1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады.
Азамат соғысының салдары экономикалық жағдайға айқын әсер етті. Азамат соғысының шаруашылықтағы ең жарқын және көзге көрінетін салдары Қазақстанның көптеген аудандарын қамтыған қатты ашаршылық болды.
Азамат соғысынан кейін Қазақстандағы ашаршылық өте аз белгілі және әдебиетте іс жүзінде айтылмаған. Жалпы, Egemen Qazaqstan газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысы атап өткен бірнеше мәселенің бірі - 1921-1922 жылдардағы ашаршылық құрбандары санына қатысты нақты ақпараттың жоғын алға тартып, зерттеу жұмысы жүргізілуі керек екенін айтылған.
Қазақстанның көп аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалып қойды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
Азаматтық соғыс кезінде (1917 - 1920) шаруалар табиғи апаттар кезеңінде дәстүрлі түрде жасалған барлық қорларды жоғалтты. Сонымен қатар, осы соғыстың алғашқы күндерінен бастап 1921 жылғы құрғақшылықтан кейін күшейе түскен ашаршылық елде қиыншылықтардан аман өтуге мүмкіндік беретін азық-түлік болмады. Алайда, Солтүстік Қазақстанда ашаршылыққа соғыс коммунизмі кезеңінде нан, ет және басқа да азық-түлік түрлерінің қарқынды түрде сорылуы ықпал етті. Азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру ЖЭС-тің алғашқы жылдарында шаруалар мен көшпенді қазақтардың жағдайын жақсартпады.
Жұт кезеңдерін жиі басынан өткерген қазақ халқы алғаш рет осындай үлкен ауқымдағы аштыққа тап болды. Қазақ көшпелі халқының басым бөлігі аштыққа ұшырады. Жағдай Еділ бойындағы Ашыққан аудандардан босқындардың бақылаусыз ағынымен күрделене түсті. 1921-1922 жж.ашаршылық кезеңінде Қазақстанның кеңестік және партиялық органдары өткізген іс-шаралар аштыққа ұшыраған аудандардың экономикалық жағдайының жақсаруына ықпал етпеді.
Азаматтық қарсыласу жылдары большевиктердің тарапынан елде жүргізілген қатаң әскери коммунизм саясаты, бірыңғай Кеңестік биліктің күшпен орнатылуы және бастапқы кезеңдегі әлеуметтік реформалар қазақ жері үшін оңай болмады. Оның арты халықты нәубетке, қасіретке әкеліп ұрындырды. Ғалым Талас Омарбеков өзінің «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері» атты еңбегінде көп қазақ «қызыл» мен «ақтың» қайсысын қолдау керектігін түсіне алмай, осы аштықта опат болды, міне, қазақ даласында социалистік құрылыс осылай басталды. Сөйтіп, ол қазақ халқының өлігінің және олардың күйзелген қожалықтарының үстіне тұрғызылды, - деп шынайы тарихи баға берген. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіздіктің қадірін бағалап, өткен тарихтан сабақ алуы керек, - деп есептеймін. Ашаршылық құрбандарының аруақтарына бас иіп, тағзым етеміз.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих факультетінің курс студенті Маратова Әлия Төреғалиқызы
Жетекшісі: Тарих ғылымдарының докторы, Профессор Қаражан Қуанышбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі