Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ қалашығындағы "Көрісу күні"

14 наурыз - қазақтың қыстан аман шығып, бір-бірімен дидарласып, " қыстан аман-есен шықтың ба?"  , "мал-жан аман ба?" десісіп, көрісетін күні. Сондықтан оны ежелден қазақтар "Көрісу күні" деп атап кеткен. Бұл мейрамның ертеден маңызы зор болды, себебі 6 ай қыстан халық қыстауда күнелтіп,  бір-бірінен хабарсыз кеткен, сонан соң көктем туып, айнала көгалдана бастағанда көктеуге көшіп, халық бір-бірімен жүздесіп, бір шуласып қалатынды-мыс. Бірақ, бүгінгі күні әлеуметтік желі дамыған,ұялы телефонсыз адам жоқ, көшіп-қонбай, барлығы жыл 12 ай өз баспаналарында отырады, сондықтан болар, бұл мейрамның қазір қадір-қасиеті төмендеп кетті. Қазақстанның Батыс аймағының кей өңірлерінде ғана бұл дәстүр әлі жалғасуда. 

Сондай көненің көзі болған дәстүрлерімізді жастарға насихаттап, ҚазҰУ қалашығында кең көлемде "Көрісу күні" аталып өтілді. Үлкен алаңда ауылдар тігіліп, ішіне ұлттық тағамдармен дастархан жайылды. Ол мейрамға барлық студенттерімен қоса, шет ел азаматтары да өз үлестерін қосты. Әртүрлі ұлт-өкілдері де дастархан жайып,өз мәдениеттерімен таныстырды.Үндістан,Корея,Қытай,Түрік,Араб,Өзбек менталиттерін білу бізге өте қызықты болды. Барлығы бір-бірімен көрісіп,Самарқаның көк тасы жібіген күні Қыдыр ата келіп, бата берді. Алаңда концерт болып, бір ду-думан орын алған болатын. Осындай санамыздан шығып, өшіп бара жатқан мейрамдарымыздың бірін біздерге көрсетіп, насихаттаған ҚазҰУ ректоры мен оқытушыларына алғысым шексіз. Ұлт тағдыры-біздің қолымызда. Саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы біз ұлтымыздың болашағын сақтаймыз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс студенті Абызова Ақмарал

Жетекшісі: Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У.М.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз