Корейская косметика премиум класса

Қазақстандық танымал тиктокер Ресейлік «Comedy club» бағдарламасында бой көрсетті

Қазақстандық танымал тиктокер Ресейлік «Comedy club» бағдарламасында бой көрсетті

2020 жылдан бері трендтен түспей келе жатқан әйгілі тикток хаустардың бірі «Yolo house» мүшесі Алина – Ресейлік «Comedy club» бағдарламасының қатысушысы болды.

Comedy club - ТНТ телеарнасында 2005 жылдың 23 сәуірінен бастап көрермен назарына ұсыныла бастаған юморлық шоу. Отандасымыз Алинаның қатысуымен өткен шығарылым эфирге жақын арада шығады деп хабарлады бағдарлама ресми сайты.

Ескертсе кетсек, “Хомяк, Хома” атымен танылған тиктокер СНГ бойынша ең танымал TikTok жұлдызының бірі. Қазірде TikTok-та 30,2 млн, ал инстаграмда 1,7 млн оқырманы бар. Өзінің белсенділігі мен ерекшелігінің арқасында ресейлік Дина Саева, Даня Милохин, Лиза Анохина т.б тик ток жұлдыздарын басып озған.

Юморлық шоу түсірілімі барысында Хомяк оның резиденттері Павел Воля мен Гарик Харламовпен де видео түсіру мүмкіндігін босқа жібермеді. Бүгінде ол видео тикток желісінде 10 миллионнан астам қаралым мен 1,5 миллион лүпіл жинап үлгерді.

Хомаға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Садуахосова Айжан


Қарап көріңіз

×