Өмірде көптеген мамандықтар бар. Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Дәрігерлер емдейді, ұстаздар сабақ береді, әншілер ән салады, сәулетшілер үй салады, тігіншілер киім тігеді. Басқа кәсіптер үшін де солай деуге болады. Адамдар өзіне ұнайтын кәсіпті таңдауы керек. Өйткені, әркімнің болашағы таңдаған мамандығына байланысты. Жұмысыңды сүйіп, жауапкершілікпен істегенде ғана бақытты боласың. Жас ұрпақ білімнен нәр алса, шәкірт жүрегіндегі гүл болса, бала жүрегінің бағбаны аяулы ұстаз емес па? Иә, ғалым да, халық батыры да, ақын да, ұста да, шаруа да, шопан да ұстаздан тәлім алған. Сондықтан да ұлағатты ұстазды бәрі құрметтейді. Ұстаз таудан аққан өзен іспетті, айналасындағыларға қуат беріп, жолда кездескенге ас беріп, таудай қиындықты жеңіп, білімнің сары жайлауынан тыныштық тауып, тынығады. Ұстаз – әлемді көркейтетін, шәкірттерге жылу беретін күннің анасы. Ұстаз – жаман емес жүректің негізі. Мен таңдаған мамандығым мұғалім. Қиындығы мен қызығыда қатар жүретін мамандықты бала күннен армандадым. Адам баласына көмектесу игі істердің бастамасы . Сондықтанда балаларға білім беріп, білімді жастар көбейсе екен димін. Ұстаз тек білімді ғана емес, сонымен қатар оның қырағылығы мен берілгендігі де өте қажет. Шәкіртінен озған ұстаз – еңбек сіңірген ұстаз. Өйткені, өмір заңы – даму, ілгерілеу, басып озу. Шәкірттерін тәрбиелейтін білікті ұстаз үнемі ізденіс үстінде, білімді, шығармашыл, қоғам сұранысына сай өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы керек деп ойлаймын. Ұстаздық деген ауыр жүкті жүрегіммен көтеруді жөн көрдім. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Мемлекетке әр мамандық қажет. Бірақ дұрыс таңдау - сіздің бағыңыздың ашылуы. Қазақ үш-ақ мамандықты біледі: қара жұмысшы, директор, бас директор. Олар арасындағы аумақтар туралы ойланбайды. Негізі халқыңа пайдалы азамат болуға тырысу керек, керісінше халқың саған пайдалы емес. Өз саласының маманы болу қандай мәртебе! Сондықтан білім алу үшін аянбай еңбек еткім келеді. Мамандық таңдауда қателеспегеніме сенімдімін.
Комекбай Айман
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У. М
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі