“Сарыарқа” газетіндегі Жүсіпбек Аймауытовтың қолтаңбасы. “Партия” мақаласы
Тарих беттерін парақтай отырып, өткен күн өтті енді біз болашақпен өмір сүруіміз қажет. Өткенге бұрылып қарайлаудың қажетті не?-деп тарих бетін ақтарған жас балалар яки ересектер есептейтін болар. Алайда,келешек ұрпақ өз тарихына қатысты бар шындықты білгені жөн. Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. (Мигель де Сервантес). Өз тарихын білмейтін, өткеніне үңілмейтін жанның келешегі бұлыңғыр. Өйткені қазақ жеріндегі “Кіші Октябрь”, “ашаршылық”, “репрессия”, “ұлт жауларымен күрес”, “тың көтеру”, “желтоқсан оқиғалары” тікелей осы кеңес үкіметі саясатының жемісі болып есептеледі және соны бәрін тарихи заңдылық санап, “уралағандар” да болды. Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен-ақ қазақтарға қарсы большевиктер тарапынан “басып алушылық” саясат жүргізілгендегі айқындалып отыр. “(Қазақ журналистикасының тарихы,48 бет)”. Бұл саясатты ең алдымен жүзеге асыру үшін қазақ зиялылардың үнін өшіру қажет еді. Ал оны жүзеге асыру үшін, әлбетте, қазақ тіліндегі баспасөзінің көзін құрту қажет. Құйтырқы жоспармен талай қазақ газеттері мен журналдарына қара күйе жағып, “ұлтшыл”- деп табалап, өмірдің табалдырығын аттаған сәтте көзін жояды. Ресей билігінің құрбандарының бірі “ұлт қамын ойлап, шарқ құрған, “Сарыарқа” газеті. “Қазақ” газетімен үндес,бағыттас бұл – басылым 1917-1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрған. Газетке жауапты шығарушы-Халел Ғаббасұлы.
Көп деген қазақ қайраткерлері осы газетке өз еңбектерін жариялап отырған. Т. Құнанбайұлы, Ә. Бөкейхан, Х. Ғаббасұлы, М. Тұрғанбайұлы, Ж. Аймауытұлы сияқты ірі, беделді азаматтар елімнің қамы үшін деп қам жеген ақтық демі қалғанша,қасық қаны тамғанша қазақ деп күрескен жандардың жүрекжарды еңбектері жарияланып отырған.
Осы зиялылардың ішінде “Сарыарқа” газетінің белсендісі Ж. Аймауытұлы екенін жазған мақалаларынан ақ аңғаруға болады.
Ж. Аймауытұлының “Партия” деген мақаласы өзіндік шынайылығы мен жан-жақты анықтама беріп,ой елегінен өткізіп, партия қандай болмақ керек дегенде зор сауаттылық танытқандығын аңғаруға болады. Өзге елдің партиясы халқының тұрмысын оңдауға тырысады. Ал “біздің қазақтың партиясы басқа партияларға ұқсамайды, керісінше көптің қамын емес, өз қамын ойлағандар, бұл-бір; Жоғары да отырғандар өңкей бай, күштілер ,бұл-екі; өз басының билігін, атақ, мансап қуғандар, мақтануы үшін таласады, бұл-үш. Ендеше қазақтың партиясы өзге елден оғаш,мақсаты басқа,тілеуі қиғаш,теріс партия”,- деп тұжырым жасайды.
Ж. Аймауытұлы бұл мақаласында қазақтардың іштей тоз-тоз болып, партияға бөліну ешқашан жақсылыққа апармайды. Іштен ыру-дыру болып, ел ішін бүлдіріп, сүттей ұйып отырған қазақ халқының ортасына іріткі салады. Ас бергенді “мырза” деп, мал шашқанның артынан ерді де отырды. Кеше жасаған қиянатты бүгін тойса ұмыту, өз пайдасын ойлап, келешегін ойламау. Кәсіпсіз қолының бостығы. Бұлардың бәрінің түп тамыры сол “надандықтың кесірі, қазақтың ой-көзінің тарлығынан, сол баяғы надандығынан”- деп іштей күйзеліп жеткізеді.
Қорытындылай келе, Жүсіпбек Аймауытұлы “ қазаққа “ партия” керек емес. Осы күнге дейін алғандарың жетеді. Онсызда азып, тозып қазақ елінен дым қалмады. Елден партияны шығарып, елдің шырқын бұзбай, жақсылық заманның тілеуінде болып, елге береке келтірер деп сенеміз”- деген сөзімен аяқтағым келеді.
Дәл қазіргі қоғамдағы партия туралы не айтасыз? Сол замандағы партиямен қазіргінің айырмасы қайсы. . ? Тіпті, Ж. Аймауытұлы ХІХ ғасырдағы саясатты көріп қағаз бетіне түсірген секілді ме?- деп қалдым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 жж. ) Алматы “Рауан” 1996 Алматы “Білім” 2010
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Жаманбай Маржан Әділбекқызы Журналистика 1 курс
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі