Туған күніңіз құтты болсын!
Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған кәсіпорын ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.
Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай,
әлі де талай асулардан аса беріңіз!
*** *** *** ***
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Күн санап көркейіп, ғаламдық өркениетке құлаш ұрған Елордамыз – Нұр-Сұлтанның қазіргі заманғы талабына кәсіптік деңгейіңіз де, мамандық шеберлігіңіз де сай болғандықтан, ірі мекемені абыроймен басқарып келесіз.
Тынымсыз еңбек етіп, нақты істер атқарып жүрген өзіңіздей білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін дей отырып, осы айтулы сәтте Сізге ақ көңілден ақтарылған ізгі ниетімізді жолдаймыз. Таусылмас төзім мен сарқылмас сезімді серік етіп, мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыз ортасында баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.
*** *** *** ***
Сіз көп жылдан бері ..................... саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтанның ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге құттықтау мен тілектер
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бекзат
Туған күндерің құтты болсын