Өлең, жыр, ақындар

Мотивация: Шабытты қайдан табуға болады

Өмірдегі барлық адамдар бір орында отырудан шаршайды және бір нәрсе жасауды бастағысы келеді. Кейде көптеген адамдарға шабыт жетіспейді, тіпті егер олар бір жұмысқа кіріссе де, олар көп ұзамай ол жұмысты да тастайды, өйткені оларды алға итермелейтін іс-әрекетке деген мотивацияның жоқтығы басты себеп болады. 

Бұған жол бермеу үшін адамға әрдайым белгілі бір мотивация мөлшерін немесе шабыт алу керек. Сіз оны бәрінен іздей аласыз, көбірек оқып, күн сайын сүйікті ісіңіз туралы көбірек біле аласыз.

Сондай-ақ, бір межеленген орында отырмай,  жұмысыңыздың сапасын жақсартып, басқа жоспсрларыңызды іске асыруыңыз тиіс. Барған сайын керемет және қызықты жобалар жасаңыз және басқа адамдардың сын-пікірлерін қабылдамаңыз, өйткені “бес саусақ бірдей емес” барлығына жағу мүмкін емес. Әрқашан  адамның істеген іс-әрекетін ұнатпайтын адамдар табылады.

Мотивацияны қайдан алуға болады?

Оны барлық жерден табуға болады. Өмірде көп нәрсеге қол жеткізген танымал тұлғардың табысқа жету тарихы немесе әртүрлі кітаптар оқып, танымды мазмұнды фильмдерді көруге болады.

Кейбіреулер жоспарланған жұмысты кейінірек бастауға болады деп ойлайды, бірақ олай емес. Жаңа нәрсені үйренуге ешқашан ерте немесе кеш емес, оны дәл қазір қолға алу қажет. Мұның бәрі-отырған жеріңізден тұрып, алдыға қарай алғашқы қадамдарды бастау. Әрине, бәрі бірінші рет нәтиже бермейді, бірақ кішкентай серпілістермен, кішкентай нық қадамдармен адам өз мақсатына жетеді.

Ең бастысы - тура жолдан ауытқымау және қатаң бағытта қозғалу. Әдетте адамдарды мазалайтын нәрсе - олардың жалқаулығы мен өз қабілеттеріне деген сенімсіздігі, бірақ барлығы  бірінші рет бастап,  бірден жетістікке жете бермейді, адамға мақсатына жету үшін бірнеше айлар, кейде тіпті ондаған жылдар қажет екендігін түсіну керек.

Енді ойланып көрейік -" менің басқалардан қай жерім кем?». Егер басқаның қолынан келсе, онда менің қолымнан да келеді, тек өзіңізді ақтауға деген себептерді ойлап табуды тоқтату қажет. Біреу үшін емес, өзіңіз үшін бірдеңе жасауды бастау керек. Осыны түсінген адамның жұмысқа деген ынтасы артады.

Іс-әрекетке ынталандыру: бірнеше кеңестер

1. Мотивациялық фильмдер көріңіз

Өмір үлгісі сияқты ештеңе ынталандырмайды. Кино-жаңа жетістіктерге шабыт алудың тамаша тәсілі. Жаныңызға жақын, көңіліңізден шығатын қызықты әрі мазмұнды фильмдер көруді жақсы әдетке айналдырыңыз.

2. Өз өміріңізді жеңілдетіңіз

 Өмір қаншалықты қиын болса, соғұрлым оның мотивациясы азаяды. Өмірді жеңілдету іс -әрекетке үлкен мотивация береді. Сол себепті де барлығына жеңіл қарап, өмірдің тек бақытты сәттерін ғана есіңізде сақтаңыз.

3. Өзін-өзі дамытумен айналысыңыз 

Өзін-өзі дамыту өте пайдалы. Дәл осы нәрсе адамды мақсатына жетуге итермелейді.

4. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз

Бұл адамға басқа нәрселерді жасау үшін қуат береді. Бірақ бұл сізге қатаң диеталарға отыру керек дегенді білдірмейді. Жоқ, тек көкөністерді көбірек жеп, дұрыс тамақтануды бастаңыз. Ал, күнделікті өмір салтыңызға физикалық белсенділікті қоссаңыз,өзіңізді әлдеқайда жеңіл сезінессіз. Адам спортпен шұғылданған кезде дене бақыт гормондарын шығарады.

5. Позитивті көңіл-күй

Позитивті адамдарға жұмысқа кірісу, жаңа таныстар, жаңа достар табу әлдеқайда жеңіл.Егер адам өзін ынталандырғысы келсе, онда ол әрқашанда позитивті көңіл күйде болғаны оң әсерін тигізеді.

"Тұран" университеті журналистика мамандығының 3-ші курс студенті Қадылбекова Адема


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз