Өлең, жыр, ақындар

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы «Молодежный» кеңшарында туған. Алғаш білімді ауыл молдасынан, мектеп мұғалімінен, содан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінен алған. Омбыдағы мұғалімдер семинариясын, Мәскеудегі Әдеби-көркем институтын бітіріп, Ташкентте, Қызылжарда ұстаздық қызмет атқарған. Мағжанның шығармашылық жолы ақындықтан басталды. Ол халық, жер туралы жырлады. Ақынның «Жазғы таң», «Қазағым», «Өнер-білім қайтсе табылар» атты өлеңдерінде жастарды білімге шақыру, азаттық жолға түсу, надандықпен күресу кең орын алған. Шығармаларында өмір мен табиғатқа деген құштарлығы терең танылған.

Ақынның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіп хан» атты поэмаларында халықтың тарихы, тағдыры мен жеке тұлғалардың іс-әрекеттері суреттеледі.

Мағжан бала өмірін, қиял қанатын терең түсінген. Оларға арналған шығармаларын жеңіл және тартымды баяндаған.

М. Жұмабаев қазақстандық педагогика ғылымының бастауында тұрды. Ол газеттер мен журналдарға көптеген мақалалар жазып, бірқатар оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындады. Оқу-ағарту саласында еңбек ете жүріп, «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жайы», «Сауатты бол!», «Әліппе», «Тарту», «Оқу-жазуға үйрету», «Ересектерге оқу кітабы», т.б. туындыларын жариялады.

Мағжанның поэзиядағы алғашқы қадамдарынан-ақ жарқын, өзіндік таланттың белгілері аңғарылады. «Шолпан» өлеңдер жинағы ақынды кеңінен танымал етті. Ол «Батыр Баян» поэмасын, Түркістан туралы өлеңдер топтамасын, «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларын жазды. М. Жұмабаев шығармаларында Шығыс халықтары мен Батыстың рухани ағындары ұштасқан. Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы ақындардың алғашқы ұрпағына жатады.

Оқуға кеңес береміз:

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері

Мағжан Жұмабаевтың туындылары

Мағжан Жұмабаевтың нақыл сөздері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Бекзат

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер