Корейская косметика премиум класса

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Дипломды кез келген оқу орнынан алуға болғанымен, білім мен тәжірибені тек бір жерден ғана алуға болады. Сырттай талдау жасағанда, басқаларға қарағанда осы оқу орнының артықшылықтары, жеткен жетістіктері өте көп. Солардың өзімді ерекше қызықтырған бастыларына тоқталар болсам, біріншіден, бұл университеттің 85 жылға жуық тарихы бар. Ол Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау-көзі болып табылады. Екіншіден, еліміздегі ұлттық статусты иеленген университтердің алдыңғы қатарында тұр. Қарап отырсақ, университет әлемнің жүзден аса ірі оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен тұрақты байланыс орнатқан екен. Бұл да ерекше артықшылық. Үшіншіден, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Ол – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша бірінші орында, мемлекетіміздің тарихында алғашқы болып Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 251-орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды. Міне, университетімнің бүкіл жетістіктерін айта берсек, уақыт жетпес. 

Қазақстанның барлық университеттерін мұқият зерттегенде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі ең үздіктердің бірі болып табылады деген қорытындыға келдім. Университетте аса бағалаған нәрселерімнің бірі – оның қонақжайлылығы, кез келген мәселе бойынша көмектесуге дайындығы. Ұжымы әрқашан Университет тарапынан қолдау таба алатыныңа сендіреді. Мен Қазақ Ұлттық университетіне дұрыс таңдау жасадым деп сенімді түрде айта аламын.

Қытайтану кафедрасы 4 курс шетел филологиясы мамандығы студенті Мухаметжанова Дания
Жетекші Шарыпқазы Н.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×