
Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
— Аурумын, жүруге әлім жоқ, — деп, барлық аңдарға хабар таратады.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады. Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
— Халіңіз қалай, тақсыр? — деп, көңілін сұрайды,
— Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? — дейді арыстан.
Түлкі:
— Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да шыққан із жоқ! — деп жүріп кетіпті.

Өте қысқа да нұсқа да жақсы жазылған ертегіңізге рахмет! Ертегілеріңіз өте көп екен!
негізі жақсы
маған ұнады
өте жаксы
Арыстан мен түлкі ертегісінің авторы
қызық қысқа ертегі, әрі мағыналы екен