Бәрі қалай басталды?
1971 жылы Стив Возняк пен Стив Джобс ортақ таныстары арқылы алғаш рет көрісіп, танысады. Осыдан соң қос Стив жақын араласып кетеді.
Екеуінің өмірлік көзқарастары ұқсас, екеуі де ақылды, алғыр адамдар. Возняк бала кезінен бері математика пәнін сүйіп оқыған, ал Джобс болса, бір бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын қасиетімен ерекшеленетін.
1972 жылы Джобс мектепті аяқтап, колледжге оқуға түседі. Бірақ, ақшаны «босқа»кетірудің қажеті жоқ деген оймен көп ұзамай оқудан шығып кетеді. Бірақ, сол уақыттарда каллиграфия курстарына барып жүреді. Дәл сол курсты оқығанының арқасында Макинтоштағы түрлі қаріптердің идеясы туындайды.
Возняк болса, атақты компьютер мамандарының бірі болып, Хьюлетт-Пакард (Hewlett-Packard) компаниясында істеп жүрген еді.
Apple I. Ең алғашқы компьютердің атауы — Apple I болды. Ол MOS Technology 6502 базасында жасалған еді. Атап өткеніміздей, Возняк оны жеке қолданысы үшін жасаса да, Джобс осы істі дамыту туралы ұсыныс айтады.
«Homebrew Computer Club» деген жерде Джобс Поль Террелге алғашқы компьютердің тұсаукесерін өткізеді.
Джобстың таныстырылымы дүкен иесіне ұнап, келесі күні ол бір данасына 500 доллардан 50 компьютер тапсырыс береді. Бірақ, Террелдің жалғыз ғана шарты болған — оған тек толық құрастырылған компьютерлер керек еді.
50 компьютерге қажетті радиобөлшектердіалу үшін Джобс достарынан 5000 доллар қарыз сұрап, 30 күндік мерзімге 15 000 доллар несие алады.
Джобс осылайша ойланбастан қарызға белшесінен батады. Рон Уейн болса, өмір көрген, ащы дәмін біраз сезген адам еді. Сол себепті осы іске біразға дейін күмәнмен қарап келеді. 1976 жылдың 12 сәуірі күні ол 10 пайыздық үлесінен бас тартып, орнына бірден 800 доллар беруін сұрайды.
29 күн ішінде барлығы бас көтерместен жұмыс істейді. Террел уәдесінде тұрып, ақшасын төлейді. Алғашқы табыс Джобсты бойына сенімділік ұялатып, жігерлендіре түседі.
Екі дос инвестор іздей бастайды. Джобс өзінің басшысы Нолан Бушнелге, Возняк та басшыларына айтып көреді. Бірақ, екі жақта қолдай білдірмейді. Нолан Бушнел Джобсқа Дон Валентино атты кәсіпкерге жолығуға кеңес береді. Ол болса, өз кезегінде Армас Клифф Марккуламен таныстырады. Ол бизнесті өте жақсы меңгерген кісі болатын.
Марккула Джобсқа бизнес-жоспар құруға көмектесіп, жаңадан ашылып жатқан компанияға 92 000 доллар инвестицияны өз қалтасынан салады. Және де Bank of America-ға 250 000 долларға несие желісімен қамтамасыз етеді. 1977 жылдың 3 қаңтары күні Apple Computer ресми түрде тіркеуден өтеді.
1980 жыл компания үшін күрделі кезеңдердің біріболған еді. Ол кезде Apple III жобасының жұмыстары жасалып жатқан еді. Бірақ, жағымды жаңалықтар да болды — осы жылы компания тарихтағы акциялардың ең ірі көлемінорналастырды.
1990 жылдардың соңына қарай компанияның жағдайы нашарлайбастады. Екі жыл ішінде шығын көлемі 1,86 млрд долларды құрайды. Бұл жағдай 1997 жылы Джобс компанияға қайта оралған соң ғана өзгереді. Appleбірте-бірте өзі үшін тың нәрселер жасап, нарықтағы ықпалы арта бастайды.
2007 жылы алғашқы сенсорлы iPhone смартфондары жарыққа шығады.
2012 жылы Microsoft орнатқан рекордты жаңартып, компания акциялары 705,07 долларға жетеді. Капитализация мөлшері 662,09 млрд долларды құраған. 2014 жылдың 13 қарашасы күні Apple тағы да рекорд орнатты — капитализациясы 663,43 млрд долларға жетті.
2011 жылы 5 қазанда 56 жасында ұйқы безінің қатерлі ісігінен Стив Джобс қайтыс болады. Осы сәттен бастап компанияны Тим Кук басқарады.
Сондай-ақ, бүгінге дейін Apple компаниясы өзінің тұтынушыларын жыл сайын Iphone смартфонының жаңа үлгісін шығарумен қуантып келеді.
Оқуға кеңес береміз:
Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Возняк жайлы деректер
Неге Стив Джобстың өмірлік қағидалары сізге көмектеспейді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі