Өлең, жыр, ақындар

Сотталып кете жаздадым ғой...

Жұмыс күні тәмәмдалып, үйімнің жанына жеткенім сол ғана тамұқтың қара төбеттері тап басып қолымды қайырып кетті. Не болып жатқанын түсініп үлгермедім. Тергеушіге алып барды.

Тергеуші ашылған істі зерттеуде. Оның қасында не кінә жасағанымды білмей дел-сал болып өткенімді парақтап отырымын.  Таптым. Кезінде, бір танысымның баласын мектепке оқуға тұрғызуға біраз септігімді тигізіп, соған ризалығын білдіргенде, алғаным бар еді сол шығар. Не де болсын, жасағанымды мойыныммен көтеруім керек. Тергеуші бір сәтте қалың қағаздардан басын көтеріп, зорға үн қатты:

— Пәленше Пәленшиев сіздің перзентіңіз бе?

— Иә, бірақ оның бұған не қатысы бар...

— Ол қаланың нөмері үшінші бөбекжайына барады ма?

— Иә ... — дедім, тамағыма жиналған сілекейді әрең жұтып. Демек, бұларда мен жайлы барлық ақпарат бар екен.

— Білесіз бе? Тәрбиені ата-ана бергендіктен олардың жасаған қылмыстарын да оның ата-анасы көтереді.

— Солай шығар... — деуі дедім де, әрі қалай ойыма «олардың қылмысы» деген сөз балғамен  басыма қойып қалғандай болды — Қандай? Не деп отырсыз?

— Өзіңізді басып алыңыз... Мәселе былай... — деді де теріс қарап ащы суды шөлдеген адамша сімірді де: — Біз де ойнап жүрген жоқпыз. Міне, сіздің ұлыңыздың үстінен шағым түсті. Сіздің жүгірмегіңіз тобындағы анау-мынау емес, сона-а-у — деп, сұқ саусағын көкке тіреп: - Көкемнің баласына қол көтерген. Соған жеңгеміз мына шағымды... — деп, романмен көлемдес шағымды менің алдыма ысырды. Танысып шығыңыз.

Оқып отырмын... Тергеуші жаққа көз жүгіртсем ол айнаны алып жылтыр жүзіндегі түктерін жұлып отыр. Болған жағдаймен танысып шыға

— Енді, не істеуге болады. Айғақ бар ма? — деген сұрағыма

— Айғақ дегенде, мәселе былай... — деп, стол үстіндегі компьютердің түймешесін басып, экранға нұсқады. Онда ойыншық таласқан көкесінің баласы менің жалғызымды төмпештей бастады. Ол, басында үндемей отырды да, кейін шыдай алмай, әлгінің қолын ұстап бір сілкіп қоя берді. Соны ауырсынып жылай бастады.  Бар болғаны сол. Тамашалап болғаннан кейін, еш кінәміз жоқ екендігін байқап

— Енді не істе дейсіздер?!

— Маған десе ешнәрсе... бірақ, ол көкеммен байланысты болған үшін кешірім сұрап, басқа оқу орынына ауыстыра салыңыз. Болмашыға бола іс бастап, қолымызды бұлғағымыз келмейді.

— Бұл деген барып тұрған...

— Білесіз ғой... Елдегі жағдай осы... Қаласаңыз сот алдында жауап бересіз. Бірақ... ол жерде жеңіске жетесіз деп айта алмаймыз. Дұрыс тәрбие бере алмағаны үшін жарты жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыру құқығы бар. Сол сізге керек пе?

Мұрнымның алдына дәйектерді үйіп тастағаннан соң, амалсыздан көндім. Шарасыздығым үшін, ұлымнан кешірім сұрап, көкелер мен оның отбасы мүшелеріне мүлде қатысы жоқ бөбекжай іздеуге тура келді..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз