Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп:
— Қарғам, екеуіміздің де тегіміз - құс. Бірақ сендер жуас құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыз жастан әрең асып барып жығыламыз. Бұл қалай? – деп сұрапты.
Сонда қарға:
— Сендер ылғи жемтікті тірідей жеп, қанын ішесіңдер. Біз болсақ, тек өлекселермен ғана күн көреміз, – депті.
Содан кейін бүркіт пен қарға екеуі жемтік іздеуге шығады. Ұшып келе жатып, айдалада жатқан бір жылқының өлексесін көздері шалады.
Іздеген жемі табылған қарға өлексені құшырлана шоқи бастайды. Ұзақ өмір сүруге себепші болар ма екен деген оймен бүркіт те дәм татуға кіріседі. Жемтікті шоқи берген бүркіт кілт шегіншектейді.
— Құрысын, иістеніп кетіпті, өте дәмсіз екен. Жүрегімді айнытты. Мұндайды жеп үш жүз жыл өмір сүргенше, ата-баба салтынан айнымай, отыз-ақ жыл өмір сүргенімнің өзі артық екен, – деп ұша жөнеліпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Жанайым
Тазалық деген жақсы ғой