15 ғасырдың аяғы және 16 ғасырдың бас кезінде қазақтардың негізінен саяси одақ болды. «Қазақ хандығы» және «қазақ халқы» дегендер бұған дейін бастары бірікпеген түркі тектес сан қилы рулар мен тайпаларды қосудың арқасында құрылған синоним еді. Олар саяси ваккум қалыптасқан Шу өзені төңірегінде және Бетпақ дала шөлінде тоғысып, он бесінші ғасырдың аяқ кезінде сиректеу ұшырасатын жаңа әлі пайдаланылмаған жайылымдар тапты. Жерді басып алған көшпелілер енді соған билігін сақтауға тырысты. Жәнібек пен Керей құрған қазақ одағы болашақта билікті сақтауға да, дамытуға да мүмкіндік берді. Мұндай тайпалық одақ сырттан шабуылдайтын жауға лайықты қарсылық көрсете алатын үлкен әскер тобын ұстауға, күшейтуге де тиіс еді.
Күштің өсуімен қатар саны да молая түсті. Ноғай, өзбек және моңғол (алтайлық) тайпалары жайылым іздей жүріп, Жәнібек-Керейге келіп қосыла бастады. Жайылымға ие болған бұл тайпалар мал басын тағы өсірді де, тағы жаңа жайылымдар қажет болды. Еркін мал өсіруге байланысты жайылымды үнемі ауыстырып отыру қазақтарды жаңа аумақтарға шығуға мәжбүр етті, 17 ғасырдың соңғы ширегінде олар қазіргі Қазақстанның бүкіл ұланғайыр аумағын иеленді. Рулар санының және олардың иеліктерінің өсуіне байланысты қазақтардың әлеуметтік ұйымдасу проблемасы туды, 16 ғасырдың алғашқы жартысында, Қасым хан дүние салып, оның иелігіндегі жерлер бөлінуіне орай, қазақтар әрқилы үш орда құрды.
Мәліметтердің тапшылығына байланысты қазақтың осы үш ордасының құрылу уақытын тап басып айту қиын. Үш жүз туралы алғаш 1731 жылы Кіші жүздегі орыс елшісі Тевкелев жазған. Жүздердің бар екендігін 1734 жылы Орынбор экспедициясының басшысы Кириллов та ескертеді. Осы екі куәлік, 18 ғасырдағы екі орыс саяхатшысы Рычков пен Георгилердің естеліктерімен қоса жүздердің көлемі және алып жатқан аймақтарынан мағлұматтар береді. Қазақ тайпалық одақтарын зерттеудегі ең беделді кеңестік ғалымдар Востров пон Мұқановтар Ұлы, Орта және Кіші жүздер 16 ғасырдың ортасында, Хақназар (1538-ден 1580 жылдары билеген) билігі кезеңінде пайда болған деп есептейді. Қазіргі Кеңес ғалымдарында басым бұл көзқарас он тоғызыншы ғасырда В.В, Вельяминский-Зерновтың жүздер 17 ғасырдың орта кезінде құрылған деген пікіріне қайшы келеді. Бірақ Востров пен Мұқановтар мейлінше толық мәліметтер ұсынғандықтан, солардың қорытындысы дәлірек қой деп санаймыз.
Үш жүз табиғаты мен құрылымының өзінен-ақ толып жатқан таластарға өзек болды. Батыс және кеңес ғалымдары қолданған «орда» терминінің өзі, сірә, дұрыс болмауы керек, себебі, қазақтар бұл топтарды Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деп атайды, Осы «орда» мен «жүз» дегеннің арасы да жер мен көктей, себебі, екіншісі туыстастықты, жалпы шығу тегін білдірсе, біріншісінде ондай ештеңелер жоқ. Қазақ ордалары тайпалар федерациясы немесе одағы болды да, ортақ текті емес еді. Олар тек түркі, моңғол тайпалары тәрізді құрылып, әскери бірлестіктерден бастау алған болатын. Мұндай одақтар көп ретте жүз деп аталатын, 16 ғасырда Қазақстан аумағында аз ғана мерзімдерде әртүрлі жүздердің болғандығы жайында мәліметтер бар. Осыдан-ақ, қазақ ордаларының қуатты орталық өкіметі жоқта қазақ жерін қауіпсізірек ету үшін әскери мақсатта құрылғаны көрініп тұр.
Тіпті әскери-саяси мақсаттағы қазақ ордаларын түсіндіру үшін де біз неге бұл үш орда құрылғандығына жауап бергеніміз жоқ. Алаш пен оның үш ұлы туралы аңызды да Е. Арестов қайталаған атақты Қосан, оның үш ұлы Ақтол -Орта орда, Алшын — Кіші орда, Үйсін — Ұлы орда деген аңыз тәріздес ойдан шығарылған есебінде көңіл аудармай-ақ қоюға болады, Сірә, мұндай хикаялар атақты ортақ ата-бабадан тараған деген тәрізді үш жүздің заңдылығын арттыру үшін ойдан шығарылған болар. Мұндағы ең нанымды түсінік — қазақ халқының үш жақты бөлінуі қазақ даласының жағрапиялық жағдайына сәйкестігіне байланысты болуынан. Қазақтар 16 ғасырда билік құрған бүкіл аумақты әрқайсысының қыстық, сондай-ақ жаздық жайылымдары болған үш табиғи жағрапиялық аймаққа бөлуге болар еді. Осындай аймақтың бірі — Ұлы Орда орналасқан Жетісу аймағы: Алатауда жаз жайлауы бар Шу, Талас, және Іле өзендерінің бойы. Бұрындары гүл жайнаған ауыл шаруашылық мекендері, ішкі сәуда жүйесі өркендеген аймақ. Екінші аймаққа Орта Орда орналасқан Орталық Қазақстан кіреді. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы қыстақ жайылымдары бар, орталық дала аудандарындағы Сарысу, Тобыл және Есіл өзендері бойындағы жаздық жайылымды, Сырдария өзені су жолдарымен Орта Азия қалаларымен сауда жүргізген аймақ. Үшінші аумақ Кіші Орда орналасқан Батыс Қазақстан; Сырдария өзенінің төменгі жағы, Орта және Ырғыз өзені мен Торғай таулары арасындағы аймақ, Орал, Тобылдың басталар тұсы және Ырғыз бен Мұғаджар жоталары кіреді.
Үш ордаға бөлінгеніне қарамастан қазақтар тілі, мәдениеті және экономикасы ортақ халық болып қала берді. Алғашында 16 ғасырда мұндай бөлу тұрақсыздау, негізінен пайдаланған жеріне ғана байланысты еді, өйткені рулар мен тайпалар қайсысы болмасын ордаға өз беттерімен кіргенді, Дала аумағына билігі кеңіген қазақтар 17 ғасырда өздеріне бекітілген белгілі аумақтары бар үш тұрақты одаққа айналды. 18 ғасырда қазақ хандығы ыдырай бастағанда (Тәуке хан өлген соң) әр Орда өз аумағында шетел державаларымен шарт жасасу құқығы бар дербес билеушіге ие болды. Енді орыстар әр қазақ ордасымен жеке-жеке істес болса да; қазақтар өздерін бір халықпыз деп есептеді.
16 ғасырдағы қазақ ордалары құрылымы жөнінде бірнеше қарама-қайшы пікірлер бар. Осылардың ішіидегі ең беделдісі Востров пен Мұқановтікі болса керек. Олар үйсін тайпасы басым түсетін Ұлы Орда басқа да бес түрлі тайпалардан құралды, бұл айтылмыш тайпалардьи көпшілігі Жетісу аймағының ежелгі тұрғындары болатын да, ¥лы Орда алдыңғылардың бірі болып қалыптасты дейді, Бұл оңірде тайпалық конфедерация ордалар пайда болғанға дейін өмір сүргенімен, Ұлы Орда басқалардан гөрі бұрынырақ қалыптасқан деуге ешқандай негіз жоқ. Далаға моңғол шапқыншылығынан кейін келген үйсіндерден басқа Ұлы Ордаға біздің заманымызға дейінгі үшінші және екінші ғасырда Сырдарияның орта тұсын жайлаған қаңлылар, Жетісуға алтыншы-жетінші ғасырларда іргетепкен дулаттар, сондай-ақ албан мен суан тайпалары кіреді. Шындығында, бұл тайпалар Жетісу аумағына 6 ғасырдың бас кезінде бірікті, басқа бірнеше тайпалар кейіннен келіп қосылды. Мысалы, Орта Азияда жалайырлар мен ұсталар алғаш 13 ғасырда, сіргелі 15 ғасырдың аяк кезінде аталынса, ал шанышқылы мен шапырашты жөнінде 17 ғасырға дейін ешқандай деректерде кезікпейді.
17 ғасырда Орта Орда Арал теңізінен батысында Омбыға дейін, терістігінде Ертіс өзені, шығысында Алтай, сондай-ақ Сырдария бойы мен оңтүстігінде Сарысу өзеніне дейінгі аумақты қамтып, өз иелігін кеңейтті. Востров пен Мұқанов дерегіне сәйкес бұл ордаға: Керей, найман, арғын, қыпшақ, қоңырат және уақ болып алты тайпа кірген. Осы ордадағы халықтар ішінде ежелгі кереиттер ұрпағы болып саналатын, шыққан тегі белгісіз (түркінікі ме, болмаса моңғол тайпаларынан ба) Орталық Қазақстанда моңғол шапқыншылығына дейін саны басым болған керейлер ең ежелгі халық болып саналады. Түркі тілдес тайпа бола тұра наймандардың шыққан тегі моңғолдардан тарайды. Біздің заманымыздың 8-9 ғасырларында олар осы аумақтағы аз халық ретінде саналғанмен, 13 ғасырда саны ең кеп топқа айналды. Рашид әд-Диннің жазбаларында айтылған, Шағатай ордасынан шыққан моңғолдардан саналатын арғындар да ең саны көп тайпа. Тайпалар одағын оныншы ғасырда қүрған қыпшақтар Дешті Қыпшақтан оныншы ғасырда шығысқа қарай жылжып, қазақ хандығы құрылған соң, саны да көбейе берді. Алғаш рет 13 ғасырда аталған, басқадай ешқандай деректері жоқ уақ та Орта Ордаға кіреді. Қоңырат тайпасы 19 ғасырда Орта Ордадан бөлініп қалып, кейіннен қоқан хандығындағы диқаншы өзбектерге қосылып кетті.
Кіші орданың шығу тегін зерттеу де өте қиын. Ең көп дегенде рулық қауымға келіңкірейтіндей, Кіші Орданың 178 руы алшыннан шығыпты делінетіндіктен, ол алшым руы одағы саналатын, ал қалғандары алшындарға соңынан қосылған жетіқаралар еді. Дегенмен Кіші орданың көпшілігі алшындармен түп тамыры ортақ деген әлі де күмәнді. Кіші Орданың саны неғұрлым көбірек үш атасы — 10 ғасырда Арал теңізі айналасында тұрған кездері Востров пен Мұқановтың есептеуінше, 6 және 7 ғасырларда Маңғыстау аймағында мекен еткен дакха халқының ұрпақтары адайлар және алғаш 13 ғасырда аталған кереиттер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі