Уа достар, Алла тағала жалғыз, одан басқа Алла жоқ. Мұны да ақылмен ойлап білу керек Құранда бұл туралы аят көп. Олай болса да ақылмен білуге ұғындырған аятты айтайын: «лау қана фиһима алиһатун нллал-лаһу лафасадата» — мағынасы: егер де дүниеде екі Құдай болса, дүние бұзылар еді деген. Және бір аятта: «маттахазал-лаһу мин уаладин уа ма қана мағаһу мин илаһи изан лазаһаба құллу илаһим бима жалақа уа лағала бағдуһум ғала бағди субханал-лаһи гамма йасифуна» — мағынасы: Алла тағаланың баласы жоқ және бір Алладан басқа Алла жоқ, егер де басқа бір Алла болса, әрқайсысы өзінің жаратқан нәрсесіменен кетер еді де, бірін-бірі жеңер еді, Алла тағала мұндайлардан таза деген.
Енді ойлап қараңыз, егерде Алла екеу болса, бір Алла бір нәрсені бар болсын десе, бір Алла жоқ болсын десе, сол нәрсе бар болар ма еді, яки жоқ болар ма еді? Әлбетте, бірінің айтқаны болмай қалады ғой. Айтқаны болмай қалғаны Алла болуға лайық болмайды. Сол себептен Алла тағаланын жалғыз екені мағлұм болды, егерде біреу серіктесіп жаратады десе, бұл да бос сөз, оның үшін серікке мұқтаж болған соң, оның да Алла болуға лайығы жоқ. Және бір аятта: «инна масала гиса индал-лаһи қамасали адама халаңаһу мин турабин сумма қала лаһу күн фа йакуну». Мағынасы: анық Иса пайғамбарды Алла тағаланың жаратқаны Адам пайғамбарды жаратқанындай, Адам пайғамбарды топырақтан жаратып тұрып, адам бол деп еді, адам болды. Сол сықылды Ғайса пайғамбарды Мариям ананың қарнында бала бол деп еді, бала болды деген. Және бір сөз: Алла тағала пайғамбарларға өзге адамның қолынан келмейтұғын істерді істеуге мұғжиза берген һәм әулиелерге керемет берген, бұлардың себебі бенделеріне тура жолды көрсетуге пайғамбарлардың пайғамбар екеніне дәлел болсын деп, әулиелердің күнәдан тазалығының кәдірін көрсетпек үшін бұлар да бендесіне рахыметі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі