Корейская косметика премиум класса

Бақ пен бап оза шапқанда

Бақ болмаса бап жоқ. Бапсыз бақ жоқ. Қос ұғымның өрімдей өрілгені сонша екеуін еш ажырағысыз ба дерсің. Осы тұрғыда өз тәжірибемді тілге тиек етсем. Оқуға түсуді аңсасаң, ең әуелі, аңсауды қой. Қарекет қыл. Ниетті түзе, бағдарыңды оңға бұр. Бұл мен ұққан тәлім. Үйреткен - өмір мектебі. Сендей ем. Қиял қиырына баспалап, реализмнен жырақтайтынмын. Мәселе сонда. Бұларды теңдей ұста. Ұтылмассың. Арман керек әр адамға. Ол даусыз. Обьективтілік қажет. Бір анық. Тән азығы қаншалық мәнді, жан азығы соншалық құнды. Есте тұт. Еңбек арқалайды, ақыл алдамайды. Түсерсің оқуыңа, сәл күт. Жай үздікпе. Тырбанып-тырмысып үзіл. Жемісі - грантың! Бақ кез келгеннің басына қона қояр құс емес. Талғампаз сыншы. Адал әм арлы адам - сүйіктісі. Арам пиғылдысы - сүйкімсізі. Қай жолмен қозғалғаныңа байланысты. Бақ па, әлде бап па? Екеуі де! Жан-жүрегіңмен тіле, күллі ой-санаңмен қала, тырмыс, еңбек қыл. Бәрі де келер. Өз уақытымен...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×