Бұл қаңлыдан бөлініп, елсіз бос жерге кеткендіктен қыпшақ атанған. Мағынасы бос-шөл, елсіз деген сөз. Шыңғысханнан көп бұрын Еділ-Жайық маңына барып, бір патша жұрт болып тұрғанда Жошы хан алып қаратқан. С олардың атымен ол жақ Дәшті Қыпшақ атанған. Қыпшақ руларынан араб жазушылары Әмір Рухнеддин әм Ебннхалдун деген былай деп жазады: Токсоба, Сита, Буржоғли, Антуғли, Дәрт, Қабарұғлы, Жүзінен, Қараберкли, Қотан, Бөрлі, Қанғу. Орта жүзде әр жерде аз ғана қыпшақ бар болса, қай руынан екенін білмеймін. Қыпшақтың азайған себебі: әртүрлі түрік халқына қосылып кеткендіктен көбі ногай мен өзбек болып кеткен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі