік мәртебесіне сәйкес келмейтін коғамдык пікірлерде, сенімдерде кабылданған өзіне тән ерекше адамның әлеуметтік мәртебелері бар. Мұндай жағдайда, қалыптасқан түсінік, жалған пікірлер, өсек-аяң және т.с.с. жеке тұлғаның қандай да бір жеке сапасы болып саналмайды, кандай да бір әлеуметтік топтың өкілдері оны «барлық кәсіпкерлер — «бұзақылар», «барлық кұрылысшылар — алкаштар» деп қалыптасқан шаблон бойынша бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі