Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс бізге жеңіл келген жоқ

Биыл Ұлы Жеңіске – 77 жыл! 1941 жыл мен 1945 жылдар арасын қамтыған Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаны бәріне мәлім. Бірақ ол жеңістің қандай күшпен, қандай ерлікпен, қандай рухпен, қандай ауыртпашылықпен келгендігін біреу білсе, біреу білмейді. Соғыс зардабы он бес одақтас мемлекеттің барлығына зиянын тигізді. Қаншама шаңырақты ортаға түсірді. Мен Ұлы Отан соғысының зардаптарын ылғи естіп өстім. Себебі менің әжем, Қасымбекова Нурипа, соғыс жылдарында тылда еңбек еткен еді. Ол әркез сөзінде: "Соғыс- адамдарға бақыт алып келмеді, біз тек оның зардабын шектік, басымызға не күн тумады, балалар жетім қалды, әйелдер жесір қалды. соғыс тек қиыншылдық алып келді..." - деп айтып отыратын. Шынында, бұл соғыстың зардабы қаншама адамға, қарапайым қара халыққа тиді. Бұл уақыт кеңестік мемлекетерге рухани күш пен талпынысты талап етті. Себебі осы төрт ғасырға татитын төрт жыл халықты қажытты, ешкімді аямады. Экономикалық дағдарыстарға ұшырады, қаншама сарбаз қыршын қиылды, демографиялық ахуалымызға әсері тиді. Осы кездерде соғыс қатарынан қалған әйелдер мен жасөспірім жастар тылда еңбек етті. Еңбектің шыққан қара тері біздің жасап жүрген дүниелеріміздің қасында көкпен таласқан таудан да үлкен. Әжем отыра қалып, бір әңгіме қозғағанында: "Біз тылда еңбек еткенде, бұқаға тырмақ тіркеп, соқа тіркеп қара жұмыс атқардық. Арық қаздық, бос отыра қалсақ тоқыма тоқып, тігін тігіп, өз жыртығымызды жамадық, біздің ешкім маңдайымыздан сипамады. Біз оған сынып, өз жұмысызды жерге қалдырмадық, ылғи ерінбей еңбек еттік, бейбітшілікті армандадық, тыныш өмірді қаладық, сол үшін бірігіп жұмыс атқардық"- деп айтып отыратын еді. Осы бір әңгімелердің түбінде бір қиын заман жатқанын қазіргі заман жастарының түсінбейтінін, өз тарихынан хабар ала алмауы мені қынжылтады. Осыншама еңбек – біз отырған азат күннің жолында төгілген көз жас пен еңбектің ащы тері. Соғыста қан кешіп, жаудың өртіне қорықпай, қаймықпай шабуылдаған ата-бабаның аңсағаны - ұрпақтарының азат жерде алаңсыз күн кешуі еді...

Жаңа сөзімнің басында атап өткенімдей биыл Ұлы Жеңіске – 77 жыл! Бір көңіл қынжылтарлығы ардагер жандардың санының азаюы. Бір уайым - біз сол жандардың өмір сүруіне қаншалықты жеңілдіктер жасадық, қаншалықты алғыс айта алдық, олар ұрпақтарының құрметін сезіне алды ма? Бұл әрбір елім деп жүрген ерен азаматтардың көкейіндегі сұрақ екені рас. 2021 жылғы есеп бойынша 665 қана соғыс ардагерлері қалған екен.  Өмірде бар, өмірден өткен ата -әжелеріміз біздің мәңгі жадымызда сақталатыны анық.

Жеңістің қалай келгенін барша ұрпақ білуі керек деп ойлаймын. 9 -мамыр күні қуана шеруге шағып, Жеңіс күнін қуана тойлауымыздың себебшісі болған жандар мәңгі есімізде!

Авторы: Нурмуханова Торғын  Жапарғалиқызы

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У.М 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз