Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға алға қарай ұмтылуға, талпынуға көмектесетін, қазіргі заман мәдениетінде кең қолданылатын ұғым.
Жалпақ тілмен айтқанда, мотивация әр адамға күш беріп, қанаттандыратын сөз. Және ол сан түрлі болуы мүмкін. Себебі, әр адам мотивацияны әр жерден алады. Кей біреулер өзінің үлгі тұтатын адамынан шабыт алып, жігерленсе, енді бірі әке-шешесінен, бауырларынан алады. Әрине, бәріміз білетін әлеуметтік желіден, кітаптан оқитын қанатты сөздеріміз тағы бар. Туған-туысқаның, жақындарың, достарың көрсеткен қолдаудыда мотивация десек артық айтқанымыз болмас. Тіпті, өмір сүруге күш беретін әуендерде осы қатарға жатады. Жалпы айтқанда, мотивацияны адам кез-келген жерден,кез-келген заттан ала алады. Адами мінез-құлықтардыда жақсы жағынан пайдалана біліңіз. Өзгенің жетістіктеріне қызғанып емес қуанып қараңыз. Себебі, тек өзіне сенімді адамдар ғана бұлай жасай алады. Өзгеде болған нәрсе сіздеде болмасына кім кепіл? Бақыт, байлық әр кімге әр уақытта кезігеді. Тек сабырыңыз бен талпынысыңызды жоғалтпаңыз! Және ең бастысы, адам өз өзін жігерлендіре білген дұрыс. Ол үшін міндетті түрде белгілі бір жетістіктерге жету маңызды емес. Маңыздысы, өзіңді жақсы көрсең болғаны. Өзіңді жақсы көруді “эгоизм” деп емес, өзіңе деген сыйластығың деп қара. Мүмкін сонда өмір сүру жеңілірек болады?
Тұрғанбекқызы Әсел
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі