Сау басын саудаға салды
*** *** *** ***
Сауда сақал сипағанша
*** *** *** ***
Саудаға достық жүрмейді
*** *** *** ***
Сауда түбі — борыш, шаруа түбі — кеніш
*** *** *** ***
Базарда мың кісіні көреді,
Әркім сүйгеніне сәлем береді.
*** *** *** ***
Үйдегі есепті
Базардағы нарық бұзар.
*** *** *** ***
Сөзіңе қарап саудагер екеніңді білдім.
*** *** *** ***
Теңге тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
*** *** *** ***
Есепсіз дүние жоқ.
*** *** *** ***
Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.
*** *** *** ***
Түстік өмірің болса, кештік мал жина.
*** *** *** ***
Алтын тапсаң санап ал.
*** *** *** ***
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
*** *** *** ***
Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.
*** *** *** ***
Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
*** *** *** ***
Тамшыдан тама берсе дария болар.
*** *** *** ***
Судың да сұрауы бар.
*** *** *** ***
Есептемегенге бәрі түгел.
*** *** *** ***
Сауып ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
*** *** *** ***
Үзіп жеген үнемге жатпайды.
*** *** *** ***
Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.
*** *** *** ***
Базары жақын байымас.
*** *** *** ***
Қолдағының құны жоқ.
*** *** *** ***
Жаман қойшы жайлауынан бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауынан мы ң күн жейді.
*** *** *** ***
Шашу оңай, жинау қиын.
Сайттағы барлық мақал - мәтелдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Полат Шамси
«Сауда, үнемшілік туралы мақал‑мәтелдер» жинағы – қазақтың дана халқынан қалған өмірлік және экономикалық даналықтың тамаша көрінісі. Бұл мақал‑мәтелдер сауда‑саттық пен күнделікті шығын‑табыс арасындағы тепе‑теңдікті, есеп‑тиімділіктің маңызын қысқа әрі нұсқа жеткізеді.
Мақал‑мәтелдерде «Теңге тиыннан өсер», «Есепсіз дүние жоқ», «Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады» сияқты нақылдар арқылы үнемшілдік пен ақылмен қараудың маңызы көрсетіледі.
Сонымен қатар бұл даналық сөздер саудада адалдық пен есеп‑ескертіс, уақтылы жоспарлау мен ақшаны дұрыс басқарудың маңызын айқындайды. Олар күнделікті өмірде, отбасылық бюджетті басқаруда және жастарға қаржылық сауаттылықты қалыптастыруда үлкен көмек береді.
Сондықтан осы мақал‑мәтелдер жинағы – тек қазақ тілінде ғана емес, қаржы мәдениетін дамытуға қызығушылық танытқан барлық оқырманға пайдалы әрі тәрбиелік мәнге толы материал.