Жастарға тілейтінім: Зор денсаулық, ашық аспан, мөлдір махаббат!
*** *** *** ***
Шанырақтарың биік болсын, керегелерің кең болсын, босағаларың берік болсын.
*** *** *** ***
Көңіл болса — ән де болады.
*** *** *** ***
Екі бастарын — үш болсын. Үш бастарын — төртеу болсын.
*** *** *** ***
Ата-аналарың сыйлап, екі жаққа бірдей қараңдар.
*** *** *** ***
Ал баршаларыңыза тілейтімін: әр отбасыңа, шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
*** *** *** ***
Тілектеріміз періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын.
*** *** *** ***
Шын жүректен бақыт пен табыс тілейміз!
*** *** *** ***
Ұл-қыздарыңыздың қызық-қуанышына бөленіп, әлі де талай асулардан аса беріңіз демекпіз. Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймаңыз.
*** *** *** ***
Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілейміз!
*** *** *** ***
Осынау айтулы күні Сізге деген зор құрметімді білдіремін. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!
*** *** *** ***
Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілеймін!
Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін!
Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін!
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
*** *** *** ***
Осынау күні қаумалаған дос-жаран ағынан жарылып, ақ тілегін жаудырсын!
Сол тілектер орындалар күнді көрер жасқа жетуді жазсын!
Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адаммен дәмдес болуды бұйырған жандардың шынайы ықыласын уақыт шыңдай түсіп, жасыңа жас қосылған сайын айналаңа тілектес, ниеттес адамдар көбейе түссін!
Денің сау болып, баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілеймін Өзіңе!
*** *** *** ***
Бұл өмірге адамдар жылап келіп жатады,
Жылайтұғын себебі адамдар бар қинайтын.
Бұл өмірден адамдар жылап кетіп жатады,
Жылайтұғын себебі адамдар бар қимайтын!
– деп Қадыр Мырза-Әлі ақынымыз айтқандай өзіңе тілегім, қинайтын дұшпаның аз болып, қимайтын достарың көбейсін! Айналаң қаумалаған қалың ел болып, абыройың асқақтасын!
*** *** *** ***
Өткенге өкінбе, болашақты болжама, осы шақты бағала.
*** *** *** ***
Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін.
*** *** *** ***
Өмір атты теңізде Бақыт атты кемемен жүзіп өтуіңе тілектеспін!
*** *** *** ***
Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол! Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол! Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!
*** *** *** ***
Әрбір атқан таңың ажарлы, тірлігің базарлы болсын!
*** *** *** ***
Әрдайым Алланың назарында, бақыттың базарында жүр.
*** *** *** ***
Бүркіттің жүрегін, нағыз достың ниетін тілеймін.
Мәңгі бақи ажырамас шын ғашықтың білегін тілеймін.
*** *** *** ***
Қуаныш пен шаттық, махаббат пен әсемдік, жеміс пен жеңіс тілеймін.
*** *** *** ***
Еңбек жолыңа шалқар шабыт, тартулы табыстар тілеймін.
*** *** *** ***
Бастарыңыздан бақ, дастархандарыңыздан береке кетпесін!
*** *** *** ***
Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық-қуаныш кетпесін!
*** *** *** ***
Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспіз.
*** *** *** ***
Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!
*** *** *** ***
Өзіңе арманның аяулысын, бақыттың баяндысын, жолдардың сәттісін, махаббаттың тәттісін тілеймін!
*** *** *** ***
Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын.
*** *** *** ***
Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің жаздай жайнап, көңілің көктемдей жадырасын.
*** *** *** ***
Ана құшағындай жылулық,
Көктем гүліндей сұлулық,
Атар таңның шапағатын,
Қос аққудың махаббатын,
Аспандарың ашық болсын,
Әрбір басқан қадамың сәтті болсын!!!
*** *** *** ***
Қыстай қатты денсаулық, көктемдей көңілді өмір, жаздай ыстық махаббат, күздей мол табыс тілеймін.
*** *** *** ***
Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.
*** *** *** ***
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Роза
Қықа, нұсқа әдемі Тілектер екен рахмет