Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан атауының пайда болу тарихы жөнінде

 

Бүгінгі таңда тарихта "қазақ" және "Қазақстан" атауының шығу тегі туралы қоғамда түрлі тұжырымдамалар мен концепциялар қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері бұл тақырып зерттеушілердің назарына ілігіп, әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады. Бірақ, көне деректердің өзі де нақты мәлімет көзі ретінде бола алады.

«Қазақстан» атауына ғана емес, қазіргі таңда төл тарихымызда көптеген ақ таңдақ тұстар бар, бірақ кейбір нақты мәліметтер белгілі бір дәрежеде толық айтылмай жатады. Соның ішінде «Қазақстан» атауына байланысты ел арасындағы атаудың қалай және қайдан пайда болғандығы туралы мәселелер қоғамдағы негізгі сұрақтардың бірі болып табылады. Тіпті, «стан» жұрнағына қарсылық білдіріп,жатсынғандар да бар емес пе?

Бірақ, Қазақстан атауы орта ғасырлар шенінде қолданылғанына Заин-әд Дин Васифидің "Бадаи - әл Вакаи" немесе "Таңғажайып оқиғалар" еңбегі дәлел бола алады.

«Қазақтарды жеңу» атты бөлімінде қазақ елі Қазақстан деп аталғандығы жазылған. Деректің біз үшін басты құндылығы да осы болып табылады. Бұл мәліметке сүйенсек, қазіргі қоғамдағы жоғары да айтылғандай теріс тұжырымдамаларды жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Парсы тіліндег «-астон», «-естон» жұрнақтары тек қана ру, тайпа, халық атауларының соңына жалғанады да, олардың мекен-жайын, аймағын білдіріп, жаңа сөз құрайды. Тұжырымдама бойынша, «стан» жұрнағы жайдан-жай пайда болмаған, оның түпкілікті мағынасы «жергілікті жері» деген мағынаны білдіреді,яғни қазақтардың жергілікті жері деген ұғымға ие болған. Осындай ортағасырлық бір ғана дерек Қазақстан туралы объективті,дәлелді мәлімет бере алды.

Бүгінде Тәуелсіз, азат, егемен ел ретінде Қазақстан атауымен барша әлемге өзімізді паш етіп келеміз. Осы жолды берік ұстап, рухани құндылықтарымызды ұлықтай берейік.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз