Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде жасаған алғашқы қадамдарының бірі, бұл әлемдегі қуаты тұрғысынан 4-ші ядролық қарудан бас тартуы болды. 1991 жылы Елбасының арнайы Жарлығымен еліміздегі Семей атом сынақ алаңы жабылды.
Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде жасаған алғашқы қадамдарының бірі, бұл әлемдегі қуаты тұрғысынан 4-ші ядролық қарудан бас тартуы болды. 1991 жылы Елбасының арнайы Жарлығымен еліміздегі Семей атом сынақ алаңы жабылды. Вашингтон қаласында өткен саммитте ел көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз аймақтар санын арттыруды қолдайтынын әлемге кезекті рет паш етті.
Ядролық қару – адамзаттың қас жауы, -дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Тахир Мұхамадеев. Оның пікірінше, Қазақстан – атомдық қарусыз саясатты таңдай отырып, халықаралық аренадағы еліміздің беделін арттыра түсті.
Тахир Мухамадеев, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті ядролық қарусыз-ақ сақтауға болатынын әлемге паш етіп отыр. Өйткені, ядролық қару – қауіпсіздік кепілі емес. Бұл қазақ елі Президентінің бейбіт, әрі көпбағытты саясаты. Бұл 21 ғасырда атом қаруы соғысы және ел мен халыққа қауіп төндіретін басқа да қатерлерді болдырмаудың негізі.
Ядролық қарудан бас тарту терроризмдік әрекеттер орын алып жатқан заманда өте өзекті болып отыр. Сондықтан ақмолалық жастар Қазақстан Президентінің бұл бағыттағы саясатын толығымен қолдайтындықтарын білдіруде.
Алмас Сәтпаев, жоғары оқу орнының 3 курс студенті:
- Вашингтонда өткен саммит бүгінгі таңда өте маңызды саяси оқиғалардың бірі. Сондықтан ақмолалық жастар Елбасының саммитке айтқан сөздеріне толығымен қосылып, оның бастамаларын қолдайды. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан елдердің бірі ретінде үлгі боларлық, тәжірибесімен бөлісе аларлық мемлекет. Бұл Қазақстанның әлемдік деңгейдегі мәртебесін тағы бір мәрте көтеріп тастады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі