Қарақұлақ
Қарақұлақ — едәуір ірі мысық (денесінің ұзындығы 70-80 см, құйрығы 20-32 см, салмағы 8-12 кг), сілеусіннен шамалы кіші. Сыртқы түріне, яғни құлағындағы шашағы, қысқа құйрығы және ұзын аяқтарына, қысқалау тұлғасына қарап, беймарал «шөл сілеусіні» деп атауға болады. Терісі ақшыл, сарғыш, тек құлағының артқы жағы мен шашағы қара түсті. Шығыс Каспий маңы шөлді аймақтары — Маңқыстау, Бозашы, үстірттің батыс жағында мекендейді. Солтүстік Қызылқұмда сирек кездеседі. Түнде тіршілік етеді. Қыста жиі күндіз белсенді. Күшті және епті жыртқыш. Ертеде Шығыс халқының кейбірі оны аулағыш аң ретінде пайдаланған (тіпті қарақұйрықтарды ұстаған). Кейде қой мен қозыларға шабуыл жасайды. Бөтен індер мен ну тоғайларды қоныстайды. Сәуір-мамырда 2-4 марқаулары туылады, күзде ересектерімен бірдей болады. Сирек кездесетін түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Санының азаюының негізгі себептері — қатал әрі қары көп қыс пен қасақылық. Қолда өсіп-өнеді. Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады.
Оқуға кеңес береміз:
Мысық
Арыстан
Жолбарыстар
Жан-жануарлар атаулары
Басқа да жазбалар
-
Тірі адамнан қарағанда өлі адамның қәзір әлемге тиіп жатқан пайдасы
-
Ұлттық киімдердің мәні мен ерекшелігі
-
Экология мәселелері: пластикпен күрес жолдары
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу.
-
Бүйрек,бүйрекүсті безінің анатомиялық құрылымы, морфологиясы, гормондық қызметі және клиникалық маңызын талдап, жүйелеу
-
ОГНЕСТРЕЛЬНАЯ ТРАВМА: СУДЕБНО-МЕДИЦИНСКИЕ ПОДХОДЫ К ДИАГНОСТИКЕ И ЭКСПЕРТНОЙ ОЦЕНКЕ
-
Сот медициналық сарапшының этикасы мен кәсіби жауапкершілігі
-
Әрбір қиындық үшін жеңілдік келеді
-
Қызық факт: сіз-динозаврлардың бір бөлшегі болуыңыз мүмкін.
-
Миорелаксанттар. Жүйке тіні: жүйке талшықтары, жүйке ұштары, жүйке жасушалары және нейроглияға әсері
-
Адам жасушасы органоидтарының бұзылуы негізінде туындайтын аурулар
-
Генетикалық материалдың өзгергіштігі мен медициналық маңызы
-
Тоқтар мен электромагниттік өрістердің әсерінен ұлпаларда болатын биофизикалық процестер
-
Морфологическая картина травмы, вызванная воздействием на организм электрическим током в судебно-гистологической практике
-
Механическая асфиксия: Утопление как одна из форм асфиксии
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі