Қарақұмдағы халық құрылтайы

Басты бет / Тарих / Қарақұмдағы халық құрылтайы

XV ғасырдың 50-ші жылдары басталған ойраттардың қазақ даласына шабуылы бірде күшейіп, бірде бәсеңсіп отырған. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталып, қазақтарды Ташкентке қарай ығыстырды. Мұндай жойқын жорыққа қарсы күрес ұйымдастыру үшін 1710 жылы қазақ халқының игі жақсылары жиналып, Арал маңындағы Қарақұм деген жерде құрылтай өткізеді. Құрылтайдың өтуіне сол кездегі қазақ ханы Тәуке ықпал жасайды. Жиынға қатысушылардың бір бөлігі жоңғарларға бодан болуды қаласа, екінші бөлігі қолайлы сәтті күтуді жөн көреді. Бірақ Қанжығалы Бөгенбай батыр халықты жоңғарларға қарсы шабуылға шығуға көндіреді.

Бұл бас қосуда Әбілқайыр хан үш жүздің біріккен әскерінің басшысы, ал Бөгенбай батыр бас қолбасшысы болып сайланады.

Оқуға кеңес береміз:

Әбілқайыр хан

Бөгенбай батыр

Әбілқайыр хан: Қазақ елінің болашақ дамуына стратегиялық, саяси және адамдық таңдау жасауды білетін саясаткер-адам



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Ербол Сайранұлы

1710 ж. Қарақұмда өткен Үш жүз қазақтарының құрылтайында бүкілқазақтық жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары талқыланады. Осы құрылтайда Бөгембай батыр Үш жүздің Бас сардары болып сайланады. 1726 ж. Бөгембай бастаған қазақ қолы Бұланты өзені бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы берді. 1727 ж. Қожамберген басқарған қазақ-татар жасағымен бірігіп, Бөгембай басқарған әскер Нияз, Аюлы тауларының етегінде жоңғарлармен соғысып жеңіске жетті. Осы шайқастардағы көрсеткен ерлігі, шабуылды шебер ұйымдастыра білуі – оның даңқын асырды. 1756-58 жылдары Бөгембай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды талқандап, Үрімжіге дейін қуып барды. Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында Бөгембай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі – Аягөз өзені бойында болған. Қазақ қолына төтеп бере алмаған жоңғарлар да жеңілгенін мойындап, келісімге келуге мәжбүр болған. Осы арада батыр жоңғарлардан ақ аманатын алып, олардан бұдан бұлай жауласпауға ант алады, Бөгембай белгілі бітімші мәмілегер де болған. Ол 1761 ж. Абылай ханның Қытайға жіберген елшілігін басқарып барып, екі елдің арасында бейбіт қарым-қатынастың орнауына үлкен үлес қосады. Бөгембай батыр «Қанжығалы қарт Бөгембай» атанып дәуірлеп тұрған шағында өз ажалынан дүние салып, сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи күмбезіне жерленеді.