Өлең, жыр, ақындар

«Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады

«Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Болашақ» бағдарламасының трансформациясы, техникалық бағыттар, жаңа реформа жасау мәселесі бойынша да жұмыс жүргізіледі. Жоғары оқу орындарының, университеттердің академиялық дербестігін кеңейтеміз. Техникалық мамандықтар бойынша биылдың өзінде грантар саны 40-тан 60 пайызға дейін көбейеді. Қосымша да гранттар бөлінетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Айта кетейік, Президент бұған дейін Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлауды тапсырған еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар