Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті Әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!
Жан Әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,
Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.
Ең алғаш сен туып, қуантыпсың
Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.
Естияр боп тірлікте баянды кем,
Еркелетіп бәрімізді аялап ең.
Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,
Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.
Балаларың — мәңгілік қуанышың.
Ұстаздық бақытың бар — жұбанышың.
Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.
Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!
***
Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған, бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз!
Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз — бүгінде .... баланың анасы.
Бойынан Домалақ ананың әулиелігі, Айғанымның кемеңгерлігі, Зеренің парасаты, Бопайдың батырлығы, Айша Бибінің адалдығы, аттары алты алашқа танымал қазақтың аруларының асыл қасиеттері табылатын әпкемізге ұл-қыздарыңыздың рахатын жездемізбен бірге көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.
Өмірінде күйбең тірлігін ойламай
Ағайынның бірлігін ойлайтын,
Мал-мүлік, дүние жинамай
Достың сырын тыңдайтын.
Дастарханы жиылмайтын,
Көк шәйнегі суымайтын,
Шаңырағынан немерелердің
Сыңғыры, шуы тыйылмайтын,
Әпкеміздің туған күні құтты болсын!
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айғаным
Тақпак таппай жүрмің апше туралы
Роза
Әпкенің туған күніне арналған ең әдемі құттықтау тілектер екен
Айнұр
Туған күніңмен. апке
Айнұр
Туған күніңізбен құттықтаймын