Қайнағаңның алдында кердеңдеме келіншек.
*** *** *** ***
Келелі сөзді келін де айтады.
*** *** *** ***
Қазымыр ененің қарақұсында көзі бар.
*** *** *** ***
Жақсы үйге түскен келін келін,
Жаман үйге түскен келін келсап.
*** *** *** ***
Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан.
*** *** *** ***
Келін келіп келістік десек, келінменен тебістік.
*** *** *** ***
Жіпті иіре алмаған жүн етеді,
Келінді күте алмаған күң етеді.
Келін ененің топырағынан.
*** *** *** ***
Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда.
*** *** *** ***
Төркіні тентек келіннің тілі ұзын,
Төркіні момын келіннің — жібі ұзын.
*** *** *** ***
Көріп білген көріктіден, көрмей білген текті артық.
*** *** *** ***
Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
*** *** *** ***
Келін жаман емес, келген жері жаман.
*** *** *** ***
Келін қыз болмас, күйеу ұл болмас.
*** *** *** ***
Жақсы енені жаман келін жер қылады, жақсы келін жаман енені ел қылады.
*** *** *** ***
Келіннің зекіп айтқаны, езіп құйған умен тең.
Көңілсіз берген тамағы, құм аралас күлмен тең. (Құлтума)
*** *** *** ***
Жау сырыңды алса, қызыңды алады.
*** *** *** ***
Ел анасы — қыз, жол анасы — із.
*** *** *** ***
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
*** *** *** ***
Жақсы бала бағыңа бітеді, жаман бала түбіңе жетеді.
*** *** *** ***
Ашық әйелден ақымақ дәмелі.
*** *** *** ***
Жақсы әйел аңғарғыш, жаман әйел шамданғыш.
*** *** *** ***
Келіннің жақсысы құрдасыңдай, ұлыңның жақсысы сырласыңдай.
*** *** *** ***
Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт.
Қажетті сілтемелер:
Сайттағы барлық мақал - мәтелдер
Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер
Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі