Жанарбекова Айзере Руслановна
Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін де нашарлата түсті. Өнерпкәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаның тепе-теңдігі бұзылуда. Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйіндегі заттар шығарылып, су, ауа, топырақ сапасын төмендетті. Зиянды затттардың адам тіршілігіне қажетті азық-түліктердің құрамында мөлшерден тыс көп болуының салдарынан адам мен табиғат зардап шегуде. Адам организміне түскен улы заттардың аз мөлшерінің өзі адамнаң басын айналдырып, құстрырып, есінен тандырады. Ал, организмге осындай зиянды заттардың шектен тыс мөлшері түссе тіршілігін жоюы әбден мүмкін. Адамдар осындай жағымсыз салдардан оңай құтылу үшін өзіне және айналасына қамқорлық таныта білуі керек. Қоршаған ортаны ластамай, қоқысын өзінен соң тазалап жүрсе, көбірек сенбіліктер өткізіп, көгалдандыру жүргізсе, орта едәуір тазарып қалады. Сонымен қатар адамның өз денсаулығы үшін жасайтын міндеттемелері бар.
Біріншіден:өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер ұшақтар жұмыс істегенде химиялық зиянды заттар бөліп шығады. Олар қатты, сұйық, газ түрінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен, көл суын қайнатпвай ішуге, жеміс-жейдекті жумай жеуге болмайды.
Екіншіден:тек табиғи заттар қолдану. Мысал ретінде кішкентай полдиэтиленеді алып қарасақ, мұны кәдеге жарату ядролық қарудың қасында түкке тұрғысыз болып көрінеді. Алайда, оны өртеуге болмайды, өйткені одан атмосфераға шығатын зиянды иіс химиялық қарудан кем емес. Өртеу кезінде полиэтиленнен шығатын 80 кг салмақтағы ер азамат бірден өлім құшады. Полиэтилен қалдықтарын көмуге болмайды. Олар жерге ыдырамай, мыңжылдықтар бойы қала береді.
Үшіншіден:зиянды әрекеттерден аулақ болу. Улы заттардың қатарына темекі мен есірткі де жатады. Темекіні жиі тарту өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруларына әкеліп соғады. Есірткі заттыр да қалқа мен өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады.
Міне осылайша көзімізге қарапайым болып, білінбейтін, байқалмайтын нәрселер тек адам ағзасын ғана емес, жұтып отырған ауамызғы дейін улайды. Сөйтіп, біз ағзамызға қандай зиян келіп жатқанын білмейміз. Мұндай зияндықтар болашақта адамзат баласының жоғалып кетуіне де әкелуі мүмкін. Сондықтан да әр адам өзі үшін, өз денсаулығы үшін немесе болашақ ұрпақтары үшін ойланып әрекет етуі керек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі