Өлең, жыр, ақындар

Ольга Васильевна Шишигина (жеңіл атлетика)

Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылы 23 желтоқсанда Алматыда туылған. Қазақтың туризм және спорт академиясын бітірген. Қазақстан және КСРО-ның жасөспірімдер арасындағы чемпионы. 100 метрге кедергілі жүгіруден 1993 жылы Азияның қола жүлдегері және 1998 жылы Азия чемпионы атанды. XII-XIII Азия ойындарының жеңімпазы болды. 1995 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 1999 жылы Әлем чемпионы атағын иеленді. 1995 жылы Швецияда өткен жабық залда 60 метрге кедергілі жүгіруден Әлем чемпионатының күміс жүлдесін ұтып алған. Ғ.Қосановты еске алуға арналған халықаралық жарыстардың 100 метрге және 100 метрге кедергілі жүгіруден жеңімпазы. 2000 жылы Австралия астанасы Сиднейде өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы болды. «Барыс» орденімен марапатталған.

Оқуға кеңес береміз:

Жүгірудің пайдасы

Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа

Усэйн Болт - әлемдегі ең жылдам адам

Дин Карназес — шаршамайтын желаяқ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз