Орта жүзде аз ғана қырғыз бар, әр жерде. Олар тұтқыннан келгендер. Қырғыз тіпті ескі ел. Қырғыз дегенде қазақ деген сықылды кезбе, тағы деген соз. Қырғыздар Ғайса пайғамбардан бұрынғы 300 жылда Тану-ула мен Алатау арасында жүрген. Шыңғыс хан тұсында қырғыз ханы Арыс Айлан деген еді. Шыңғыс хан — маған қарасын деп, Бура әм Тұрамыш дегенді елші қылып жіберіп, қырғыз ханы — қарадым деп, бір ақсұңқар күс бастатып, қаншама сый жіберді.
Әбілғазы хан сөзінше: қырғыз Оғызханның бір немересі еді. Қырғыз соның нәсілі дейді. Осы күнде қырғыздың көбі ескі орны Алатаудың күнбатыс тұмсығына жақын Сынтас асуынан Памирдің таулы жотасында. Олар оң-сол деп екі бөлінген. Рулары Бұғы, Сарбағыс, Сұлту, Шерек, Бағыш, Саяқ. Бұл алтауы оның Сағай дегенінің нәсілі. Аугене дегеннен Ауғана, Мұңғыш, Ешкілік. Мұның соңғы екеуі — біздің қыпшаң, арғын, найман қырғыз болғандар. Бергі заманда қазақ атанғаны болмаса, біздің қазақ та қырғыз нәсілінен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі