Мәди Бәпиұлы (1880-1924) — халық ақыны, әнші-композитор. Ол Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Жасынан-ақ әншілік, домбырашылығымен аты шығады. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты саңлақтармен кездесіп, өнер сайысына түседі, өнеге алады. Жалған жала жабылып, жазықсыз абақтыға түседі. Түрмеде елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға қатты налып «Қаракесек» әнін шығарады. Мәдидің бұдан басқа да «Үшқара», «Шіркін-ай», «Мәди» атты жан сезімін, көңіл күйлерін бейнелейтін шабытты шығармалары бар. Бұл әндердің біразы кейінгі қазақ операларында пайдаланылуда.
Мәди 1916 жылғы халық-азаттық көтерілісіне үн қосқан. Патшаның жергілікті әкімдерінің озбырлығын әшкерелейтін жырлар толғаған. Мәди
Бәпиұлының ән мәтіндерінен басқа өлеңдері әлі жинақталмаған.
Мәдидің шығармалары туралы А.Жұбанов зерттеу еңбектер, ал Ә.Әбішев «Найзағай» атты роман, Ә.Бектасов «Мәди» атты кітап жазды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі