Мен – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін, және осы білім ордасында оқып жатқанымды мақтан тұтамын. ҚазҰУ – еліміздегі ең беделді және терең тарихы бар жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университеттің атауы ғана емес, оның мәдениеті, құндылықтары, берер білімінің сапасы мен мүмкіндіктері маған зор ықпал етіп, өзімді жан-жақты дамытудың ерекше ортасын қалыптастырады. Мен философия және саясаттану факультетінде "Жалпы және қолданбалы психология" кафедрасында білім алып жатқанымды мақтан тұтамын. Бұл кафедра–психология ғылымының іргелі және қолданбалы қырларын терең зерттеуге арналған бірегей орталық. Мұнда біз психологияның теориялық негіздерін ғана емес, оны өмірде қалай қолдануға болатынын да үйренеміз.
Кафедра студенттерге қоғамдағы түрлі әлеуметтік және саяси мәселелерді психологиялық тұрғыдан түсінуге бағытталған білім береді. Біз адамның мінез-құлқының, эмоцияларының және ойлау жүйесінің ерекшеліктерін ғана емес, олардың нақты өмірдегі қолданысын да зерттейміз. Бұл білім қазіргі заманғы өмірдің күрделі мәселелерін шешуге септігін тигізеді, сондықтан болашақта жақсы маман болу үшін қажетті дағдыларды меңгеріп жатқаныма сенімдімін.
Оқытушылар құрамы – жоғары дәрежелі мамандар, олар бізді жеке және кәсіби даму жолында қолдап, бағыт беріп отырады. Университетіміздің осындай білікті ұстаздарынан білім алып, өзімді психология саласында дамытып жатқаныма қуаныштымын.
Жастардың отбасын құруға дайындығы туралы сөз қозғамас бұрын, ең әуелі отбасы деген ұғымға тоқталсам. Отбасы – әрбір адамның өмірінде маңызды орын алатын әлеуметтік институт. Жастар үшін отбасын құру олардың жеке тұлғалық және психологиялық дамуының жаңа кезеңін білдіреді. Бұл қадамға дайындық адамның өзін-өзі тануы, эмоционалдық тұрақтылығы және жауапкершілік деңгейіне тікелей байланысты. Осы мақалада жастардың отбасын құруға психологиялық дайындығының негізгі аспектілері мен ерекшеліктерін қарастырамыз.
Отбасын құруға психологиялық дайындық – жеке тұлғаның өзінді көмірлік ұстанымдарын, отбасылық құндылықтарын, эмоционалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін дұрыс түсінуін қамтамасыз ететін кешенді процесс. Психологиялық тұрғыдан дайын адам өзін-өзі басқара біледі, эмоционалдық тұрақтылығын сақтай алады және серіктесіне қолдау көрсетеа лады.
1. Өзін-өзі тану – жеке тұлғаның өз сезімдері мен эмоцияларын тану және түсіну қабілеті. Бұл – қарым-қатынастағы ашықтық пен түсіністіктің негізі.
2. Жауапкершілік сезімі – отбасын құруда үлкен рөл атқарады, себебі ол серіктес пен балалар алдындағы міндеттерді орындауға ықпал етеді.
3. Эмоционалдық тұрақтылық – адамның күйзеліс жағдайларын басқару қабілеті, бұл отбасылық жанжалдарды алдын алуға мүмкіндік береді.
Жастардың отбасын құруға психологиялық дайындығына әсер ететін факторлар:
Жастардың отбасын құруға психологиялық дайындығына бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Олардың ішінде:
• Әлеуметтік орта: Отбасылық тәрбие, ата-аналар үлгісі, достар мен жақындардың ықпалы жастардың отбасылық өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.
• Өзіндік құндылықтар:Әрбір жас адамның өз құндылықтары, өмірлік мақсаттары мен мүдделері болады. Осы құндылықтарды дұрыс түсініп, бағалай білу болашақ серіктес таңдауда шешуші рөл атқарады.
• Қарым-қатынас орнату қабілеті: Адамның басқа адамдар мен тіл табысуы, түсіністікке қол жеткізуі және пікір айырмашылықтарын шешуі отбасылық өмірдегі үйлесімділікті қамтамасыз етеді. Эмпатия, тілектестік, кешірімділік сияқты қасиеттер қарым-қатынасты нығайтады.
Жастардың отбасын құруға дайындық деңгейін арттыруүшін арнайы бағдарламалар мен тренингтер қолдану тиімді болып табылады. Бұл тренингтер өзара қарым-қатынас, өзін-өзі тану, эмоцияларды басқару және жанжалдарды шешу дағдыларын дамытуға бағытталады. Мысалы:
• Отбасылық қарым-қатынастар курстары: Бұл курстар отбасылық өмірдің әртүрлі аспектілерін талқылауға және болашақ жұбайлар арасында келісім орнатуға үйретеді.
• Эмоционалдық интеллект дамыту тренингтері: Адамның өзін-өзі бақылау, күйзеліс жағдайларын жеңу және басқа адамның сезімдерін түсіну қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
• Өзін-өзі тану және мотивацияны арттыру бағдарламалары: Жастардың өз мақсаттарын анықтауына, өз-өзіне сенімділік пен өмірлік құндылықтарын айқындауына көмектеседі.
Қорытындылайтын болсам, жастардың отбасын құруға психологиялық дайындығы – жауапкершілік, эмоцияларды басқару және қарым-қатынас дағдыларын қамтитын маңызды кезең. Психологиялық дайын адам отбасында үйлесімді атмосфера қалыптастыра алады, қиындықтарды бірлесешешіп, серіктесі мен өз ара түсіністікке жетеді. Сондықтан жастардың отбасын құруға дайындығын арттыру қоғам ның негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс. Бұл үшін жастарға отбасылық өмірдің мәнін түсіндіретін, оларды психологиялық қолдайтын арнайы бағдарламалар ұйымдастыру маңызды.
Қанатова Динара
4 курс студенті
Оқытушы: Болтаева А.М
Психология ғылымдарының кандидаты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі