Отарлық езгі. Қанаушы байсеркелер. Зар илеген қазақ. Үш ұғымның тоғысар тұсы - жүрек һәм сана. Жүрекпен сезінсе ыза мен кек тулайды. Санаға салса, ақыл да жүрекке бағынады. Ұлт тарихындағы айбат шеккен көсемдердің, шешендердің тебіренген сезім, сезіністері дәл осы күйде. Мыржекеңнің патшалықты ұйқысыз хәлге түсірген мақаласы әр қазақ жүрегіне дәл осы сезімді тулататын-ды.Тулаған сезіммен замана кейпін бейнелеу біз үшін бір ауыз сөз ғана болғанымен, дәурен қыспағын татқан олар үшін өз адымымен жаһаннам отына түскенмен тең. “Қазақ” атауына тіксіне қараған патшалық. “Қазағым менің, елім менің”,- деген нағыз ұлтжанды сөзге шыдасын ба? Мақаланың қақ шекесіне тайға таңба басқандай «қазағымдап» дөп басқаны ұлт мүддесі үшін өз жанын отқа тастағаны емей немене?!
Кейіп келгенде қазақта құқық жоқ деп қалай айтпақсың? Қазақта құқық бар. Тек, біздің құқымыздың хәлі ортаға алып отпен қоршап ұстаған бөрі күйінде. Алау сөне бергендегі бөрі атылысынан жемтік қалай қорықса, патшалықта қазаққа құқық беруден дәл солай сескенгенді. Десекте,құқығы шектелген халықтың тағдырымен ойнау отаршылдарға үйреншікті әдет. Сүйретіле жан баққан халықтан салық жинап, есесін мазақ ете қайтарымсыз қалдыруы нақ дәлелі емес пе? Ал жердің күйі, елдің күйі мүлдем мүшкіл. Ұлы Мөденің өзі: «Жер ұлттың негізі»,-деген. Ал патшаның нақақтан-нақақ өз негізімізден айыруы, қазақты ұлт деп санамаған сұм саясатының көрінісі.“Уақыт өте адамның да еті үйренеді”. Қазақ қоныстанғандарға алғаш үрке қарағаны рас. Әйтседе ит мені қапты екен деп ол да қапқан жоқ. Қонақтай төр ұсына сыйлап, қазақы тектілігін көрсетті. Қазақтың бұл қасиетін азғындықта өшіре алмас. Дегенмен, сыйластықтың да қадірін білмес жетесіздер болады екен-ау. Иә, Мыржекең жазған мұжықтар.
Мұжығын да, тұздығын да айдаған патша коныстандыруының мақсаты неде? Жер жетіспеушілігі ме? Әлем халқын зар мен қанға бөгіп, сорлы пенделердің көз жасымен сасыта байтақ жер құраған отаршылдарда «жер жоқ» дегенге кім сенбек? Мұндағы мақсұт біреу! Қазақтың жеріне өз халқын лек-легімен әкелумен, отардан тартыс туғанда «біз жайлаған жер» егенге салып, ата-баба қонысымызды меншіктеу. Әлем сахарасында өзіндік орны бар Орынбордың өзі осының дәлелі емес пе?! Демек, Мыржекеңнің ызалана төгіп жазған «Біздің мақсатымыз» мақаласының өзі астары сырға толы тұнған тарих. Мақала астары “қазағым көзіңді аш, қу заманға алданба, байың да кедейің де бірлік-ынтымаққа келіп азғындықты жоюды мақсат тұталық”,- деп тұрғандай.
Мыржекеңнің елдікке діттегені қай соқпақта да мәнісін жоғалтпақ емес. Көсемдердің асыл мұрасын жолға сала, Абылайдың ақ туына бірігу кеше я бүгін емес, мәңгі ұрпақ мақсұты!
Бишер Дильназ Марленқыз ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті, Алматы облысындағы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылы
Оқытушы: Римма ЖАҚСЫЛЫҚБАЕВА, ҚазҰУ-дың оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі