Шоқпарбас плаун ( Lycopodoum clavatum L.- Плаун булавовидный) — мәңгі көгеріп тұратын, биіктігі 1,5 метрге жететін, споралы өсімдік. Сабағы жерге төселіп, жайыла өседі де, біртіндеп бұтақтанып жоғары көтеріледі. Сопақша келген жіңішке жапырақтарының ұшында ұзын әрі өткір ақ түсті шаш сияқты зат, ал бұтақтарының ұшында 3-4 споралы масақшалар бар. Осы масақшалардан шілде айының аяғында су жұқпайтын ұнтақ сияқты сары түсті споралар төгіледі. Шоқпарбас плаун таулы және тасты жерлерде, аршалы тоғайлардың ішінде, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі.
Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады. Бұл үшін плаунның бұтақшаларын қайшымен қиып алып, қағаз қапшықтарға салады да, жабық үйдің ішінде кептіреді. Кептірілген спораларды електен өткізіп алады. Оның құрамында ликоподин, клаватин, клаватоксин деген алкалоидтер, споронин, клетчатка, қант, минералды заттар болады. Спорада 40-50 процент май, пальмитин, стеарин, арахин, олеин қышқылдары бар.
Медицинада шоқпарбас плаунның спорлары жас балалардың денесіне, жараларға себетін дәрі ретінде пайдаланылады. Шоқпарбас плаунның бұтақтары нерв жүйесін және ревматизмге байланысты буынның сырқырағанын тыныштандыратын дәрі есебінде қолданылады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің споралары мен бұтақтарының сулы тұнбаларын бүйректің және қуықтың ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Қабынуға қарсы әсер ететіп, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттеріне байланысты, шоқпарбас плауннан жасалған дәрілер бауыр ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларын және денедегі әр түрлі шаншуларды емдеу үшін қолданылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі