Қазіргізаманда болып жатқан экномикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларғадаәкеледі. Адамзат өткен ғасырдағы қырғи-қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағыда бір жаңа бүкіләлемдік мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелердің бірі халықаралық экстремизм мен терроризм. Ғылым мен технология дамудың шырқау шегіне шыққанына қарамастан, қоғам экстремизм және терроризм мәселесімен жиі кезігуде. Экстремизм мен терроризмнің халықаралық мәселе деңгейіне көтерілуі бүгін ғана орын алып отырған жоқ. Себебі, экстремизи мен терроризм өткен ғасырларда-ақ қолданбалы қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе XX ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің қалыптасуы орын алады. Бірақ, сол уақытта, бұл мәселе, қазіргі кездегідей өзекті болмағаны, мәселенің терең қарастырылмағандығы тарих беттерінен көрінеді.
Ал қазіргі жаһандану кезінде, экстремистік және террористік ұйымдардың көбеюіне байланысты, бұл күрделі мәселе ретінде әрбір мемлекеттің күн тәртібінбе тұр. Қазақта «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл бар. Сондықтан қауіп–қатердің пайда болу себептеріне көбірек мән беріп, оның өзімен емес себептерімен күрескенде ғана қауіптің алды алынады. Халықаралық экстремизм мен терроризм біртіндеп адамзаттың ғаламдық мәселелерінің біріне айналды, өйткені ол қалыптасқан әлемдік және ішкі мемлекеттік тәртіпке қауіп төндіруде адамзат өркениетінің іргелі құндылықтары адамның өмір сүру құқығына, бостандығына, меншігіне қол жұмсауда, мұның өзі әлемдік қауымдастықты халықаралық ынтымақтастықтың сипатымен басымдылықтарына жаңаша баға беруге мәжбүрлеуде, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қайта қарау қажеттіліктерін тудыруда, осы құбылыстың мән жайын себептері мен белгілері тереңдеп және террористік қызметті жою жолдарын іздестіруді қажет етуде. Бұл ретте Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деп атап көрсеткен: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кеңқанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанынескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп». Шынындада, терроризм қарама–қайшылық пен қақтығыс ретінде идеологиялық текетірестен гөрі, нақтылы іс–әрекет болып табылатын әскери іс–қимылдарға жақындау. Сондықтан тез өршіп, жылдам таралады. Бүгінгі жаһандану заманындатерроризмге жаңаша көзқараспен қарап, зерделеу уақыт талабы болып табылады.
Әл–Фараби атындағыҚазақҰлттық Университетініңстуденті Жасұзақ Дариға
Ғылыми жетекші: PhD докторы, аға оқытушы Мұқан Нұрзат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі