Өлең, жыр, ақындар

Азаматтық сананың жетілмеуі – қоғамның мұны

Азаматтық сана – тұлғалық көрніс. Өз ұлттына, өз отанына, өз мәдени және ұлттық тамырларына, өз туған мәдениетіне, өз тіліне, өз ұлттық ерекшеліктеріне, болмысы мен жалпыұлттық ынтымақтастықты сыйластықпен қарау керек. Өз Отаннының дамуына ұлес қосатын,казіргі қоғамның дамуына негізгі көрсеткіштердің бірі.

Азаматтық сана- жеке бастың қамын ғана емес, өз елінің қамын ойлап, өз Отаннын отауындай сүйіп,отанды құрметеумен қастерлеу қажет.

Қоғамға, өз қоршаған ортасына ізгілікті, мейрімді, талантты, еңбекқор ретінде қалыптасу қажет.Өзінде бір көрікті мінез болуы қажет.Өз маңында этикалық ортаны қалыптастырады.

Азаматтық сана – жеке адамның қоғамдағы үрдістерге бей-жай қарамай, оған өзінің азаматтық парасаты тұрғысынан қарауы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, адами капиталдың сапасын арттыруда азаматтық санаға тән қасиеттерді бойға сіңірудің маңызы зор болып келеді.

Ал азаматтық сананың жетілмеу нені білдіреді? Қоғамдағы тәртіпті бұзу, ұлттық құндылықтарды жоққа шығару, басқалардың намысың жерге таптау,өзге ұлттарды кемсіту, өз Отанына деген кекшілдік сезім болуы, бұл деңгейдеді адамдар тұлға ретінде қалыптасуы қиын.

Тұлға - өз ойын еркін білдіре алатын, басқаларға, қоғамға кері әсер тигізбейтін, өзгеге қамқор бола алатын адамдарды айтамыз.

“Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында” Қ. ТОҚАЕВ - Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады. Азаматтар өз құқығын біле отырып,қоғамның дамуына үлес қосу қажеттігін білдіреді. Жеке тұлға өзін –өзі танып ғана қоймай өзін жетілдіру керектігін атап өткен болатын. Азаматтық қоғамды және оның институттарын, оның ішінде қоғамдық-саяси салада дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттілікгін атап өтті.

Тілебалды Ақбұлыт, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті.Жетекші ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз