Өлең, жыр, ақындар

Даналарлын сөздері гаухартаспен тең!

Әр халықтың өз ұрпағына қалдырған асыл сөздері мен өнегелері бар. Біздің қолданысымыздағы сол даналар салап кеткен жолмен, артынан қалған сөздері  күнделікті өмірде өз керегімізге жарауда.

Даңты бабамыз Бауыржан Момышұлы "Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә" деп қазақ халқының тілінің құдіретін, қазақ тілінің мәртебесін бір ауыз сөзбен көрсетіп кеткен. Бауыржан атамыздың сөзін қоса жалғасам байырғы қазақ халқы "Жауды бір ауыз сөзбен қайтарған" деген сөзде бар. Сол 15 16 ғасырлардағы қазақ хандар мен билердің, батырлармен жауынгерлердің сөздері бізге жеткені сол кезде ғана айтылып қалмай ұрпаққа өз дара жолын салып келе жатқаны баға жетпес, құны кетпес "Гаухар" демей не демекпіз.

Дара, ұлы қара сөздің патшасы Абай Құнанбаевтің өлеңдері мен қара сөздер жинағының өзі бізге бір төбе. Ғасырлар бойы  қызыл тілден туған қара сөздің қоңыр үні біздің өмірлік қара нанымы болып қала бермек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз