Өлең, жыр, ақындар

Саусақты қағазбен кесіп алғанда неге қатты ауыртады?

Қағаздың микроскопиялық талшықтарының және сауқсақ терісінің сезімтал рецепторларының кесірінен саусақты қағазбен кесіп алу, басқа зақымдануларға қарағанда әлдеқайда жанға батады.

Бұл ауыртпалықты көбіміз байқаған болармыз? Және де тілік көбіне байқалмайды, оған қоса көп жағдайда қанамайды. Дегенмен неге қатты ауырады?

Мысалы, ұстараның өткір жүзі жараға бөтен бөлшектер қалдырмай, тегіс тілік жасайды. Және мұндай тілік ауру тудыратынымен, әдетте жағымсыз сезім бірнеше минуттан кейін қойып қалады. Ал парақ, тіліп қана қоймай, құрамындағы микроскопиялық талшықтарының көмегімен басқа да ұсақ зақымдар келтіреді.

Бұдан өзге, саусақты қағаз парағымен тіліп алғанда жарада осы талшықтар мен басқа да бөтен материалдардың бөлшектері қалады. Дәл осылар жара аймағындағы терінің ауру рецепторларын қоздырады. Өз кезегінде рецепторлардың көп мөлшері сезімталдықты арттырып, адам азғантай зақым келгеннің өзінде ауруды сезінеді.

Сонымен қатар, болар-болмас тілік қатты қанамайтындықтан немесе тіпті қанамағандықтан, қан жарадан бөтен заттарды «шығара» алмайды, және оған жаңа қоздырғыштар түседі. Мұның бәрі бұдан да зор жарақат алған кездегі аурудан да қатты ауру тудырады. 

Назар аудар:

Адам саусақ ұшының регенерациясы

Ұзақ уақыт суда болғанда саусақтарымыз бен бармақтарымыз неге жиырылады

Адам денесіне қатысты қызықты деректер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Әсем

Қызық екен

Сабыр

саусақ шынымен де ең сезімтал бөлік

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар