Абай дәстүрін жалғастырушы, ақын Шәкәрім атамыз өзінің «Мұсылмандық шарты» деп аталатын еңбегінде былай дейді: «Ауру болса, оқыған-білген дәрігерге қаралып, Аллаһтан шипа сұрасын. Бақсы, балгер туралы пайғамбарымыздың хадисі мынау: «Кімде кім бір нәрсені харам қылса, яки харам қылдырса, яки бал ашса, сиқыр қылса, яки сиқыр қылдырса, олар менің үмметім емес. Және біреу бір бақсыға бал ашқызып, соның айтқанына нанса, анық күпірлікке ұрынғаны, Құранға нанбағаны үшін» деген. Құмалақ салған, жауырын жаққан, бір нәрсені арам қылған — бәрі солардың жолдасы. Бәрінен де аулақ болу керек. Осындай адамды жаман үйретіп, не болса соны әдейі қылғызып, бейне бір сондайды білім қасиет шығатындай көріп тұрады. Тастың үңгірін, жалғыз ағашты әулие деп, мал түнетіп, әлем (шүберек) байламақ — бәрі осындай жаман іс. Егер де сондай дағы қылған бір нәрсені қойғанда, бір қазаға ұшырасаң да одан деп ойлама. Зинһар сақтан, бір Аллаһу та’аладан Өзінен басқадан пайда да, зиян да жоқ. Не болса да Аллаһтың пәрменімен болады. Ондай нәрселерде түк қасиет жоқ. Бірақ оқып-білген дәрігерге емдету обал (қате) емес.
Пайғамбарымыз : «Ей, Аллаһтың құлдары, ауруларыңызды емдетіңіздер. Аллаһу та’ала даусыз ешбір науқас жаратқан жоқ, жалғыз кәрілік пен ажалдан басқа», — деген. Бірақ дәрігер де анық жазады демейсің, Аллаһу та’аладан шипасын кез қылар ма екен деп үміт қыласың. Оқыған дәрігерлік жаман емес, бірақ біздің айтқанымыз бақсы-құшынаш емес, соны жақсы ұғыныңыз».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі