Қазіргі заманда «бала тәрбиелеу» дегеніміз не? Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ең маңызды орын алатын, ең алдымен, айналасындағы адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы. Ең шешуші рөл атқаратын – біздің, ересектердің жүріс-тұрысы мен көрсететін өнегесі. Барлық балалардың дамуына жағдай жасауға бағытталған білім беру процесі мен тәрбиелеу процесі әр баланың дамуы үшін оның қайталанбас даралығын ескере отырып құрылуы керек.
Сонымен қатар бала тәрбиелеуде бастапқы компонент ретінде баланың қажеттіліктері мен мотивтері, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзгеруге деген белсенді әрі жүйелі ішкі саналы ұмтылыстарын да ескеру керек. Заманауи педагогикалық процесте білім беру мен тәрбиелеу ұйымдасу керек. Ол педагог пен баланың өзара байланысына негізделген ұйымдасқан, басқарылатын процесс болуы қажет. Бала тұлғасының өмір сүру барысында әлеуметтенуі, кәсіби кеңістікке интеграциялануы мектеп табалдырығынан, сабақтан тыс қосымша курстар мен үйірмелерден бастау алады. Сондықтан білім беру мекемелері қазіргі заманда болып жатқан процестерді дер кезінде және тиімді түрде ескеріп отыруы, туындаған проблемаларды көруі, уақытында шешуі жөн. Ол проблемаларды шешу жолдары сапалы өзгерістерге алып келуі және қазіргі заманғы шындыққа сәйкес болуы керек.
Заманауи тәрбиенің мақсаты – түбегейлі, стадартты емес, ерекше шешім қабылдауға қабілетті тұға тәрбиелеу. Тәрбие беруде тұлғаның рухани, адамгершілік тұрғысынан қалыптасу проблемасын да ескеру керек. Өйткені қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақта құндылықтар жүйесі басқа, құндылықтың бағыт-бағдары өзгерген. Мектеп, қосымша білім беру мекемелері мен үйірмелер, отбасының бірігіп, интеграцияланған білім беруі тұлғаның қалыптасуы мен тәрбие алуында ерекше маңызға ие. Тұлғаның рухани, адамгершілікті тұрғыда дамуын сақтау үшін тәрбиелеу процесінің мазмұны отансүйгіштік, әлеуметтік ынтымақтастық, азаматтық саналылық, отбасы, еңбек пен шығармашылық, ғылым, дәстүрлі дін сияқты негізгі құндылықтарға бағытталуы қажет.
Алайда, біз қазіргі заманғы баланы сөз етіп отырғандықтан қоғамнан басқа бала тәрбиесіне ғаламтордан, теледидар мен кинодан келетін ақпараттың үлкен ағыны да әсер ететінін ескеру керек. ХХ ғасырда бұқаралық ақпарат құралдары адам өміріндегі маңызды орнын біржола алды. Біріншіден, бұрыннан бар – газет, радиоға қоса жаңа құралдар – теледидар мен интернет пайда болды. Олардың біздің өмірімізге тереңдеп кіргені сонша, тіпті бүгін теледидпр мен интернетсіз өмірімізді елестете алмаймыз. Ақпараттың дәстүрлі де, жаңа да құралдарынан адамдарда көзқарас қалыптастыра алатын белгілі бір құндылықтар насихатталады. Ал, бұқаралық ақпарат құралдары адамдарға жағымды ғана әсер етпейді, зиянын да тигізеді.
Отандық БАҚ мақала жариялап, журнал, бағдарлама шығарғанда балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты білімін кеңейтіп, парасат, мәдениет деңгейін көтеруді, кітап оқуды насихаттауы абзал. Кейбір кәсіп иелеріне тиімсіз екеніне қарамастан, бұл мәселені шешу керек. Біздің өскелең жас ұрпақ салауатты өмір салты, өмірден лайықты орнын тапқан интеллектуалды потенциал, кісілік пен рухани тереңдік сияқты қасиеттермен сипатталуы керек.
Сонымен заманауи адам тәрбиесі дегенді тұлғаның қалыптасуы мен дамуына ықпал ету деп түсінеміз. Педагог тұлғаны қалыптастырушы фактор ретіндегі әлеуметтік ортаның рөлін білу керек. Баланың тұлға ретінде дамуына, заманауи мәдениетке тең мүше ретінде кіруіне ықпал ететін қоршаған ортаның жиынтық жағдайларын, әлеуметтік құндылықтар жүйесін ескеру керек.
Сонымен қатар заманауи тәрбие беру процесі әр балаға жеке тәрбие, жеке көзқарас қалыптастыруды талап етеді. Заманауи білім мен тәрбие беру ісінде педагог әр баланың сөзіне құлақ салып, өздігінен қалыптасқан дербес пікірді қолдауы, бір жақты баға бермей, кез келген өзге пікірді де қабылдауы қажет.
Ойымызды қорытындылай келе А. С. Макаренконың сөзін еске алғымыз келеді: «Адамды бәрі де тәрбиелейді: адамдар, заттар, құбылыстар, бірақ ең алдымен ол – адамдар. Бірінші кезекте – ата-аналар мен педагогтар. Өзін қоршаған күрделі әлеммен бірге бала көптеген қарым-қатынасқа түседі. Олардың әрқайсысы дами отырып, басқа қарым-қатынасқа ұласады, баланың өзінің физикалық, рухани өсуімен күрделене түседі.
Бұл «бейберекетсіздік» есепсіз, ретсіз болып көрінгенімен, әр сәтте баланың бойында өзгерістердің болуына әсер етеді. Бұл дамуды бағыттап, басқару – тәрбиенің мақсаты.»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі