Өлең, жыр, ақындар

Мұсылмандық шарты

Уа достар, жақсы мінезді болуға тырысу керек. Әуелі ынсапты болу керек. Ынсап деген әр істе аспай, кем қалмай, орташа болмай, әділет деген де осыдан шығады, әр істің орнын тауып істемек те осыдан шығады. Аятта: «ин-нал-лаһа йухиббул-мукситина» — мағынасы: Алла тағала әділдік қылғандарды сүйеді деген.

Бисмил-лаһир-рахманир-рахим!

Өлшеусіз, сансыз ғаламды басында жоқтан бар қылған құдіретінде өлшеу жоқ, теңдес, шерігі жоқ, мінсіз Алла тағалаға сансыз разылық шүкір.

Мұнан соң Алла тағаланын, абзал жаратқан ақырзаман пайғамбары Мухаммед Мұстапа салла Аллаһу ғалайһи уә сәлләм хазіретіне салауат.

Мұнын, соңында, уа, достар, Алла тағала барша адам баласын бір Алла тағаланың барлығын, бірлігін һәм өзін жаратқан ие екенін біліп, иман келтіріп, құлшылық қылсын деп жаратқан. Аятта: «уа ма халақтул-жинна уал-инса илла ли йағбудуна» — деген, мағынасы: жын менен адамдарды құлшылық қылсын деп жараттым деген. Солайша құлшылық үшін жаралғанды оқығандарыңыз кітаптан, оқымағандарыңыз молдалардан естіп-білген шығарсыздар. Алайда болса, біздің қазақ халқының өз білімінен жазылған кітап жоқ болған соң, ғараб, парсы кітапты білмек түгіл, ноғай тілімен жазылған кітаптарды да анықтап ұға алған жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман, ғибадат турасын шамам келгенше қазақ тілімен жазайын деп ойландым. Бұл кітап әрбір қазақ оқуға оңай болып, әрі оларға пайда, әрі өзіме сауап бола ма екен деп, Алла тағаланың рақыметінен үміт еттім. Әмин.

Енді бұрын иман турасын анықтап білу керек. Сол себептен әуелі иман турасын шамам келгенше ұқтырайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз