Жер сілкінісі табиғи құбылыс. Жер сілкінісі тектоникалық тақталардың жылжуынан және жанартау атқылауынан пайда болады. Жер астында жиі дүмпулер болып отырады.
Сонымен қатар сілкініс айларға дейін созылуы мүмкін. Әдетте дүмпу екі мәрте қайталанады. Алғашқысы 5,6 бал болса, кейінгісі 2,3 балды құрайды.
Елімізде жиі жер сілкінісі болатын аймақ Алматы қаласы. 1887 жылғы деректе Алматыда 600 дүмпу тіркелген. Бұл көрсеткіш біз ойлағаннан тым жоғары. Осы зілзаладан 332 адам көз жұмған. Сілкіністен кейін қала құрылысы үшін ағаш қолданылған. Еліміздегі екінші орасан зор дүмпу 1910 жылы 22 желтоқсанда тіркелді. Дүмпудің магнитудасы 9 балдық болған. Осы жер сілкіністерінен соң алғашқы ғылыми жұмыстар жүргізіле бастаған. Дерек көздеріне сүйенсек, ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Верныйда алғашқы сейсмикалық станциялар пайда болған.
Жер сілкінісін сейсмограф апаратымен анықтайды.
Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекеттер:
1) тез арада далаға шығу керек;
2) лифті қолданбай, баспалдақпен үйден шығу керек;
3) дабылды естіген жағлайда жеке заттарыңызды өзіңізбен алып шыққан дұрыс;
4) үйден шығатын мүмкіндік болмаса, үйдің бұрышына барып, сақтанып отыру керек.
Жер сілкінісі су асты және жер асты болып бөлінеді. Су асты дүмпуінің салдарынан цунами, яғни су тасқыны болады. Ал жер асты салдарынан:
1) адамдардың көз жұмуы;
2) ғимараттардың қирауы;
3) жер қыртысының өзгеруі.
Жапония жер сілкінісінің ошағы. Дегенмен ғимараттар 9 балға шыдайды. Ғимараттардың астына сертпелер қойғандығынан, жер дүмпуіне төзе алады.
Адам жер сілкінісіне дайын болу керек. Қандай жағдай болмасын, осы айтылған ақпараттарды есте сақтағанымыз жөн.
Ерасыл Рахманқұл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі