Өлең, жыр, ақындар

Орта жүз

1220 жыл шамасында бұрынғы қырғыз жерінің, яғни Сарыарқаның күншығысы мен оңтүстігі арасында арғын, найман, керей деген елдер араласып көшіп жүрді. Одан кейінгі кезде Әз-Тәуке ханның тұсында ол жақты қалмақ жеңіп алып, қазақ ауғанда және араласып кетті. Және 1723 жылы қалмақтан жеңіліп, «Ақ табан шұбырындыда» тіпті былығып араласты. Сонан соң, керей мен найман қайта келіп, Қытай жеріне кіргенде және арпалысты.

Осы күнде орта жүз қазақтары Лепсі, Қапал ояздарында, Жетісу облысында. Семей, Ақмола облыстарында түгел бар. Сырдария, Торғай облыстарында бір бөлігі бар. Қытайға қараған Қызай, Бәйжігітгер бар. О рысқа қарағанның ең күншығыс бетінде керейдің көбі бар. Мұнан coң орта жүздiң әртүрлі руларын өз алдына бөліп жазамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз