Өлең, жыр, ақындар

Қоңырат

Қоңырат басында орта жүзде болған. Рәшиддин мен Әбілғазы хан сөзінше: қоңырат Оразған нәсілінен Дүрілген деген тайпаның Жұрлық мергеннің баласы Қоңырат деген кісінің нәсілінен. Радловтың сөзінше: әм қазақтың ескі сөзінше қоңырат екі атаның баласы — көк көктенши деген. Левшиннің сөзінше: байлар, жан шар. Оразкенті, Құлшығаш, Боштан, Тоқболат, Жаманбай, Қаракесек Жетім, Сансыз, Құят. Менің ойымша осы жетім дегендер біздің тоқал арғын. Сұмдықтан — Сарыжетім деген баласының нәсілі болар. Оның себебі: Сарыжетім Шақшақтың шақшағы кіші жүзде бар. Жетім дегені жоқ.

Қытай жазушысы Юан-Шу-ми-ши сөзінше бұрынғы заманда ункурлар яғни қоңырат Халхе өзінің Бабиор көліне құйған арада жүрді. Бұлардың да көбі өзбекке қосылып, өзбек атанған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз