Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы
Қилы кезеңде қырық түрлі қисынмен ұғындырылған «зар заман», «зар заман ағымы», «зар заман ақындары» деген ұғымдар үрей көлеңкесінен, саясат салқынынан арылып, енді қазақ тарихындағы, қазақ әдебиетінің тарихындағы белгілі бір құбылыс ретінде өз арнасына құйыла бастады.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы тұтас бір дәуірді қамтыған зар заман ағымы, зар заман — көлеңкесінен қорыққан, дамуды кере алмаған, дүниеге марксистік-лениндік материалистік көзбен «қарай алмаған» сарыуайым, кертартпа шер - қайғының шырмауындағы «байғұс жандардың» ойдан шығарған елес дүниесі емес, зар заман — тарих ақиқаты. Зар заман ағымы — қазақ әдебиетінің тарихындағы аса бір нақты құбылыс.
Зар заман ақындарының мұрасына асығып - аптықпай, науқаншылдық пен даурықпай түпкілікті оралар шақ туды.
XIX ғасыр әдебиет тарихында екі кезеңге: I жартысындағы, II жартысындағы әдебиет болып бөлімін келе жатыр. Ал әдебиет тарихындағы тұтас дәуірлерді қамтитын ағын -сарындардың, түрлі бағыттардың хронологиялық шарттылықтардың шеңберіне сыймай жататыны жөнінен келгенде, ертелі-кеш айтылған ғылыми ой-пікірлерді әрі қарай бекіте түсу, дамыта беру, жүйелеу, тұжырымдау мәселелері әр уақытта назарда болуға тиіс. Мәселен, ұлт-азаттық сарын қазақ әдебиетінде бірнеше ғасырды, тіпті тұтас тарихын қамтиды. Және ол тек орыс отаршылдығына ғана қарсы туған сарын емес.
Ал қазақ әдебиетінің тарихында зар заман дегенді жалпы алып, қазақтың бар заманы зар заман еді, сондықтан оны жеке әдеби ағым ретінде алып қарастырудың ендігі жерде реті бар ма дегендей пікірге де ойлана қарап, ой айту міндет. Қыруар іс тынғанымен, коп шаруасы жөнге келтіріліп, ғылыми жүйесін жасауды күтіп жатқан ұлы әдебиетіміздің бір кездерде Мұхтар Әуезов өзінен бұрынғы пікірлерді ілгері дамытып, тұжырымдап кеткен, қазіргі қайсыбір жағдайда айтып жүргеніміздей жүздеген жылдарды емес, нақты жүз жылдық дәуірді қамтиды деп атап кеткен зар заман ағымын неге жоққа шығаруға тиіспіз? Қайта, кезінде сараланып, басты сипаттары аталғанымен, кейіннен басқа арнаға бұрылып жіберілген, енді қайта қарастырылып жатқан қазақ әдебиеті тарихындағы бұл дәуірді мықтап негіздеп, толықтырып ғылыми сипаттамасын жасап, теориялық негізде орнықтыратын кез туды емес пе?
Күні бүгінге шейін зар заман ақындары төңірегінде әріде де, беріде де айтылып қойған, айтылып жатқан жайлар аз емес. Дулат ақын мұрасы зар заман тұрғысынан зерттеліп (Э. Пертаева, Қ. Раев еңбектері), көркемдік кестесі, әлеуметтік салмағы жағынан қарастырылды. Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасы жайлы диссертация қорғалды. Діни -ағартушылық ағым өкілі ретінде Әбубәкір Кердерінің шығармашылық мұрасына назар аударылды. Зар заман поэзиясын зерттеу Б. Омарұлы монографиялық еңбектерінде кеңи түсті. Жекелеген ақын-жыраулар шығармалары баспа жүзіп көріп жатыр.
Олардың әдеби мұрасын бағалауға келуде әдебиет тарихын дәуірлеу, әдеби мұраны саралау, ғылыми негізде жүйелеу, игеру мәселелеріне соқпай өте алмаймыз. Осы, басты, түп қазық жайлардың арғы - бергісі саралап, анықтап, күмәнді, күдікті, жасырын, жадағай тұстарын біліп алмай тұрып соз айту — бос әуре. Мәселен, қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағыны алайық. Бұл әдебиет тарихының профессоры Бейсенбай Кенжебаев негіздеген дәуірлерінде XX ғасыр басындағы әдебиетке ТӘІІ бағыт. Ал Мұхтар Әуезов оны зар заман ағымы әдебиетінің (яғни жүз жылдық дәуір әдебиетінен) бір сипаты деп айғақтаған .
Әдебиет тарихында теориялық тұрғыдан негізделуі басталғанымен, санамызға сіңгенімен, қазіргі әдебиет тарихына қатысты оқулық, зерттеулердің қолданып зар заман атауы ұзақ жылдар бойы, соңғы уақытқа шейін қағаберіс қалып келді. 1932 жылы Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын екі дәуірге бөлді:
1) «Билер дәуірі», 2) «Орыс патшасына бағынған дәуір ». Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін «зар заман әдебиеті» деп, ғылыми негізде баға берді . Былайғы уақытта бұл дәуір қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіне қатысты пікір айтқан Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ы. Дүйсенбаев сияқты ғалымдарымыздың да арнайы тоқтап, айрықша мән беріп өткен дәуірі болды.
Соңғы жылдары ғалым Мекем Мырзахметов зар заман әдебиетін орыс отаршылдығына қарсы туған сипатына қарап: «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынады. Демек, әдебиет тарихында аса белгілі, алабөтен қалыпта пайда болған үлкен әдеби процесті, әдеби ағымды арнайы сөз етпеу, елемей қою — ғылым үшін қиянат.
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуде, әр кезеңнің әдебиетіне тән бағыт, ағым, сарындарды саралауда салмақты, дәлелді тұжырым - түйіндер жасайды.
Сөз жоқ, қазақ әдебиеттану ғылымында қыруар зерттеу - ізденістер, жетістіктер бар. Фольклористикада, әдебиет теориясында, әдебиет тарихын дәуірлеуде көп-көп жұмыс істелді. Ал дәл белгілі бір әдеби ағым, оның сипат, ерекшеліктері, теориялық, саясат -әлеуметтік негіздері жайлы даралап айтқан еңбек көп емес. Зар заман ағымына қатысты тұжырым - тоқтамында Мұхтар Әуезов Шортанбай ақынның атын бірнеше жерде бөліп атайды. Оның себебі тек ақынның «Зар заман» атты толғауында ғана болмаса керек.
«Зар заман» деген — XIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір өлеңнің аты. Шортанбайдың өлеңі ілгері, соңғы ақындарды барлық күй, сарынын бір арнаға тұтастырғанда жиынды өлең болғандықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман» ақындары деген ат қойдық, — дегені Шортанбайдың бұл әдебиеттегі орны ала-бөтен айрықша екенін негіздейді.
М. Әуезов зар заман ақындары деген терминге бірнеше теориялық тұжырымды негіз етеді. Айрықша назар аударар бір түйін: «...зар заман ақындарынан бастап біздің әдебиет екінші жікке қарай ауысады. Бұдан бұрын қарастырған әдебиет жұрнақтарының барлығы ауызша әдебиет десек, мыналарды жазба әдебиеттің басы деу керек» — деген ғылыми жағалығы айқын ой.
М. Әуезов жүйелеуіндегі «зар заман әдеби ағымы» мынандай мәселелерді ажыратудан барып айғақталады:
1. Зар заман ақындары деп кімді айтамыз?
2. Бұл дәуірдің алғашқы ақындары кімдер?
3. Барлығының басын қосатын күй қайсы?
4. Көпшілігі қандай жайды тақырып еткен, нені толғаған?
Бұл еңбекте М. Әуезов заман сырына терең үңіледі. Барша ерекшелік, өзгешелігін қамти айтады. Біздің зар заман ақындары дегенде, жалпы қазақтың атам заманнан бергі өмір тарихындағы зарды емес, дәл осы М. Әуезов атап беріп отырған, орыспен арадағы саяси ахуалға байланысты туған мұң мен зарды нысанада ұстауымыз қажет. Отаршылдық саясаттың зардаптары мен мақсаттары саяси жүйе ретінде, тарихтың белгілі бір беті ретінде көрінген тұсты бар сипат - өзгешелігімен тұтас қабылдап, оның әдебиетке түскен көлеңкесін нақты сөйлеу қажет.
«Зар заманның ақындарының көпшілігі XIX ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысының артынан шығады. Қалың қазақтың ұйқысын шайқап шыққандай болып, орта жүзді, кіші жүзді түгел оятқан Исатай, Кенесары қозғалыстары қайғылы қалмен біткен соң, елдің тауы шағылып, иығы түскен, бұрын болымсыз үміт болса, белгісіз келешектен күткен азғана сәуле болса, барлығы да жаңағы ерлердің жолсыз жорығынан соң суалып біткендей болады. Сондықтан XIX ғасырдың орта кезінен кейін зар заман күйі қалың елге түгел танылады» .
Әуезовтің алабөтен айырып айтуынша зар заманның зары орыс отаршыларының келе бастауынан басталған зар, мұң ғана емес, яғни Ресейге бодан бола салып зар еңіреу емес. Мұхтар Әуезов зар заман әдебиетін айқындап берген көп себеп үміттің үзіліп, «жолсыз жорықтың» жеңіліспен аяқталып, баса айтады. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты жайлы жиырмасыншы жылдары Халел Досмұхамедұлы да батыл айтып, Исатай — Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептеріне аса қырағы саяси бағаны сол кезде берген еді.
«Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырдағы қазақтың қозғалысының ең күштілері — Сырымдікі, Исатайдікі, Кенесарыныкі. Үш қозғалыстың бас мақсаты — қазақты орыстың құшағынан құтқару».
Болжал әдебиетінің негізгі мазмұны қазақ халқының болашақ баянсыз тағдыр-талайы болып табылады: жер тозады, жайлау тарылады, ауа райы, табиғат қаталданады, адамдар кедейленеді, мінез-құлық, өзгереді, жаман ғадеттер молаяды, бір созбен айтқанда, қазақ елі мен жері өзгеріп, азып-тозады. Аталған ауыр күндердің хақтығын болжай отырып, халық өз басындағы жаман ғадет, қасиеттерден арылмаса, бұдан шығар жолдың жоқтығын, болашақта құлдық пен құру күтіп тұрғанын жырлайды.
Болжалдық әдебиеттегі бұндай үмітсіз, зарлы сарын әсіресе XIX ғасырдың екінші жартысында — саяси бостандықтан үміт кесілгенде (Исатайдың, Кенесарының т.б.
1. X. Досмұхамедұлы, «Аламан», «Ана тілі», 1991, 69-бет. - 173 - көтерілістердің жаншылуы), қазақ жерін отарлау күшейгенде, ел жиі-жиі жұтқа ұшырап, кедейленгенде — күшейе түсті» , — дегенде зар заман ағымына тән жайлар әңгіме болғанын байқаймыз.
«Халық поэзиясының тағы бір соқталы түрі — зар заман (скорбная поэзия) мен толғау. Бұл өлеңдерде салт - сананың бұзылуы жырланады, халық өмірінің көне әдет - ғұрпы мен ескі салттарының құлдырауы, билер мен әкімдердің парақорлығы мен пәтуасыздығы, тұрмыс - тіршіліктің нашарлауы, мал санының азаюы мен халықтың жұтауы, жайылым -қоныстың тарылуы, қоныс аударушыларға шұрайлы жерлердің кесіліп берілуі, жердің тозуы, елдің азу, аштық, жұт т.т. соз болады; бұрынғы өмір мен ескі салт-дәстүрлер мадақталып, кейінгі өзгерістерге зар айналады» дегендерді идеялық - тақырыптық жағынан зар заман ағымына жақындата беруге болатынын аңғарамыз.
Тарихшы ғалым Б. Сүлейменов зар заман әдебиеті туралы пікір сол процесс жүріп жатқан кездің өзінде айтылғанын еске салады: «Ы. Алтынсариннің әдеби ағымға көзқарасын «Горе киргиз» деген қолжазбасы толық танытады. Бұл оның Түркістан қазақтарының, «Зар заман» туралы шығармаларына жасаған қорытындысы еді. Ы. Алтынсариннің бұл берген бағасын өте орынды деп білемін. Мұнда ол «зар заман» әдеби ағымын патша үкіметінің отаршылдық саясаты, жұт қоян жылдары деп аталатын ашаршылық пен жалаңаштық көбейген кезең туғызды дейді. Бұл жерде Ы. Алтынсариннің «Зар заман» ағымының тууына патша үкіметінің отаршылдық саясаты себеп болды дегені дұрыс.
Ы. Алтынсарин «Зар заман» туралы жазбаған адам жоқ, деп оларды өз текстісін келтіреді». Осы толғамдардың қай-қайсы болмасын XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай сары уайымы мол толғаулар қазақ әдебиетінің өзекті бір арнасына айналғандығын көрсетеді. XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай казак. әдебиетінде қалыптасқан әдеби ағым түрі ретінде танылып, XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарында өзіндік сипат, мазмұн, түр жағынан толысуға беттемеген, заманның дауылды кезеңдеріне теген бере алмай, реалистік әдебиеттің өзі әрқилы арнамен кетуге мәжбүр болды.
Түрлі саяси науқандардың тұсында ол ағымға қилы мән берілді. Бір кездегі тарихи даму шындығынан туған, халықтың қасірет күйін жеткізген әдебиет деп танылған орасан зор мұраға «сарыуайым, үмітсіз үгілген, жаңалықтан үріккен, діншіл әдебиет» деген мін тағылды, «зар» ағымы басқа мағына ала бастады.
Профессор Ханғали Сүйіншәлиев әдебиеттегі зар заман ағымы атауының жан - күйіне мынадай барлау жасайды: «Олардың түгел әдебиет тарихынан шығарып тастағысы келмеген аға буын әдебиетшілер өр саққа жүгіртіп, өз ойларынан «зар заман» әдебиеті дәуірін шығарып та жүрді. Ресми баспа орындары бүл атауды да қабылдамады. Себебі, олардың ойынша, қазақ халқын Россия патшалығының отарлауы, жер, суын жаулап алып, қуғынға салу — прогресс, Россияның келешегі оны ақтады. Сондықтан отаршылдық дәуірді «зар заман» деп атау саяси қате түсінікті» .
Қазақ әдебиетінде сол бір айрықша көзге ұрып тұрған ағым, оның азулы да айтулы өкілдерінін мұрасы жайлы сөз қозғағанда сол бір қилы тарихқа — зар заманның әдеби ағым ретінде таралуы мен танылуының ұзақ жолына кідіріс жасамай ілгерілей алмасымыз даусыз. Ал зар заман әдеби ағымы қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесімен, қазақ әдебиетінің өзіндік спецификасы мен іштей байланысып жатқан біртүтас құбылыс.
Бүгінгі әдебиеттану ғылымының алдында тұрған қыруар шаруаның ең үлкені — осы ағымның сыр, сипатын ашу. Зар заман әдеби ағымының көркемдік проблемаларын арнайы тексеру, оның көрнекті тұлғаларының әдеби мұрасын жеке-дара қарастыру, шығармаларын жариялау, текстология жұмыс — ол бағыттағы басты ізденістер болмақ.
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесінде С. Сейфуллин, М. Әуезов, X. Досмұхамедұлы, А. Байтұрсынов, С. Мұқанов, X. Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов, М. Мағауин, М. Жолдасбеков, А. Қыраубаева еңбектерін атап өгуге тиіспіз. Әдеби жанрлар, теориялық, тарихи мәселелерді жүйелеп, зерттеу жиырмасыншы жылдары түбегейлі қолға алынды да, кейінгіге азық болар, қазық болар коп еңбек жасалды. Мәселен, сол тұстағы сүбелі еңбектің бірі — Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» атты зерттеуін Мәлік Ғабдуллин қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу жөнінде түңғыш жасаған монографияның бірі деп бағалады. Бұл еңбектің әдебиет тарихын және оның қалыптасып, даму кезеңдерін азаматтық тарихқа байланыстыра зерттеуді, әдебиеттің көркемдік, жанрлық ерекшеліктерін айқындау бағытындағы зерттеуді ғылыми негізде орнықтыруды мақсатты, жүйелі түрде қарастырған; халық әдебиетін жиып-теріп, жүйемен зерттеп, жариялап насихаттауда өлшеусіз орны болған еңбек екені ақиқат.
Сәкен «...Шортанбай, Ақмола, Омар әздерінің шығармаларында көбінесе ескі бектік, бек сымақ заманды көксеп, сол заманның іріп - шіріп, өліп - өшіп бара жатқандығын көріл қимай зарланады. Өліп бара жатқанына өкініш етіп көзінен жас, үнінен сор шығарады, жаңа заманға жөнді көндіге алмайды», — дегенде, бұл ақындарды жазғырып, мінеп, апарып тастаудан аулақ. Болған жағдайды, жаңаға көндікпей зар шығарып, жас шығарған өксік өнердің күйін баяндайды. Әрине, Сәкен зар заман әдебиеті деп бөлген жоқ, бірақ «орыс патшасына бағынған дәуірдің» әдебиеті деп сол бір дәуірді бөлек алып қарастырғаны белгілі...
Бүкіл тарихымыздың оның ішінде... әдеби-мәдени тарихымыздың бұрмалануы Қазақстан жағдайында 1932 жылы ресми сипат алды. «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстанның территориялық майданындағы күрестің міндеттері туралы» алынған 1932 жылғы 10 қаңтардағы Қаулы біздің бүкіл идеологиялық жұмыстарымыздың түтінін теріске бұрып жіберді. Сондықтан ұлт - азаттық көтерілісі де, халық қозғалысы да, жеке қайраткерлердің іс-әрекеті де, ақын - жазушылардың шығармалары да, жыраулардың толғаулары да қазақ халқына қарсы бағытталған қаскөй дүниелер болып шыға келді». Енді казак әдебиеті тарихының, әсіресе XIX ғасырдың орта тұсынан Ұлы Отан соғысына дейінгі кездегі құбылыстардың басым көпшілігін қайта зерттеп, жаңаша баяндау қажеттігі туып отыр.
Әдебиет тарихын зерттеу, дәуірлеу мәселесінде қазір сүйеніш діңгек - тіректер де, сәл үңілсең әріге тартып әкетер бағыт-бағдарлар да бар. Ұзақ жылдар бойы ұлттық әдебиетіміздің тағдырын ойыншық еткен саяси «қырағылық» жоғалды. Енді тек аршы, аш айт.
Қазақ әдебиетінің тарихын жасауды алғашқылардың бірі болып қозғап, қыруар іс тындырып, үлкен әдеби мектептің негізін салып кеткен көреген ғалым профессор Бейсенбай Кенжебаевтың қынжылыс, толғанысына бейтарап қарау мүмкін емес. «Бір қарағанда, ешқандай таласы жоқ, тарихқа жүгінсек, өзінен-өзі түсінікті болып шыға келетін «қазақ әдебиетінің тарихы қайдан басталады?» деген мәселе төңірегінде аға буын әдебиет зерттеушілері — біраз қыруар уақытымызды, бар өмірімізді сарп етіппіз. Қайтесің, ғылым балаңдығы. Ұлттық психологияның өзгешелігі... Қазақ филологиясы ол дәуірді бастан кешпей, зерттеу методологиясын жетілдірмей, әдебиет тарихын тереңдеп зерттеудің келесі, келелі кезеңдерін өте алмасы және белгілі. Ол этаптардан бұл күнде біз де өттік - ау...» дегені ғалымның келешекке деген зор үмітін аңғарғандай.
Қазақ әдебиеті тарихының ғана емес, жалпы қазақ тарихының жоқшысы, жанашыры ғалым, жазушы Мұхтар Мағауиннің әдебиет тарихын дәуірлеудің ұзақ жылдар бойғы жағдайына тоқтала отырып айтылған пікірі бүл мәселенің күн тәртібінен түспегенін және айғақтай түседі. «Сонымен, көне дәуірдегі қазақ әдебиетіне арналған алғашқы және ең мәнді зерттеулеріміз бұдан жиырма - жиырма бес жыл бұрын жазылыпты. Одан беріде бар күш - жігер сол жасалған жұмысты тиянақтауға кеткен (тыңнан түрен салған ғұлама ұстаз Бейсенбай Кенжебаевтың өзінің бұл тараптағы негізгі еңбектері шәкірттерінің көмегімен кітап болып 1986 жылы әрең басылды). Жігер мұқалмаса да тауы шағылған. Нәтижесінде, тоқтамасақ та тоқырадық. Жаңа зерттеу жоққа тән, жаңадан қатарға түскен жігерлі жас мүлде көрінбейді. Сең бұзылған, жол ашылған кезде бүл қай тұрыс? Кезек күттірмейтін, коп болып ойланар мәселе осы» .
Бейсенбай Кенжебаевтың әдебиет тарихын жасаудың басы-қасында жүріп ғұмыр кешкені қазақ әдебиеттану ғылымындағы жанқиярлық еңбектің бір көрінісі. Өзінің айтуынша, қазақ әдебиетінің тарихын түркі халықтарына ортақ кезеңнен бастау керектігі жайлы проблеманы Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» атты оқулығына байланысты 1933 жылғы рецензиялық мақаласында алғаш рет айтқан. Сол мәселенің арғы - бергісі бүгінде, былайғы іске бағыт-бағдар сілтеуде ғалым еңбегі өлшеусіз. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жан-жақты ғылыми тұжырымдамасын Б. Кенжебаев жасады.
Әдебиет тарихына оның бірнеше дәуірлерді қамтыған тұтас ғылыми сипаттамасын алғаш рет жасаған ғалым Ханғали Сүйіншәлиев өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Оның «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» монографиясы ерте дәуір әдебиетінен XIX ғасырдың соңына дейінгі әдебиетіміздің тарихына арналған аса сүбелі зерттеу еңбек. Былайғы зерттеулерге негіз болған, қай бағытта, қалай қарай ілгерілеу, тереңдеу қажеттігін қамти, көрсете отырып атқарылған жұмыс. Ғалым бар ғұмырын халық әдебиетінің түрлі міндеттері мен мақсаттарына арнап келеді.
Әдебиет тарихын дәуірлеудің білікті мамандарының бірі ғалым Немат Келімбетов өзінің бүл мәселеге қатысты пікірлерінде әсіресе сан қилы әдеби ағымдардың пайда болу жолдарын, әдеби жанрлар мен әдеби тәсілдердің даму кезеңдерінде танып-білу керектігін баса айтады .
Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесінде ғалым Алма Қыраубаева белгілі бір кезең әдебиетін жарлық, тақырыптық, аудармашылық, текстология, идеялық - көркемдік принциптер тұрғысынан үңіле зерттеуде Алтын Орда аталатын үлкен, күрделі, ауқымды дәуірдің жан - жақты сипаттамасын жасауға ширек ғасырдан бері өз еңбегін сіңіріп келеді. Белгілі бір дәуір әдебиетін бағалау, таразылау мәселесіндегі осындай ғылыми принципті — бар дәуірге де қажет. Ғалым әдебиет тарихын дәуірлердің ішкі сырларына балаң, жас кезінде-ақ бойлап, меңгергенін мына пікірлер айғақтай түседі. «Әдебиетіміздің тарихында өзіндік із қалдырған осындай елеулі мұралардың бірі — XIII—XIV ғасырлардағы ескерткіштер. Осы кезең ескерткіштеріне тән жанрлық, тақырыптық, көркемдік тілдік сипаттардың ізі, өзара сабақтастық кейінгі дәуірлердегі әдебиетімізден, әсіресе XIX—XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінен жақсы байқалады. Ал мұндай заңдылықтарды танып-білудің қажет екендігі айдан анық. XIII—XIV ғасырлар ескерткіштерінің әдеби сипатын айқындау талабы шығыс әдебиеттерін дәуірге болу саласында әдебиетшілерімізді көптен толғандырып жүрген ғылыми ізденістермен де үндес» .
Ғалым Мұхтар Мағауин тұтас бір дәуірдің әдебиетін қазақ әдебиетінің тарихына қайталанбас ерекшелік сипаттарымен, терең ғылыми негізде әбден, даусыз орнықтыруға үлкен еңбек сіңірді.
Әдебиет тарихын дәуірлеудің мәселесі әрі коп, әрі күрделі. Соның ішінде тақырын аясынан ауып кетпес үшін, біз әдебиет тарихында «зар заман» аталған дәуірге байланысты айтылған ой-пікірлерге, сонан туындап жататын қайсыбір ғылыми, танымдық мәселелерге ғана арнайы тоқталуды мақсат тұттық. Бұл төңіректе қыруар мәселелер ақтарып -төңкеруді, жүйелеуді күтіп жатқаны анық.
Мұхтар Әуезов зар заман, отаршылдық дәуір әдебиетіндегі уақыт мерзімін іштей XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасыр әдебиетіне жатқызды. Бұл жіктеуді кейінгі зерттеушілер XVIII ғасырдағы әдебиет тарихы деп жалпылай бөлді.
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесінде ең әуелі қай дәуірден бастаймыз, әдебиет тарихына кімдер енуі керек деген жайлар тұрды. Қандай-қандай тұтас кезеңдер болғаны сараланады. Әр дәуірдің әдебиеті — ол біртұтас қазақ халқының әдебиеті. Ол әдебиетте қай дәуірде болмасын түрлі ағым, сарын, бағыт, бағдар, мән - мазмұн (уақыт, саяси-әлеуметтік, тарихи жағдай туғызған) болды. Мәселен, ұлт-азаттық сарын қазақ әдебиетінің өн бойында жатыр. Шоқан, Ыбырай, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов негіздеп, кейін кең арналарға ұласқан қазақ әдебиетінің ғылыми классификациясы да бір ғана дәуірге сыймайды. Ол — жүздеген жылдар бойы жасалған халық әдебиетінің тұтас еншісі. Орта ғасырлық әдеби ескерткіштерден кейінгі жыр үлгілерін, насихат, үгіт мәнді толғаныстарды кеп ұшыратуымыз кездейсоқтық емес.
Зар заманды әдебиеттің тұтас бір дәуірі деп емес (ол дәуірде басқа ағым - сарын да болуы заңдылық — К,. М.), қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы деп, және оны тікелей орыс отаршылдығы түрлі саяси актілерді іске асыруды мақсат етіп, ақыры тындырып болған дәуір — отаршылдық дәуір аясындағы әдеби ағым, өзіндік өзгешелік, бөлекшелігі бар бағыт ретінде қарастыру, тіпті сол XIX ғасырдың өзіндегі, XX ғасыр басындағы өзгеше бағыт, сарындармен араластырмау қажет.
Өкінішке орай, ғасыр басындағы барымызды тұтастай бағалауға, саралауға ұмтылыс ондаған жылдарға түрлі себептермен кешеуілдеді. Сондықтан көптеген зерттеуші тектен-текке алаңдаушылық білдіріп отырған жоқ. Өзге жұрттар сөйтіп жатыр, біз бүйтейік деген сырт түрленуден құтылдық. Өзіміздікі өзіміз танып, өз бағамызды беруге қақымыз бар өзіміздің ішімізді өзіміз алмасақ, өз обалымыз өзімізге. Өркениетті елдердің әдебиет тарихын жасаудағы ғылыми концепцияларының тәжірибелерін ескере отыру қажет. Ғалымдарымыздың әдебиет тарихын дәуірлеудегі түрлі кезеңдеріне келісе отырып, өзгеріс енгізу де, жетілдіру де қажет. Мәселен, бір XIX ғасырдың өзін екіге бөліп жүрміз.
Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлудің алғашқы айғақтарын жасап, әдебиетімізді халық ауыз әдебиеті және зар заман ақындары деген межелерге бөліп қарастырады. Зар заман әдебиеті жасаған дәуірді жүз жылдық дәуір деп бөледі. Сәбит Мұқанов XVIII—XIX ғасыр әдебиетін дәуірлеуде зар заман әдебиетін бөлек алып қарастырады.
«Әдебиет тарихы» оқулығының жүйесін саралай отырып, ғалым Мекемтас Мырзахметов әдебиет тарихындағы М. Әуезов бөлген жүз жылдық кезенді отаршылдық дәуір әдебиеті24 деп атауды ұсынды; қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуді қайта қарау мәселесін қорғайды.
Расында да, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі аяқталмаған процесс.
Зерттеушілер бұған гүрлі қисынды принциптермен келіп, өз ой - тұжырымдарын ұсынды, түрлі қисынды, әдебиеттану ғылымымыз үшін аса құнды қорытындылар жасады.
Соңғы жылдарда әдебиет тарихына хронологиялық тәртіппен келіп, онан өрі әдеби ағым, бағыт, сарындарды орнықтыру, айғақтау процесін күшейте жүргізу тенденция бел алып келеді. Әйтпесе, қилы сипатты, түрлі мазмұнды әдебиеттің ара жігі I жартысы, II жартысы деген дәл шекпен бөліп тастауға көне ме? Көнбейді. Ал, белгілі бір ғасыр әдебиетіндегі ағым, арналарды ажырату, айқындау, орнықтыру жағын қарастыру коп мәселені шешіп алуға бастайтыны сөзсіз.
Мәселен, зар заман ағымын отаршылдық дәуір әдебиетінің бар сипатын бойына дарытқан бағыт деп қарауға болмайды, сол отаршылдық дәуірдегі аса айқын, ауқымды әдеби - саяси ағым ретінде алып қарастырғанда ғана өзіндік сырын ашары хақ. Отаршылдық дәуірдегі әдебиеттің өзі жанр жағынан, қоғамдық-әлеуметтік сипаты жағынан бірнеше тұжырыммен шектеуге келмейтін аса үлкен әдебиет. Мәселен, Абай поэзиясы тек зар заман ағымына теліп қоюға келмейтін ұлан-ғайыр әлем.
Біздіңше, әдеби ағымдарды, дәуірлерді айғақтауда қайсыбір жағдайда шектеулі шарттылықтарға барудың да зияны жоқ. Әуелі бір қайырып алып, әрі қарай тарата беруге кеселін келтірмейтін шарттылықты тапқан жөн. Кезінде Мұхтар Әуезов зар заман ақындары туралы тұжырымдар жасағанда қайсыбір межелерінің шартты екендігін білмейді дей алмас едік.
Әрине, XIX ғасыр әдебиетін екі кезеңге бөліп келе жатуымыздың өзі сол әдеби ағымдардың, өзгешеліктердің, сарындардың ара жігін ашу үшін қолданылған шарттылық сияқты. Ал күндердің күнінде, XIX ғасыр әдебиетіндегі мына әдеби ағым, мына бағыт, мына сарын дегендей жіктеулердің түпкілікті орнығатыны күмәнсіз. Профессор Бейсенбай Кенжебаев қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуде XIX ғасыр әдебиетін екіге бөлмейді, сыншыл әдебиет деп тұтас баға береді. Яғни, ағымдарды, бағыт - сарынды, ерекшеліктерді ғалым әр дәуірдің ішкі талдауына қалдырып отыр.
Зар заман ағымы отаршылдық дәуірдің коп өзгешелігін қамтыған үлкен әдеби бағыт. Ол дәуірде өзіндік саяси, теориялық бар өзгешелігімен жаңа сипатта, әлемдік деңгейдегі, еуропалық мәндегі жаңа жазба әдебиеттің де туып, жасағаны, айтыс өнерінің де қанат жайғаны, түрлі қисса - дастандардың туғаны, сал-серілер өнернамасының өрістегені белгілі.
М. Мырзахметов «Отаршылдық дәуір әдебиеті» зерттеуінде саяси-әлеуметтік сырларға баса тоқталғанымен, әдебиеттің өзіндік ішкі сипат - ерекшелігінің өзін сол саяси ахуалды айтудың, көрсетудің негізі екендігін көлденең тастап отырады.
«XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы аралықта дамыған, заман талабына орай жанрлық, стильдік сопылықтарды, идеялық тақырыптық ерекшеліктерді тудырған көркем шығармалардың бәрі де негізінен саяси-әлеуметтік лирика шеңберінде жырланып. өзекті бір сарынды төсеніш етті. Осы себепті соз еткелі отырған дәуірдегі әдебиет тарихын дәуірлегенде оны бұзып-жармай - ақ бүтін қалпында "Отаршылдық дәуірдегі әдебиет" деп атауымыз керек» деп тұжырымдады.
М. Әуезов жүз жылдық дәуір деп бөлгенде XVIII ғасырдың екінші жартысы тұтастай енетін емес пе еді? М. Мырзахметов оны ұмытып отырған жоқ. Дәуірлеу мәселесіндегі өз ойын басқаша қисындармен негіздегендіктен де қоспай отыр.
Қазақ әдебиетінің тарихында «Зар заман дәуірі» бұған дейін ағым, бағыт емес, тұтас дәуір сипатында да қолданылып, айтылып келеді, солай қалса қайтер еді десек, XIX ғасыр, XX ғасыр басындағы барша ерекшелікті құрсаулап тастауға бастайтын сияқты. Сондықтан «зар заман» атауын әдебиетіміздің ұзақ тарихындағы айтулы да айбынды, айдынды ағым ретінде алып қарап, оның өзіндік көркемдік сипаттарын, ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеп, сол ағымға енуге тиісті әрбір ақын-жыраудың әдебиет мұрасын сол негізде тұжырымдау қажет. Мәселен, Шортанбай шығармалары қандай-қандай сипаттарына байланысты осы ағымға жатқызылды, жатқызылуға тиіс деген мәселеге ой жіберейік. Дулатқа да, Мұратқа да, Нарманбетке де сол ғылыми, көркемдік, саяси-әлеуметтік сипаттамалар негізінде келген тұста, әрі қарай тарамдап әкетер соқталы, сүбелі арналар аз емес. Себебі біз көбіне ол әдебиеттің — зар заман әдебиетінің тақырыптық ортақтығынан алыстай алмай жүрміз.
Көркемдік сипат: дәстүрі, жаңалығы, түрі, өлең өлшемі, көркемдеу құралдары т.б. сияқты таза эстетикалық таным тұрғысынан келгенде зар заман ағымына ортақ айғақтар көптеп табылады. Осы орайды М. Мағауиннің XV—XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясын түр, ерекшелік жағынан түйіндеуі, сипаттауы сияқты зерттеу, зерделеулер XIX ғасыр әдебиетінде аса қажеттілігі байқалады.
Арнайы оқулық жасаған профессор X. Сүйіншәлиевтің сол үлкен әдебиеттің өкілдеріне берген баға, анықтамалары ескеріле отырып дамытар, жетілдірер шаруа да аз болмаса керек.
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1957 жылғы «Қазақ халқының әдеби - поэзиялық және музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы қазақ әдебиеттану ғылымына жаңа бір арнаға түсуге қозғау салды. Жаңаның бәрі жақсылық, жетістік бола бермейтінін есте ұстай отырып, сол тұста қайсыбір жабулы жатқан қақпақтардың қозғалысқа түсіп, сіресіп қатқан тоңдардың жіби бастағаны, орынды-орынсыз коп әңгіменің ортақ пайдаға апарар бағыты белгіленгені даусыз. Соның негізінде қызу әдеби, ғылыми айтыстар өтті. Жиынтық түрі 1959 жылы 15—19 маусым аралығында өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференциясы болды.
Әдеби мұраны зерттеу, кәдеге асыру жайы жан-жақты сөз болып сол кездегі жетекші күш — партиялық саясаттың төте тартқан бетіне қарайлау басым болғанымен, мазмұнды, мәселелі кең әңгіме өтті.
Осы конференцияда ауызға аса көп түскен, әдеби мұрасы белгілі бір дәрежеде оз бағасын алған әдебиет өкілі — зар заманның азулы ақыны Шортанбай болды.
Конференция әдебиет тарихын белгілі бір жүйеге салу, оның даму жолдарының желісін тарту ісін біршама қозғалысқа салды. Бірақ қайсыбір тұста көне - кернеу бұра тартушылықтың не себепті бел алғанын бүгін білмей отырмыз десек, қисынсыз. Дегенімен айтылған, тұжырымдалған мәселелер жайында Б. Кенжебаев қынжыла айтқанындай, онсыз да көп уақыты қара шаруаға жұмсалған әдебиеттану ғылымының жалпы дамуына, былайғы өрісіне конференцияның ықпалы болғанын ұмытуға тиісті емеспіз.
Әдеби мұраны тану, бағалау төңірегінде дәл осы конференцияда айтыстың ушыға түсуіне бір себеп — «көркем - өнер — көркемөнер үшін» қарсылық, тап болған қоғамда — әдебиет таптық деген бұлжымайтын теориялар коп эсер етті.
Кажым Жұмалиев әдебиеттанудағы «бірыңғай ағым» — «единый поток» дегенге баса назар аударып , оның мәні әдебиеттің таптық қасиетін жоққа шығаруға тырысушылық деп тұжырымдады. Зар заман ағымы деп конференцияның өн бойында бір-ақ жерде — Б. Сүлейменов сөзінде айтылды.
XIX ғасырдағы әдеби мұраға байланысты кең сөйлеген ғалым Ысқақ Дүйсенбаев 20—30 жылдары берілген бағамыз қате, сондықтан соңғы жылдардағы тұжырымдарды нығыздай беру қажеттігін аңғартты.
«Бір топ сыншылар мен әдебиет тарихын зерттеушілер (әсіресе М. Әуезов, С. Мұқановты, Қ. Жұмалиевті меңзейтіндей, бірақ атаманды — Қ. М.) Шортанбай ақынның шығармаларын халықтық туынды деп, оның сөзін сыншыл реализмнің өкілі, бұқара көпшіліктің жыртысын жыртқан халықшыл ақын деп тапса, екінші бір топ әдебиетшілер сол ақынның өлең-жырларына баға бергенде Шортанбайдың көзқарасындағы қайшылықтарды да айтуға тырысып, бірлі-жарым сын айтқан болды.
Ал өз көзқарасында да ғалымның шындықтан аттап өте алмай қалған тұстары да аз емес. Ә дегенде Шортанбай ескішіл, исламға сүйенген, феодалдық қоғам жоқшысы деген тұжырымдарды төгіп - төгіп алып, ақынның санасы кертартпа бола тұра өлеңінде кейбір тұрмыс шындығы көрсетіліп отыратын тұстар бар дейді.
Мұхтар Әуезов Абылай дәуіріндегі зар заман ақындарын екі жікке бөліп қараған-ды. Бірі — келер күннің жұмбағын шешіп, елге үлгі, өсиет сөз сөйлейтін, болжау айтқан қария. Екіншісі — толғау айтқан жырау. Қариясы — Асан. Жырауы — Бұқар. Бұл жерде Мұхтар Әуезовтің Асан қайғыға байланысты ойының мәніне аз тоқтала кетейік. Абылай дәуірінде өмір сүрмегенімен шартты түрде хан маңында болуға тиісті ақылшы қариялардың жиынтық бейнесі ретінде аталғаны анық. Өйткені Асан М. Әуезов пайымдауында да ең алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, қырағысы. Зар заман ағымына М. Әуезов XIX ғасырда жасаған ақындардың бәрін кіргізеді:
«Бұқар жыраудан соң XIX ғасырдағы зар заман ақындарының басы — Махамбет. Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буып Абаймен тұстас ақындар». Нарманбет, Шернияз, Досқожа, Күдері қожа, Нысанбай заманы Абылай заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап, ойға тартамын деп отыруға болмай қалған заман екенін ұғындырады.
«Бұқар жырау заманынан келе жатқан бұрынғы әлеуметшілдік, ойшылдық сарынына Махамбет заманында ісшілдік қосылса, кейінгі ақындардың ақындар тұсында жаңа эсер сияқты болып дін мен мәдениет исі кіре бастады (Астын сызған біз — Қ.М.).
Мұхтар Әуезов жүз жылдық дәуір әдебиетін үш кезеңге бөліп, әр уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп отыр:
1. Әлеуметшіл, ойшылдық сарыны — Бұқар заманы.
2. Ісшілдік — Махамбет.
3. Дін мен мәдениет — Ыбырай.
Осындағы бір ғана дін төңірегінде, діни-ағартушылық сарын жөнінде бүгінгі әдебиеттану ғылымы қарастыра түсер көп жай бұғып жатыр...
«Зар заманның тұсынан бері қарай дін сарыны біздің әдебиетте жылдан жыл өткен сайын үлкенірек орын алады. Басы Шортанбайдан басталған діншілдік (бұл жерде мін ретінде айтылып отырған жоқ — Қ. М.), XIX ғасырдың аяғына келгенде толып жатқан да қиссаларына келіп соғады».
Мұхтар Әуезов зар заманды әдебиеттегі елеулі бағыт ретінде жан-жақты негіздеудің мәселелерін қойды. «Қазіргі қарастырылғалы отырған зар заман ақындары: — сол ел қамын сөзбен жоқтаған жоқшылар. Бұлардың туысы мен бағыт сарыны ел басына келген тарихи дәуірден туғандықтан, барлық ақынды тарих көлемінде қарастыру керек».
Тарихымыздың көтерілмей, жазылмай жатқан көп саласы бар екеніне ғылыми қауымның назарын аударғым келеді. Және ол кезеңдегіні буржуазияшыл немесе ағартушы -демократтық деп айыра салмай, ішкі көркемдік ерекшеліктеріне, эстетикалық қадір-қасиетіне қарай талдап зерттеуіміз керек... Өйткені өмірді реалистік, романтикалық, сатиралық, символикалық тұрғыдан бейнелегенде қазақтың көркемдік таным - талғамында талай жаңа сипаттар пайда болғаны даусыз. Осы дәуірдің саяси - әлеуметтік мәніне социологиялық тұрғыдан көбірек көңіл бөлгендіктен көркемдік, өнерпаздық мәселелерді зерттеп білуіміз жетіспей жатқанын ашық мойындауымыз керек, — дейді.
Жалпы әдебиетіміздің тарихындағы кезеңдерді, дәуірлерді ажыратып алу мәселесімен бір қаралуға тиісті түрлі бағыттар — мәселен, орыс әдебиетіндегі классицизм, сентиментализм, романтизм, реализм деген сияқты, түрлі ағым, сарындарды ажыратып айғақтау, болу, Б. Кенжебаев айтқандай не таза теориялық, тарихи болғаны жон. 1959 жылғы конференцияда Б. Кенжебаев әдеби мұра жасап кеткен дарындарды бірде кәсібіне (кітаби), бірде идеясына (ағартушы - демократиялық) қарай болу де дұрыс емес дегені — аса қисынды пікір.
Қайсыбір дәуірдің әдебиеті өзін іштей саралауға зәру. Кезең, дәуірге тұтас бөліп, бағыт -ағымдарға іштей ажырату қажет. Зар заман — белгілі бір мөлшерде тұжырымдалған бағыт, ағым. Бағытты — саяси, тарихи ерекшелігіне, ағымды — содан туған көркемдік өзгешеліктеріне қарай қарастырған абзал.
Зар заман ағымы жайлы соз болғанда М. Әуезовтің «Әдебиет тарихындағы» концепциясын ғылыми негіз етуге тиіспіз. Әуезов әлеуметтік астар жағынан да, мазмұндық ерекшелік жақтан да, көркемдік өлшем - өзгешеліктер — түр, дәстүр, өзгеріс, қолданыс, жанр т.б. жақтардан жан - жақты талдады.
Жүз жылдық дәуірдің саяси сипатын мейлінше жан - жақты қамтыған ғалым сол дәуірдің зар заман аталып отырған әдебиетіне байланысты бірнеше басты-басты тұжырым жасайды:
1. Зар заман әдебиетін туғызушының бірі жыраулар болғаны белгілі. М. Әуезов қазақ әдебиетінде жырау қайдам миссия атқарды, оның өмірі, өлеңі немен ерекшеленеді деген мәселені мол қамтыды.
2. Жазба әдебиетке ауысу себептерім, ол әдебиеттің жалпы әдебиеттен айырмашылық, өзгешелігім сөз етті.
3. Зар заман әдебиетіндегі тарихи жырларды теориялық, мән-мазмұн жақтан талдады, сол әдебиет тұсында туған түр деп таныды.
4. Зар заман әдебиеті кімнен басталып, кіммен аяқталады дегенді атап көрсетті.
5. Зар заман әдебиетінің негізгі сарындарым айғақтады.
6. Зар заман әдебиетін жанр, түр, өлең үлгісі жағынан бар лады.
7. Бұл әдебиетті даму, өзгеру себептерім атап, 3 кезеңге бөліп көрсетті.
8. Зар заман ақындарын қайсысында қай сарым басым болғаным саралады.
9. Былайғы зерттеу, іздемес міндеттерді тұжырымдады.
Жүз жылдық дәуірдегі зар заман ағымына М. Әуезов «XIX ғасырда болған ақындардың бәрі кіреді», — деген ойы Нарманбетпен тұйықтайды. «Зар заманның артқы ақымы XIX ғасыр мем XX ғасырдың жапсарында өмір сүріп, сол кезде өлең айтқам Нармамбет заман зарының ең ақырғы күйім шертіп, тоқтағам осы ақым... осының заманымен, осыдан кейінгі дәуірде зар, күй қазақ әдебиетінен бітеді» . Себебі, қалың ел бұрынғы көп тілекті кемітіп, құлдыққа, қорлыққа, таршылыққа еті үйреніп, өліп кеткен, жаңа заман жетегіне жүруге ынтық бола бастаған.
Зар заманның артқы ақыны Нарманбеттің әдебиеттің бір ғасырлық дәуірін «Сарыарқа» жоқтауымен тындырғанын тұжырымдайды.
Сарыарқа, сарқыраған суың қайда,
Түнде шық, күндіз мұнар, буың қайда.
Найзағай жарқ-жұрқ етіп нөсер құйған,
Көк жасыл, кемпірқосақ туың қайда...
Күрделі, шешілгеннен шешуін күтіп жатқаны көп шаруа — әдебиеттегі бағыт, ағым, сарындар жайы. Буржуазияшыл - ұлтшылдық, ағартушылық - демократиялық бағыт, діни - ағартушылық ағым, ұлт-азаттық сарын, әлеуметтік, ойшылдық сарын, үгіт-насихат сарыны, дәстүрлі философиялық бағыт т.б. дегендей тіркес - ұғым біздің әдебиеттану ғылымымызда аз қолданылмайды.
1959 жылғы конференцияда М. Сильченко «Об основных тенденциях и направлении казахской литературы 80— 90-х годов XIX века» деген арнаулы баяндама жасады. Бірақ, өкінішке орай, саясаттың ықпалымен, бұл мәселеге шынайы ғылыми кірісу байқалмады, ғылыми тұжырым жасалмады.
«Прямая идейная связь творчества Мурата с поэзией Шортанбая и общность их наиболее характерных речевых оборотов («Зар заман», «Тар заман» Шортанбая, «Сум заман» — Мурата) позволяют говорить с продолжающейся тенденции, в основном реакционной, охранительной и противоборствующей с просветителями» .
Әдебиет тарихында діншіл, діни сарын ұғымдары болғанымен, сол діншілдік, діни, соның ішінде XIX ғасыр әдебиетіндегі дін жайын арнайы қарастыру — зар заман ағымының бетін аша түсер жай.
Әдеби мұрамыздағы, соның ішінде зар заман әдебиетіндегі дін сарыны, мұсылмандық шарттары болуы — тіпті де діншілдік емес.
Болса да жағымды, мағынадағы діншілдік ол — әдебиетіміздің тарихында ежелгі ескі замандардан жасап келе жатқан имандылық идеясының толыса түсуі, заманға қарай мәнін, мақсатын айқындай түсуі.
Халел Досмұхамедұлының мына бір тұжырымында XIX ғасыр әдебиетіндегі көркемдік ағым, бағыт, сарындағы дін жайының түп - төркін сыры жатқан сияқты. «Қазақтың жазба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салғаны сөзсіз. Сондықтан да жазба әдебиетінің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу қажет» .
Олар айтса, ақыретті айтса — адамшылығыңды, кісілік қасиетіңді, тәңірі — жаратушының оң көрген ісіп сақта деп уағыздайды. Дүниені керме, сезбе, таныма, ойланба, соқыр сенім, көзсіз құлшылықта бол деп емес, сергек бол, сезімді бол, танып тауып істе деп айтады. «Ақыретте жалған жоқ, таразысы басқа бір бөлек», — деп, күні ертең жауап берер күнәдан сақтандырады. Есеңгіреп, есі шыққан, алмаған заманда алласынан жаңылған пендені жан, тон, ар тазалығына тартады.
Атамыз — Адам пайғамбар
Топырақтан жаралды.
Мұсылман, кәпір — халық боп.
Сол заманнан таралды.
«...Тек билеу системасында ғана емес, қоғамдық құрылыстың басқа салаларында да жаңа тәртіп қабылданды. Әкімшілік, сот құрылысы, салық, жер, дін, мәдениет мәселелері жөнінде заңдар шығарылды... Дін туралы ереже мұсылман дінінің уағыздарына тежеу салып, христиан дінінің ықпалын арттыруды көздеді. Бұл мұсылман қауымының наразылығын тудырды».
Шортанбай заманындағы әдебиеттегі, қоғамдағы оның өз шығармаларындағы діни жайына, діни сарыны мәселесі дегенге тоқталғанда дәл сол заманда халық ішінен әдебиет үлгілерін жаттап зерттеген, оған баға берген В. В. Радлов пікірлері де біраз сырдың астарын ашады. Кейінірек Шортанбайға діншіл, діни деген атақтың ажырамастай болып жабысуының бір ұшығы Радловқа сүйене сөйлеуде жатқан сияқты. В. В. Радлов әдебиет, халық жайлы танымдық, ғылыми еңбектерінде ел ішіндегі әдебиет үлгісіне, түріне, сарынына, ерекшелігіне барлау жасайды. Сез жоқ, В. В. Радловтың да қазақтардың қаншалықты діншілдігі жөнінде ақпар, мәлімет жиып беруі міндеттелді. Ғалымның қазақтар арасындағы ислам дінінің жайылуына, жайына катысты көптеген мәліметі бар. Әдебиет түрін айғақтап отырып айтқанда ел жағдайын қамти отырады.
Алайда, Ресей Империясын халықтың басқа күйі көбірек ынтықтырғандықтан да ғалым бар жұмысына сипаттама бергенде империяға аса қажет мәліметтерді алға тарта сөйлейді.
«Бүл басылымның I және II томдарында жарияланған халық әдебиетінің үлгілері басқа көпшілік тайпалас тәрізді ислам әсеріне беріле қоймаған көне шаман дінін әлі де берік ұстаған Оңтүстік Сібірдегі түркі тайпаларының рухани мұрасын құрайды. Ал мына ұсынылып отырған том Алтайдың терістігін жайлаған қазіргі кезеңде ислам дінін тұтынатын, түркі тайпаларына арналған. Ол тайпалардың ретін біз территориялық жағынан да, қоғамдық және рухани жағдайымен де Мухаммед дінінде жоқ түріктерге бір табан жақын тұратын қазақтардан бастаймыз».
XX ғасырдың барысында қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесін, жанр, түр жағынан жүйелеп - саралаған Ахмет Байтұрсыновтың әдебиеттегі діни сарынға, жалпы дінге көзқарасында сол кездегі империялық саясаттың салқыны сезілгенмен қазақ әдебиетіндегі діни сарын жайлы белгілі бір дәрежеде бізге құнды мәлімет, тұжырымдар тастап кетті. Ахаң қазаққа жазу дінмен келген дейді. Дін үйретушілердің халыққа өлең сөздің өтімділігін пайдаланып көп жайда дін уағыздарын өлең - қиссалармен таратқанын айтады. Сол ой ағыныңда Шортанбайға назар аудара кетеді, «...қожалардың, молдалардың ішінен Шортанбай, Ақмолда сияқты ақындар шыққаннан кейін жазба сөздері бітпеген, дәмді». Діни сарынның қыр-сырына Ахаң бірталай бойлайды.
«Бастапқы жазба әдебиетінің бас мақсаты — дінді жаю, дінді күшейту болса, соңғы әдебиеттің бас мақсаты — тілді ұстарту, әдебиетті күшейту, көркейту болады. Сөйтіп, жазба әдебиеттің өзі екі дәуірге бөлінеді: діндар дәуір, ділмар дәуір» .
Бұл пікірдің негізінде сол дәуірдің басқа шығармаларының сипатымен бірге Шортанбай шығармашылығы да қамтылып отырғаны даусыз. Бұл жерде Ахаңның ол әдебиеттің саяси астарына бармау себебі түсінікті. Сонымен бірге бірінші кезекке XIX ғасырдың орта шенінде аса жандана түскен миссионерлік саясатқа қарсылық ретінде бой көрсетіп, етек жайған діни-ағартушылық мұраттары шыққан. Ол құбылысты әдебиет тарихында қашан, қалай атасақ та мақсаты сол болғаны даусыз.
Байтұрсынов анықтамасында:
Хикаят — діндар дәуірдің өнеге үшін шығарылған әңгімелері. Ол дін үйрету үшін ғана емес, басқа да өнеге көрсету үшін айтылады. Ғалым бұл тұста Молда Мұсаның шығармасын келтіреді.
Насихат — ақыл, үгіт. Насихат шариғат жолына тіреліп айтылған. Бұл жерде Әбубәкірден үзінді келтіріледі.
Насихат өлең, ежелгі дәуір әдебиетінен келе жатқан, әуелден бар өлең түрі екенін, кейінде де, бүгінгі өлеңде де бар дәстүрлі сарын екенін, оның тек А. Байтұрсынов атап отырған діндар дәуір тумасы емес екенін ескере өтуге тиіспіз. Бұл өзі басқа түрлерге де аса қатысты жай. А. Байтұрсынов дін жайын айту күшейе түскен тұстың ерекшелігін атап отырып, өзі тоқталған мәселенің бір дәуірде ғана туа салмағын сарындар екенін тәптіштеп жатуды қажет көрмеген сияқты.
А. Байтұрсынов насихатқа Шортанбайдан ұзақ үзінді келтіреді:
Билер пара жемеңіз!
Жалғанды жол демеңіз!
Ақырет қамын іздеңіз!
Жанға тіпті тимеңдер!
Кісі ақысын алмаңдар!
Аузына арам салмаңдар!
Дүние жиып өткен жоқ.
Бізден бұрынғы пайғамбар.
Сөз айтайын үлкендер!
Құдайдан қапы кетпеңдер!
Әлің келсе. Меке бар,
Старшын болыс болам деп,
ЬІсырап қып мал төкпеңдер!
Мінажат — ғұламалардың құдайға айтқан зары, арызы, наласы. Мақтау, даттау, айтыс, толғау, намыс толғауы, соғыс толғауы, марқа қайыс толғауы, жоқтау мәніне тоқтала келіп, терменің жайын айтады. Терме — діндар дәуір термесі мен ауыз әдебиеті түрінің термесі бірдей. Діндарда дін сөзі көбірек деп келіп, мысалға діндар әдебиет термесі үлгісі ретінде Шортанбай шығармасын ұсынады:
Шортанбай діншілдігі деген болсын, немесе басқалардың діншілдігі тұтасып жатқан діни сарын дегеннің болсын біздің әдебиетімізде көзсіз құлшылық, шектеулі діндарлық мәнінде ешқашан болмағанын ашық айтуға тиіспіз. Діннің дүниетаным, адамшылық негіздермен астасып жатқан ұлы рухани күш ретінде мызғымас тірек болып келгенін, оның өзі тек мұсылманшылық аясында ғана емес, жалпы адамзаттық таным, биік мұраттармен сабақтасып жатқан өлшеусіз әлем, нұрлы бастау болғанын көрмеске болмайды.
Біздің әдебиетіміздегі дін жайы дегенді қарастырғанда Б. Кенжебаев айтқандай, діншіл бір басқа, діни ағартушылық бір басқа екенін де есте ұстауымыз керек. Өйткені, ғалым Әбубәкір, Мақыш, Нұржандарды кітаби, діншіл, ескішіл бағыттағы ақындар қатарынан ажырата қарайды. Қайта олар діни қараңғылыққа — надандыққа қарсы шығып, казак арасында өте-мөте прогресшіл болған жаңа оқу — жақтады дейді.
Сонымен, діни сарын бір Шортанбайдан бастала қалған, немесе бір кезеңдік қана құбылыс емес. Ол ежелгі дәуірде де, орта ғасырларда да болды. XX ғасырдың басында да болды. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі мақсатта шығып, бой көтерді, көрінді. Мәселен, шоқындыру саясатына қарсы дін негіздерін қисса, хикаяттар, арнайы ғылыми еңбектер (Алтынсарин, Шәкәрім — «Мұсылманшылықтың тұтқасы», «Мақтубат», «Мұсылмандық шарты») сипатында, немесе заман түнегінен адамшылық қасиеттерді алып шығуға уағыз түрінде (Шортанбай, Әбубәкір, Ақмолда т.б.) жырлаушылар қазақ әдебиетінің тарихынан бірқыдыру табылатыны даусыз.
Бейсенбай Кенжебаев әдеби мұраға көзқарастағы діншілдік, діни деген ұғымға үнемі оз тұжырымдарымен қарсылық жасап отырғанын қайта айналып соғып, ғалым еңбектерін және бір қарап шыққанда тіпті мойындай түсеміз. Бірде-бір рет дінге қатысты болған себепті ешкімді де, ешбір шығарманы да сөкпеген, қайта ұғындырып, жалған жаладан арашалаумен болған. Мұсылманша оқығаны үшін, мектеп - медіреседе молда болғаны үшін XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жекелеген ақындарға тағылған айдардың жөнге келмейтінін негізгі дәлел, қисынды уәждермен айтақтап отырды.
«Нұржан... дінді түсіндіреді. Оны діни фанатизм түрінде түсіндірмей, діни ізгілік, жалпы адамгершілік, ағартушылық тұрғысынан түсіндіреді» .
Сонымен, Әуезов атаған зар заман әдебиетінің (жүз жылдық дәуірдегі) бір сипаты болған, қайсыбір тұста кертартпа кемшілігі ретінде бағаланған діншілдік деген ұғымның шын мәні басқада екені, туу, көріну себептері, мақсаты неде болғаны, әрі халықты қараңғылықта қамап емес, жарыққа тартып отырып туғаны белгілі. Соны әдебиет тарихында, әдебиеттану ғылымымызда әдебиет тарихындағы аса елеулі, аса ауқымды ағым есебінде тұжырымдайтын мезгіл жетті. Сөз жоқ, ол күрделі де қиын зерттеулерден тұрмақ.
Коммунистік идеология ыңғайымен бұл құбылысқа мүлде басқаша сипат, баға беріп келгеніміз де шындық. Тек діни ұғымдағы сөз қолданысқа бола да діншіл дедік, дін арқылы бүкіл адамзаттық игіліктерді уағыздайтын қисса, хикаялардан үрке қашқандай болғанымыз және бар. Қазақ әдебиетіндегі діншілдік, діни әдебиет өкілдері дегеннің сұмдық естіліп, аяусыз соққыға түскен науқанның бірі 1957 жылғы қаулыға орай өткізілген 1959 жылғы конференция болғаны даусыз. Мұнда дін жайы — күн тәртібіндегі қызына, дінді індете сөйлеуге негіз болған тақырыптардың бірі болды. Бірақ өкінішке орай, дін деген нәрсеге үрейлене қарау, айыптап, апарып тастап сөйлеу көп болғанымен, шын мәніндегі әдебиетімізде анау замандардан бері болып келе жатқан осы сарын, осы ағымның қилы уақыттардағы көрінісіне, теориялық негіздеріне тереңдей бойлау, белгілі бір заңдылық ретінде мойындау, тұжырымдау болған жоқ. Патша саясаты әуелде исламды күшейту жағында болған тұстары да біздің тарихымызда байқалған жай. Бірақ 1959 жылғы конференцияда Ы. Дүйсенбаевтың ислам феодалдық тап мүддесін көздеді, сондықтан патша үкіметі де соны қолдады дегені айғақты тұжырым болған жоқ. Ал мына бір түйін қай мәнде айтылғанына қарамастан, шындықты жеткізуімен құнды: «Кейін, XIX ғасырдың орта шенінде патшалықтың Орта Азия халықтарына қарсы асқындаған отаршыл шабуылына байланысты исламшыл феодалдар «көпірлерге» қарсы әрекет жасау керек дейтін кертартпалық бағытты бастағанда, сол ислам діні айқын үгіт құралына айналады. Оның ақыры кейін панисламизм.
Әдебиетте дін халық өмірінде қашаннан болса, сонан бері бар. Діни сарын шығармалардың жанры, мәні, астары әдебиет, дәуір ерекшелігімен бірге өзгеріп, түрленіп отырды. Наурыз, бақсы сарыны, жарапазан, бата, қисса т.б. (Бұл классификация әуелде М. Әуезов, X. Досмұхамедұлы, А. Байтұрсыновтан бастау алып кейін Р. Бердібаев, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, X, Сүйіншәлиев, Н. Келімбетов т.б. ғыл. еңбектерінде жүйеленді). Бүл бар ағымға да, бар сарынға да қатысты жай, әрқайсысы белгілі бір кезеңде туған діни сарындағы әдебиет үлгілері, жанр, түрлер. Әдебиеттің өзі — дүниетаным. Дін, ол да — дүниетаным. Адамды табу, тану, ашу. Ендеше әр дәуірде әр мақсат, әр көріністе дін өлеңдерінің, діни сарынның, бағыттың болуы — заңдылық.
Әр кезеңдегі қай құбылыс болмасын тарихи себебі, астары бар. Ежелгі Қорқыт аңыздарынан бері келе жатқан, халықтың ауыз әдебиетімен бірге жасап келген дін сарынының өлшеусіз құндылығы да, кері жағы да, толып жатқан өзіндік қыр-сырлары да бар. Оған, расында да, философтардың, тарихшылардың, дінтанушылардың, әдебиеттанушы ғалымдардың ғылыми жүйеге сүйенген тұжырымдары ғана бойлатады.
1959 жылғы конференцияда осы мәселелер арнайы сөз болғанымен, ғылымның көсегесін көгерте қоярлықтай тынған шаруа көп емес. Профессор Қажым Жұмалиевтің арнайы баяндамасында мынандай мәселелер күн тәртібінде қойылды. «...ауыз әдебиеті, тарихи әдебиет, олардың өзара жақындық және айырмасы, әдебиет тарихын қай дәуір, кімнен бастаймыз, оның себебі не, әдебиет тарихы деп нені айтамыз, XVIII ғасырдағы, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінде қандай әдеби бағыттар болды, оның таптық, әлеуметтік себебі қандай, әдебиеттегі «бірыңғай ағым» дегеніміз не, XVIII ғасырдың басындағы ақындардан кімдерді әдебиет тарихына енгізуіміз керек?»51.
Кеше де, бүгін де, ертең де әдебиеттану ғылымының негізі, қозғаушы, күші мәні мен маңызы болар мәселелер, Ғылыми негіз.
Қажым Жұмалиев осы мақсатта түбегейлі, түйінді бірталай мәселені қамтыды. Әрине, «солақайлықтым қандайына да жол берілмесін» деген Қаулыдан кейін тіпті жанданып кеткен қайсыбір сыңар жақтық салқыны, көлеңкесі Конференцияның барысынан мейлінше байқалады. Жұмалиев пікірлер де сол таңба айқын, басым түскен түс жоқ емес. Саяси тұғырларға мән көбірек берілді де, ағымдар, сарын, бағыттардың ғылыми қисындары қағаберіс қала берді.
Ежелгі зар заман ағымы ұғымына ұзақ жылдар мойын бұрмағандай көрінгенімен, ол әр атауда, әр күйде әдебиеттану ғылымының даму барысында көп сөз болды. Бірақ ағым, бағыт, сарын дегендер түбегейлі айғақталудан алыс болды.
Таптық әдебиет, әдебиеттегі тапшылық деп дүркіреп тұрған уақытта отаршылдық дәуір әдебиеті бар қалпымен тұтас алынып аталған «зар заман» атауынан безгеніміз рас, өйткені пәлесі көп еді...
Енді зар заман дәуір ме, ағым ба, бағыт па, сарын ба дейтін сұрақ төңірегіне ойысып көрелік. Басын ашып айтар жай: зар заман атауы осы ұғымдардың барлығына да анықтама болып келеді. М. Әуезовтің қолданысында зар заман — дәуір, зар заман — бағыт, зар заман — ағым, зар заман — әдебиет, зар заман — сарын.
Зар заман өкілдері кіретін әдебиеттің өзгеше сипаты болғанын, өзіндік беті болғанын қалай айтқанына қарамастан, ғалымдарымыз әр уақытта да айырып, ажыратып, анықтап айтып отырды. Кейінгі, сол зар заман әдебиеті дәуіріне кіретін әдебиетті бағалау, саралауда да ағым, бағыт, сарын сыпыр қолданылады. Ол өзі заңды да.
Енді сол қандай заңдылық, теориялық тұрғыдан қандай қисындарды негіз етуге тиіспіз дегендерге жүгініп көрейік. Сарын дегеніміз біздің әдебиетте қай ұғымда қолданылады; ағым ұғымының мәніне: бағыт қандай жағдайларға қатысты? Бұл атаулардың, ұғымдардың қолданыста бар екені, ондаған жылдардан бері әдебиеттің өзіндік бет -бағдар, көркемдік, идеялық ерекшеліктердің, сипаттарын бекіту, айғақтау мақсатында, мәнінде айтылып келе жатқаны даусыз. Байқап барласақ, үңіле қарастырсақ, бұлардың тек жалпы мәнде емес, өзіндік жалқы мәнде қолданылатынын, сонан барып қайсы бірі, кей тұста жалпының да жүгін көтерісуге ауысып отыратынын сезіну, тану қиын емес.
Ең әуелі — сарын. Сарынға дәстүрлі, көкейтесті мұраттар астар болады. Сарын — мазмұн, идея. Мәселен, қазақ әдебиетінің тарихында оның бар дәуіріне қатысты, үзілмеген, желілі дәстүрлі сарындар аз емес. Ұлт-азаттық, діни, діни-ағартушылық, адамгершілік, ұлтжандылық, т.б...
Сарын — идея, мақсат дегенімізді, әдеби түр емес, мазмұн, мән, астар - әуен, хал - күй, насихат, үгіт, қоғамның жайы, адамның күйі екенін Б.Кенжебаевтың Алтынсарин қазақ әдебиетіне орнықтырған жаңа мазмұн, мәнге орай айтылған мына пікір айғақтай түсетіндей. «Ыбырай, оны іле-шала шыққан Абай — қазақ халқының жаңа әдебиетіне яғни еуропалық стильдегі әдебиетке негіз салды, қазақ халқы әдебиетінің тарихында жаңа сарын туғызды. Бұл сарын — жігерленіп, тіршілікке ұмтыл, өмірге төзімді бол, талапты іске кіріс, атаңның баласы болма, адамның баласы бол деп жырлаған еді. Бұл сарын — замана ағымына қарай халықты өнер-білімге, мәдениетке шақыру, жаңалыққа бой ұрғызу, алдыңғы қатарлы елдердің мәдениет белесіне теңестіру, орыс, батыс елдерінің мәдениетіне жақындату, жетілдіру мақсатын көздеген еді. Бұл сарын біздің XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетіміздің негізгі сарыны, басты бағыты болды» .
М. Әуезов сарын атауын мән-мазмұн, астар, идея мағынасында қолданады. Оған белгілі бір кезең сипат, әдеби көрініс деп қана емес, кең ұғыммен келеді. Бұқар жыраудың «Тілек» толғауын талдай отырып: бүл толғауды туғызған да жаңағы сарын. Келешек қандай күйлер әкеледі? Не сыбаға тартады? Зәлімнің тіліне еріп, ел аза ма? Алпыс басты ақ орда жатқа жем бола ма? Жер қайысқан қол келіп, ел саса ма? Тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібіткен аналар аңырап қала ма? Барлығы да келе жатқан кер заманда болуы мүмкін . Сарынның бағыт мәніне ұласуы Әуезов талдауларында да кездесіп отырады. «Сол сұрақ, сол жұмбақ, жүз жыл бойында қазақтың есі кірген әдебиеті ылғи бір-ақ сарын, бір-ақ бағытпен өтеді. Ол бағыт зар заман.
Әуезов қолданысында сарын алуан түрлі қалпымен қалқып шыққан. Мұң, зар сарыны, әлеумет қамын сөйлеу, шарт сарыны, қайғылы, қаралы сарын, жоқтау сарыны, күй сарыны, әлеуметшіл сарын, ойшылдық сарыны, дін сарыны, діншілдік сарыны, күдік, сыршылдық сарын г.б.
Әуезов қолданысында ағым атауы да, сарын да, бағыт та, дәуір де, әдебиет те зар заман анықтамасымен қосақталып жүретінін айттық. Бірақ ғалым әрқайсысын аса бір дәлдікпен, ішкі түйсік - сезіммен тек өз орнында қолданып отырғанын байқамау мүмкін емес. Сапырылысып жатқандай көрінгенімен, әр сөздің мәні зор. Әр тұжырымның теориялық тұғыры бөлек. Сол қилы сарынды зар заман ағымының қанатының астына тұтас жиып: «Енді сол дәуірдегі зар заман ағымына кірген кім?» — деп, мәселе қоюының өзі осы пікіріміздің айғағы.
Сарын ұғымы бірде дәуірге де, әдеби әдіске де, бағытқа да бағынбайды, бірде ол әдеби ерекшелігі сараланған ағымның бір ерекшелігі, бір көрінісі. Сарын бағытта да, ағымда да міндетті түрде болады. Ол бірде тар, бірде өлшеусіз кең ұғым есебінде қабылдануға тиіс.
Ағым ұғымы жайлы тұжырым жасау да оңай емес. Біршама қарастырғанда бұл мәселеде көз жеткізгендей болған түйініміз: ағымда бірнеше сарын болады. Әдеби әдіс, тәсіл де бірнешеу.
Бағыт — біреу. Жалпы, аса таратылып, жіктелмегенімен, әр жылдардағы ойлар жиынтығы (әдебиеттану ғылымындағы — Қ. М.) сарынның не, бағыттың не, ағымның не екенін дәл ажыратып, тұжырымдауға негіз болады.
Әдебиеттегі сарын адамның, қоғамның талап-тілегі, мұң-мұқтажымен үндес ұғым. Жершілдік сарын, күрескерлік сарын, отаншылдық, азаттық, діни т. б. Сарынның әлеуметтік-саяси қырлары коп болғанымен, ол өз алдына бағыт емес, белгілі бір әдеби, саяси бағыттың идеялық күйі, ағымның көп қырының бірі. Ағым ұғымы көбіне әдебиеттің әлеуметтік, тарихи, саяси сипаттарым негіздеп, бөлектеп көрсететін әдеби түр, көркемдік ерекшелік - сипаттарға тұтас қарағанда қолданылады. Мәселен, әдебиеттегі діни сарын, діни ағым дегендердің мазмұнында ұқсастық болғанымен, мәні, көрінісі қилы-қилы; айырмашылықтар ажыратып жатар тұстары аз емес.
Тағы бір айта кетер жай, жалпы қазақ әдебиетіндегі бағыт, ағым атаулының ажыратылып айта бастауы XIX ғасырда жатқанымен, ғылыми негізде қарастырылуының езі зар заман әдебиетін айғақтаумен бірге ғана басталған сияқты. Мұның өзі айрықша қызық құбылыс. Жазба әдебиеттің пайда болуымен тығыз байланысты ерекшелік. Ендеше, бағыт, ағымдардың айқындалып, әдеби өмірге енуінің шартының бірі — әдебиеттің жазба гүрге көшуі. Зар заман — қазақ әдебиетінің «кезең асқан дәуірі». Ағым, бағыттар онымен бірге туды. Ендеше, зар заман ағымы — қазақ әдебиетіндегі бар ағым атаулының, бұрын-соңды байқалып, бекіген ағымының (түрі) басы. Әдебиеттің жаңа сипаты түрлі теориялық негіздермен ғана бекитінін есте ұстасақ, бұл пікіріміз негізсіз емес сияқты. Жаңа әдебиет, жазба әдебиет әдістен, түрден жаңа мақсаттан туды. Туды да сол ағым, бағыт, әдіс, бет құбылыстарын негіздеді, орнықтырды.
Әуезов зар заманды бағыт, ағым, сарын, тұтас дәуір есебінде атағанда, әрқайсысына арнайы, бөлек тоқталды. Өз мәнін беріп айтатынының бір ұшы осы жайларда жатыр. Ғалымның зар заманды жазба әдебиетпен, соның мәнімен, өзгешелігімен негіздеуі кездейсоқтық емес.
Шығармаларындағы ортақ сарын, ортақ бағыт тұтас бір дәуірдің ақын-жырауларын бір ағым қазар заман ағымына қосты. Сарын мен ағым бір бағытқа — зар заман бағытына теліді. Бағыт пен ағым бір сарынға, бір күйге бөледі, зар заман сарынымен сөйлетті.
Көріп отырғанымыздай, бұл ұғымдар бір қарағанда — дара, бір қарағанда — біртұтас. Ара жігін ашып тастау мүмкін еместей көрінеді. Бірақ олардың ара жігі айқын. Сарынның — бағыт, ағымсыз болуы, белгілі бір кезең қыспағына сыймай жатар тұстары бар. Ал ағым — белгілі бір дәуірге, оның саяси ахуалына тәуелді. Бағыттың да әдеби ерекшеліктер жағынан (романтизм, реализм т.б.) әр дәуірде болуы табиғи, ал ағым кезеңдік құбылыс. Мәселен, діни ағартушылық ағым т.б. Ал бір тиянаққа келу үшін жүгінер төрелік аз емес. Соның бірі осы сарын, бағыт, ағым атауларының тілдік ұғымдары жағынан келсек үшеуінің өзгешелігін байқау қиын емес. Мәнінен келіп қарастырсақ:
Бағыт — қандай? — сын есім.
Ағын — қандай? қалай? — сын есім, үстеу.
Сарын — не? — зат есім.
Бағыт, сарын бар тарихқа тән болса, ағым белгілі бір кезеңнің саяси тұрпатынан келіп шыққан мазмұн, түр.
1. Бағыт — әдеби, әдіс-тәсілмен бекіген саяси бет.
2. Ағым — белгілі бір кезеңнің, немесе тұтас дәуірдің саяси-әлеуметтік жағдайынан келіп туған, көркемдік, тақырыптық жақтан ерекшеленген әдеби құбылыс.
3. Сарын — дәстүрлі, көкейтесті мұраттарды алға тарту.
Мазмұн. Мән. Идея.
Бұл үш ұғым бірімен бірі бірлікте, біріне-бірі көп жағдайда тәуелді. Зар заман әдебиетінде бет, бағыт, ағым - сарын қос қабат өріліп, тұтас бір дәуірдің өзгеше сипаты түскен көркемсөз әлемі ретінде көрініс тапты.
Бағыт — әдіс, тесіл, стиль, бет.
Сарын — идея.
Ағым — әдіс, идея, түр.
Әрине, мұндай жадағай құрғақ қисын, қиюластырудан бұл ұғымдардың мәні бітпейді. Сондықтан қайсыбір теориялық тұжырымдарға жүгініп көрейік.
Академик Зейнолла Қабдолов ағым, бағыт ұғымдарын жан-жақты негіздейді.
«Стиль — өнер ерекшелігі. Әр стиль — бір-ақ суреткердің өнеріне тән ерекшелік. Ал осындай өнер ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерге тән болуы мүмкін бе? Әбден мүмкін. Әдеби ағымды дәл осы тұрғыдан пайымдау керек.
Ендеше біздің әдебиетімізде бір дәуірдің бір топ суреткері ортақ ерекшелік, өзгешелігімен туғызған, жасаған зар заман ағымы болды, бар.
«...Әр жазушының әрбір жеке шығармасында болатын мазмұн мен пішіннің бірлігі бір емес, барлық шығармасына тұтас ауысқан тұста оның стилі танылады. Ал осындай мазмұн мен пішіннің бірлігі бір шығарма ғана емес, немесе бір жазушының барлық шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бүкіл творчествосына тән болуы мүмкін бе? Әбден мүмкін. Әдеби ағымды дәл осы тұрғыдан тану керек. Бұл жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бір алуан шығармасында өзара ұқсас сипаттар, сыбайлас сырлар жатады. Мұндай сыр мен сипаттар әр жазушы өз шығармасына әншейін қолдан жасап, жапсыра салмайды. Мұндай өзара ұқсас сыр мен сипатты бір топ жазушының бір алуан шығармасына мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің өзі дарытады». Қабдолов тұжырымдарында: әдеби ағым — идеялық - көркемдік бірлік; әрбір әдеби ағым — әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі; әдеби ағым — тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
Жалпы, әлем әдебиеттану ғылымында күні бүгінге шейін әдіс, бағы г, ағым жөнінде қилы қисындардың қатар келе жатқанын есте ұстай отырып, бірде біртүтас қарастырылып қалып жүрген әдіс, ағым, бағыт ұғымдарының даралық сипаттарын қосып жіберуден сақ болғанымыз жон. Әдіс, ағым жөнінде әлем әдебиеттануында түрлі пікір бар. Дау, талас та көп.
Әдіс — әдебиеттің жасалу мәні, тәсілі. Біздіңше, әдеби бет, бағыт ретінде әдіс, тәсіл дегенді қолданған жөн сияқты. Мәселен, социалистік реализм әдісі, романтизм, натурализм т.б.
Ал қазақ әдебиетінің тарихында сөз жоқ, жалпы теорияға қатысты болғанымен, белгілі бір құбылыстардың өзіндік ерекшелік, сипат, атауы болуы заңды. Мәселен, зар заман ағымы — скорбизм. Басқа елдерде заманына сай, саяси жағдай, көркемдік талғамына сай қалыптасқан түрлі әдеби ағымдар сияқты, зар заман — қазақ тарихына, қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігіне байланысты туған құбылыс, ағым. Ағымға берген теоретиктердің анықтамасын тұтастай негіздейтін әдебиет.
Шортанбай, Мұрат, Дулат, Әбубәкір, Нарманбет шығармашылығы ерекшелігі — сол зар заман әдебиетінің ерекшелігі.
Ағым, әдіс, стиль төңірегіндегі айтыстарға академик Қабдолов мынандай төрелік айтады:
«Жоқ, әдісті ағыммен алмастыруға да, стильмен шатастыруға да болмайды. Неге десеңіз, — стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс олай емес, стиль мен ағым қайталанбайтын құбылыстар болса, әдіс — қайталанып отыратын құбылыс, стиль мен ағым құбылмалы нәрселер болса, әдіс — тұрақты нәрсе...» .
Түрлі қисындардан келіп шығатын ағым мәні қайсы десек, ол ұғымның бірнеше өзгешелігін стиль, әдіс, жанр, әлеуметтік мән т.б. құрайтынын көреміз.
Профессор Рымғали Нұрғалиев ағым, бағыт мәселелерін қарастыруда оның аса көкейтесті теориялық мәселе екенін атап айтады: «Эстетика — әдеби әдіс, әдеби бағыт, ағым проблемаларына бойлауды талап егеді. Қазіргі әдебиеттану ғылымында әрі актуальды, әрі даулы теориялық мәселенің бірі — әдеби ағым және әдеби әдіс проблемасы» .
Осы проблемаларды белгілі бір дәуір әдебиетіне — зар заманға бұрсақ, коп мәселе ол тұстан да қоздап шыға келеді. Ол әдебиет, әрине, белгілі бір дәрежеде бекіп, сараланған әдебиет. Осыдан отыз жылдай уақыт бұрын ғалым Ханғали Сүйіншәлиев сол әдебиет туған дәуірге, сол әдебиеттің жасалу жолдарына, әдіс-тәсіліне, бағыт-бағдарына салмақты да сабырлы сипаттама бергенін де атап өтуге тиіспіз. Ол баға жиырмасыншы жылдары, отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдары берілген бағаларды ғылыми негізділік, дәл айырым, нақтылық, таза көркемдік талғам тұрғысынан толықтыра түскен, коп науқаншылықтың кезіндегі жадағайлықтан аулақ пікірлер еді. Бірақ, сол әдебиет ерекшелігін ағым, бағыт тұрғысынан бағдарлауда ғылыми бойлау, саралау тереңге тартқанымен, пікірлерде саясат табы жатыр.
Ғалымның әдебиеттану ғылымында романтизм сарынына телініп келген Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір шығармаларының реалистік сипаттары жөнінде айтылған пікірлері — күні бүгін тереңдете талдап, негіздеуді қажет етіп жатқан түс. Реализм, дәстүрлі реализм аясында батыл қарастырар шақ әлдеқашан туды. Сырт елдердің әдебиеттану ғылымындағы түрлі қисын, шарттылықтарды тұтасымен өзімізге жабыстырудың енді қажеті жоқ. Қазақ әдебиетінің тарихында жүз жылдық дәуірдің ар жақ — бер жағып қамтыған ерекше сипатты әдеби бағыт, бөлекше тұрпатты әдеби арна — зар заман ағымы болды. Ол — тұтас атасақ — зар заман әдебиеті. Айырып атасақ — отаршылдық дәуір әдебиетіндегі зар заман ағымы. Оның ғылыми тұрғыда бекуі XIX ғасырдың соңын ала басталып, күні бүгінге жалғасып келе жатыр.
Қазақ әдебиетінің тарихында Мұхтар Әуезов жүз жылдық дәуірді қамтиды деген зар заман ағымы, зар заман бағыты, зар заман» сарыны XX ғасырдың он бойында атауы орнықпағанымен мән, мазмұн, бет, түр жағынан қарастырылып, бөлініп, анықталып келеді.
Бұл әдебиеттің қилы атауы болды. Соңғы уақытта М. Мырзахметов тұтас отаршылдық дәуір әдебиеті деп атауды ұсынғанын айттық. Ілгерідегі қарастырулар, осы төңіректегі қайсыбір ізденістер бізге басқа қисындардың басым екенін байқатты.
Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесі бір жөнге келіп, сараланып та қалды. Ежелгі дәуір әдебиеті, Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет, XIX ғасыр әдебиеті, XX ғасырдың басындағы әдебиет, қазақ кеңес әдебиеті.
Соның өзінде әдебиет тарихын дәуірлеуді қай кезеңдерден бастаймыз деген мәселеде кезінде академик Әлкей Марғұлан «Әдебиетіміздің ескі тарихы жаңа аяқтанған бота секілді, жаңа ғана аяқталып келеді. Халық бір кездерде жасаған әдебиет үлгілерін тарих түкпірінен аршу керек», — деп меңзеген біздің ерте замандағы көшпелі тайпалар (сақ, ғұн, үйсін) әдебиеті мәселесінің қазірде көкжиегі көтеріліп отыр.
Қытайдағы қазақ ғалымы Зейнолла Сәні сол дәуірлерден сақталып жеткен нақтылы, жазба әдеби мұраның аса молдығы жайлы дәлелді негіздерге сүйене отырып хабарлама жасады.
Әлі де қарастыра түсер қыруар шаруасы болғанымен, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі қазіргі қалпында да біршама жүйеге келген, орныққан тұжырымдарды негіз етіп отырғанын да айту парыз.
Әдебиет тарихында қайсыбір дәуір бірнеше ғасырды қамтып, оның өзі іштей бірнеше дәуірлерге бөлінгені де бар. Мәселен, Ежелгі дәуір әдебиеті. Ал қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет — біртұтас әдебиет, негізінен жыраулар поэзиясы ретінде қарастырылды.
Ал ағым, бағыт, сарын — сол әдебиет, сол дәуірлердің — саяси беті, әдеби стилі, дәстүрлі арнасы, мұрат - мақсаты, жаңалық беті. Сол тұрғыдан келгенде олардың әзірге ашыла, айқындала, беки қоймаған тұсы көп. Қилы саяси науқандарда бекіттік дегенімізбен, әдебиеттің, тарихтың даму ақиқаты бағынбай, бекімей қалған арналар: ерекшелік, өзгешелік, сипаттар.
Тұтас бір дәуірдің хал-күйін өзгеше түр, өзіндік стиль, белгілі мақсат, бағыт, негізгі сарындармен әдебиетке түсіретін құбылыс — әдеби ағым. Сол тұрғыда Шортанбайдың, Дулаттың, Мұраттың, Нарманбеттің отаршылдық ойранына қарсылық, наразылық, мін, сын мәнінде туған; халықтың қасіретін өлеңге түсірген, саяси сұмдықтардың сипатын, діни қысым, қоныстан айыру, тұрмыс күйін аздыру, әкімшілік биліктен тайдыру, адамгершіліктен азу т.б. жақтарын сан қырынан ашқан поэзиясы, түрі, тұрпаты, сарыны, мақсаты тоқайласып, бірігер тұсы — зар заман ағымының негізі. Бүл ағым — Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиеттің, жарты ғасырдан астам уақыттың, XIX ғасыр әдебиетінің тұтас бір арнасын, XX ғасыр басындағы әдебиеттің елеулі бөлігін қамтып жатқан ағым. Ондаған, жүздеген өкілінің әрқайсысы арнайы зерттеудің арқауы болып, сан қырымен көп сырымен ашылған сайын зар заман ағымы да айқындала, беки түсері даусыз.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса елеулі, саяси мән жағынан болсын, өлең өзгешелігі жағынан болсын айқын тұрған осы бір ағымның зар заман ағымы атауын орнықтырып, бекітіп, тұтас алып қарастыруға негіз де бар, әдеби мұра үлгілері де ұшан-теңіз.
Зар заманның айтулы ақыны Шортанбай Қанайұлының шығармашылық мұрасы — сол үлкен әдебиеттің (зар заман әдебиетінің) аса айқын үлгісі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі