Кішкентай кезімнен суынан нәр алып, табиғатынан қуат алып, дарынымның бастауына жол ашқан - ауылым! Қаншама алып, дара тұлғалар ауылдан түлеп ұшқан. Биік шыңға жетелейтін сара жолдың бірі ауылдан басталады ма деп ойлаймын. Себебі, туған жердің табиғатынан, аққан мөлдір бұлағынан, тіпті ұшқан құсынан шабыт алатын асқан жерді көрмедім-ау, сірә?
Тарихқа үңілсек… Ауыл атауын ақсақалдардың айтуы бойынша, жан-жағын төрт тау қоршап, күрмеліп тұрғандықтан “Күрметі” деп атап кеткен деседі. Біздің ауыл Күнгей Алатау жотасының шығыс бөлігінде орналасқан, ол Қырғызстанның шекарасымен шектеседі. Биіктігі 3552 м. Ауылымның табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шығыс беткейінде Көлсай көлі, батысында Талды, Өрікті, Құдырғы, Бесмойнақ т.б көрікті мекендер бар. Қасқатөрдің баурайында демалушылар жиі баратын Тасбаз, Жамансары, Қыземшек,Боталы, Екі аша таулары орналасқан.
Болашақтағы парыздарымның бірі-ауылымды көркейтіп, өз үлесімді қосу деп білемін. Себебі, Күрметі-туған жерім, руханиятымның жан азығы, дарынымның бастауы мен ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі. Осындай мекенде өскеніме әрқашан мақтанамын!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 1-курс студенті Ильясова Айым, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Джолдыбаева У.М
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі