Бұл өзбек деген Өзбек хан атымен аталған деп айтылған. Әз-Жәнібек ханға еріп, Шағатай нәсіліне қараған. Қазақтардан Мауреннаһрде отырықты болып қалғандықтан өзбек атанып қалды. Онан басқа анық қазақ еді. Бұлардың ішінде Жошыға қараған мағлұдан да, татардан да бар. Шағатайға қарағандардан қосылғандар да бар.
Бұл өзбек рулары: тұяқлы, оның ішіндегі рулар: Молла ке-сең, Мырза кесек. Мияты, бұлар ноғайдан.
Найман, бұл үш ру: Қостамғалы, Уақтамғалы, Садырбек бұлар найман әм қоңыраттан бөлінген қазақпыз дейді.
Үйсін үш ру: Ошакты, Көзтамғалы, Ергенеклі. Құтшы, Қатан, бұларды Бекзат деседі. Сарай, Бағрин, Юз, Қырық Мың, Қытай, Қыпшақ Қарақалпақ Түрікмен, Жалайыр, Дүрмен, Түрік, Маңғыт, Қаңлы, Кенегес, Месет, Яби, Тама, Меркет, Аллат, Баташ. Осының, бәрі әр жерден келгендер өзбек атанып отырған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі