Алматы колледждері жұмыстарын 24 қаңтардан бастайды. Колледжер аралас оқыту форматында жұмыс істейді, атап айтқанда лекция сабақтары онлайн форматта болса, практикалық сабақтар санитарлық талаптарды сақтай отырып, икемді кесте бойынша оффлайн режимде ұйымдастырылатын болады.
Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.
«Алматыда 73 мыңнан астам студент білім алатын 83 колледж бар. 24 мыңнан астам бала оқитын 23 қосымша білім беру ұйымдарында жеке және 10 адамға дейінгі топтық сабақтар офлайн режимде жүргізіледі, қалған сабақтар онлайн өткізіледі. Қазірдің өзінде колледж қызметкерлері арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,-деді Ләззат Жылқыбаева.
Сондай-ақ оның айтуынша, Алматыда орта білім беру саласында 293 мектеп жұмыс істеуде, оның ішінде өткен жылдың желтоқсан айында Алатау мен Наурызбай аудандарында 2 жаңа мемлекеттік мектеп ашылды және олар оқу үдерісін ұйымдастыруға дайындалуда.
Осылайша, мемлекеттік мектептердің саны 209-ға, ал жекеменшік мектептердің саны 84-ке жетті, жалпы мектептерде 302 мыңнан астам оқушы білім алуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі